Елордамыз қай қала

Тақырыбы

«Қазақстан – менің мақтанышым»

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Көркем әдебиет, тіл дамыту, құрастыру, музыка

Түрі

Кіріктірілген

Мақсаты

  • Қазақстан Республикасының қалалары туралы әңгімелеу.
  • Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Халқына, ұлтына сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу; туған өлкесіне қамқорлықпен, құрметпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу, сұрақ-жауап, өлең оқу, ән айту, құрастыру.

Көрнекіліктер

«Туған өлкем» бұрышы, Қазақстан картасы.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер-Ана,

Сәлем саған, нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.

Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық

Жетелеуші сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінің қай айы?
  • Бүгін нешінші күн?
  • Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Қазақстан — біздің Отанымыз. Еліміз — кең-байтақ, бейбіт, тәуелсіз мемлекет. Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді: қазақ, орыс, неміс, украин және басқа да халықтар.

Тақпақ

Қазақстан — туған өлкем,

Жер бар ма сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

Елорда

Бас қаламыз — Астана.

Тақпақ

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам — өз Ордам,

Сүйсінерім сен ғана.

Мемлекеттік басшылық

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін нақтылау.

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстанның рәміздерін атау: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Ту туралы тақпақ айту (оқушының орындауымен).

Тәуелсіздік туралы ой

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. Осыған орай Қазақстан туралы өлең оқылады.

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, менің елім —

Күн сәулелі Қазақстан!

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша-бауы.

Менің жерім, туған елім —

Күн сәулелі Қазақстан!

Қазақстан картасымен жұмыс

Балалардың алдына Қазақстан Республикасының картасы ұсынылады. Картада еліміздің облыстары мен қалалары, өзен-көлдері, таулары бейнеленген. Балаларға: «Еліміздің қандай қалаларын білесіңдер?» — деген сұрақ қойылады.

Қалалар және ерекшеліктері

  • Астана — Қазақстан Республикасының бас қаласы.
  • Павлодар — көмір өндірісімен белгілі.
  • Қарағанды — үлкен әрі көрікті қала; өндірісімен танымал.
  • Қостанай, Ақтөбе — бидайы мол, ырыс-несібесі мол өңірлер.
  • Орал — Орал тауы орналасқан өлке.
  • Ақтау — балық шаруашылығымен белгілі.

Өңірлер және өнімдер

  • Атырау — мұнайлы өлке.
  • Қызылорда — күріштің отаны.
  • Оңтүстік Қазақстан — мақталы өлке.
  • Алматы — апорт алмасымен әйгілі.
  • Семей — Абай мен Жамбыл сынды даналар туған өңір ретінде танылады.
  • Тараз — өндірісі дамыған, цементімен белгілі өлке.

Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті —

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ.

Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!»

Шарты

Балалар сұрақтарға жылдам жауап беріп, Қазақстанның 14 облысын құрастыруға тырысады.

Үлгі сұрақтар

  • Елордамыз қай қала?
  • Мақтаның отаны қай өңір?
  • Мұнайлы өлке қайсы?
  • Күріш өсірілетін өңір?

Мадақтау: Балалардың белсенділігі мен тапқырлығы атап өтіледі, жауаптары қолпашталады.

Қорытынды

Хор

«Егеменді Қазақстан» (Н. Алғашбаев)

Күтілетін нәтиже — білуі

Өз елінің атын, облыстарды.

Күтілетін нәтиже — игеруі

Әр өңірде не өндірілетінін.

Күтілетін нәтиже — меңгеруі

Отанға, туған жерге сүйіспеншілікті.

Автор

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы.