Егіз ұғым

Сынып сағатының мазмұны

Бұл материал «Менің Президентім» тақырыбындағы сынып сағатының жоспары мен мәтіндік сүйемелдеуіне арналған. Мақсат — оқушылардың тарихи танымын кеңейту, азаматтық жауапкершілігін күшейту және елжандылыққа баулу.

Мақсаты

  • Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, оның көпқырлы тұлға екенін таныту.
  • Елді еңсе тіктетіп, мемлекетті нығайтқан, халқымызды әлемге танытқан Елбасының азаматтық болмысын меңгерту.
  • Отанды сүюге, елжандылыққа, ел сүйген тұлғадан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Елбасының фотосуреттері
  • Интерактивті тақта
  • Бейнероликтер, слайдтар

Өту барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Психологиялық дайындық
  3. 3 Арнайы репортаж көрсету

Мұғалім сөзі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты халқын сүйетін, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны білмейтін жан жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарияға дейін оның амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні ретінде атап өтуді көздейтін заңға қол қойды. Осыған сәйкес 1 желтоқсан мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енді. Бұл — халқымыз үшін үлкен қуаныш, жетістіктеріміздің бірі.

Ендеше «Менің Президентім» тақырыбына арналған сынып сағатымызды бастайық.

Өлең жолдары

Ел болдық, ерік алдық — астаналы,
Енді кімнен қазақым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Негізгі ұғымдар

Тақтаға «Назарбаев» және «Қазақстан» сөздері ілінеді. Бұл екі сөзді бір-бірінен бөлуге болмайды: егіз ұғым. «Назарбаев» десек — Қазақстанды, «Қазақстан» десек — алдымен Назарбаевты еске аламыз.

1-топ

«Қазақстан» ұғымы бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик).

2-топ

«Назарбаев» ұғымы бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик).

Өлең жолдары

Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді президенттер кезегімен.
Елбасы — Назарбаев — егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Егемен ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуанышты, тағдырлы оқиға, тарихтағы үлкен бетбұрыс. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл — асыл арманның жүзеге асуы.

Осындай тарихи кезеңдерде елді ұйыстырып, мемлекет негізін нығайтуда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі айрықша атап өтіледі.

Сұрақ

«Президент деген кім?»

Сынып соңында оқушылар бұл сұраққа бір сөзбен немесе бір сөйлеммен жауап береді.