Сабақ негізделген оқу мақсаты
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Аймақ
Алматы облысы, Алакөл ауданы
Мектеп
Қант зауыты орта мектебі
Пән мұғалімі
Тулегенова Күлмира Сағымбековна (математика)
Сынып және формат
8-сынып • сыныптан тыс сабақ
Тақырып
Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды қолдану
Оқу мақсаты және күтілетін нәтиже
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиеттерін, аудандарын табу формулаларын және периметрлерін есептеу тәсілдерін қайталау арқылы оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Құндылықтар мен дағдылар
- Геометриялық фигуралардың өмірде қолданылуы туралы жеке көзқарастың қалыптасуы.
- Бірлесе жұмыс жасау, жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Формулаларды дұрыс таңдау, дәлелдеу және нәтижені қорғау мәдениетін дамыту.
Сабақтың құрылымы
Басталуы
8 минут- 1 Оқушылар геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
- 2 Таңдалған фигураларға сәйкес мінездемелермен танысады.
- 3 Топтар бір-біріне тілектер айтып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
- 4 Оқушылар ребус шешу арқылы тақырыппен танысады.
- 5 Сабақтың табыс критерийлерін бірлесе анықтайды.
Ортасы
30 минутҚайталау және бекіту
- «Он сұрақ» ойыны арқылы төртбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиеттерін қайталайды.
- «Сәйкестендір» әдісімен суреттегі фигураларға сәйкес формулаларды анықтайды.
- Семантикалық карта арқылы жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін жүйелейді.
Шығармашылық тапсырма
Әр топқа үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар геометриялық фигураларды қолданып, үйдің бейнесін және үй ауласының сызбасын салады.
Сұрақтар:
- Салынған сурет арқылы қандай ой түйдіңдер?
- Геометриялық фигураларды қайда қолданамыз? Мысал келтіріңдер.
RAFT әдісі
Әр топ тақтада ілінген нөмірді таңдап, суретте берілген фигуралардың бірін RAFT әдісі арқылы сипаттайды.
Іс-тәжірибе алаңы
Әр топқа геометриялық фигуралар таратылады. Оқушылар фигуралардың қажетті өлшемдерін алып, ауданын, периметрін және белгісіз элементтерін табады, нәтижесін тақтада қорғайды.
Sinkuein стратегиясы
«Төртбұрыштар» тақырыбы бойынша синквейн (бес жолды өлең) құрастырады.
Аяқталуы
7 минут- «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс алынады.
- Топтар бір-бірін бағалайды; топ бақылаушысының бағалау парағындағы нәтижелер тыңдалады.