БекітуСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақтың тақырыбы
Бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өткен тақырыптарды пысықтау және қайталау, білім деңгейін анықтау.
Дамытушылық
Математикалық ойлау қабілетін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Мақсатқа жетуге ұмтылдыру, батырлыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен әдістер
Сабақтың көрнекілігі
- Суреттер, батырлардың портреттері
- Үлестірмелі материалдар
- Ребус, сөзжұмбақ
Сабақтың өту әдісі
- Сұрақ–жауап
- Талдау
- Жинақтау
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ана тілі, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және психологиялық кезең
Бір-бірімізге жылы лебіз тілейік:
- Иманды да, шыншыл болайық!
- Елімізге тыныштық тілейік!
- Деніміз сау болсын!
- Білімді азамат болайық!
- Көк туымыз биік болсын!
Ой қозғау сұрақтары
- •Не үшін оқимыз?
- •Нені оқимыз?
- •Қалай оқимыз?
II. Үй тапсырмасын тексеру
№7. Өрнектердің мәнін тап
| Өрнек | Нәтиже |
|---|---|
| 79 − (19 + 20) | 40 |
| 98 − (20 + 39) | 39 |
| 45 + (46 − 9) | 82 |
| 87 + (56 − 27) | 116 |
| 58 − (50 + 8) | 0 |
| 60 + (33 + 7) | 100 |
Берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте
125 = 100 + 20 + 5
527 = 500 + 20 + 7
978 = 900 + 70 + 8
466 = 400 + 60 + 6
III. Жаңа сабақ: Батырлар және білім
«Балам, сенің бұл халқың батыр халық! Батырлығын жауыңа танытты анық...»
Бүгінгі сабағымызды батырлар тақырыбымен байланыстыра отырып, байтақ жеріміздің қалай аманат болғанын және ата-бабамыздың тәуелсіздікке қандай еңбекпен жеткенін еске түсіреміз.
Бұқар жырау жырлаған батырлар
- Қаракерей Қабанбай
- Қанжығалы Бөгенбай
- Шақшақұлы Жәнібек
- Сіргелі Қара Тілеуке
- Қарақалпақ Қылышбек
- Тігеден шыққан Естенбек
- Райымбек (Үйсін)
- Наурызбай (Шапырашты)
- Құдаменді Жібекбай
- Секербай мен Шүйбекбай
Тақтамен және дәптермен жұмыс
№1. Қысқаша жазбасы бойынша есеп құрастыр және шығар
1-есеп
- Болды: 500 тг
- Жұмсалды: 140 тг және 60 тг
- Қалды: ?
140 + 60 = 200
500 − 200 = 300
Жауабы: 300 тг қалды.
2-есеп
- Болды: 300 тг және 150 тг
- Жұмсалды: ?
- Қалды: 200 тг
300 + 150 = 450
450 − 200 = 250
Жауабы: 250 тг жұмсалды.
Тарихи байланыс: Исатай мен Махамбет
Исатай Өтемісұлы 1836–1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Олар парасаттылығымен, батырлығымен, шыншылдығымен елге үлгі болған.
№2. a мәндері берілгенде, a + 300 өрнегінің мәнін тап
Тарихи тұлға: Амангелді Иманов
Амангелді Иманов — қазақ халқының батыры. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Ол мергендігімен және ержүректігімен танылған.
№4. Теңдік тура болатындай бос орынды толтыр
| Өрнек | Нәтиже |
|---|---|
| 80 + 70 − 136 | 14 |
| 60 + 60 − 100 | 20 |
| 110 − 20 − 40 | 50 |
| 120 − 60 + 10 | 70 |
Ерлік үлгісі: Мәншүк пен Әлия
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова — Кеңес Одағының Батырлары. Олар 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Сергіту сәті
«Жауынгерлер жыры» әні.
Ребус
Тақырып: Кесінді.
№5. Өз бетінше жұмыс (кесінділер)
Ұзындықтары 50 мм және 5 см 2 мм болатын екі кесінді сыз. Олардың бірінен-бірі қанша ұзын екенін анықта.
5 см 2 мм = 52 мм
52 мм − 50 мм = 2 мм
Тәуелсіздік жолындағы ерлік
Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанова — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандар.
№6. Кітап сөрелері туралы есеп
- 1-сөреде: 320 кітап
- 2-сөреде: 400 кітап
- Берілді: 120 кітап
- Қалды: ?
320 + 400 = 720
720 − 120 = 600
Жауабы: сөреде 600 кітап қалуы мүмкін.
Бейбіт кезең батырлары: ғарышкерлер
Тәуелсіздік алғаннан кейін де ел абыройын асқақтатқан батырларымыз бар. Солардың қатарында — Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.
Тоқтар Әубәкіров
1991 жылы сәуірде «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшып, 8 тәулік сапар жасады.
Талғат Мұсабаев
1994 жылы қазақтың екінші ғарышкері ретінде «Союз ТМ-19» кемесімен ұшты. 1996 жылы 29 қаңтарда екінші рет ғарышқа аттанып, «Союз ТМ-27» кемесін басқарды.
Сөзжұмбақ (қорытындылау тапсырмасы)
Көлденеңінен
- Белгісізі бар теңдік.
- Сегіз ондық.
Тігінен
- Жеті ондық.
- Математикалық таңба.
Математикалық санамақ: «Бәрі қанша құс болды?»
Төбеден төрт бөктергі аңдыпты қос кептерді. Шаңқылдаса көп қарға, секем алып бір дауыстан безектеп бес сауысқан. Алты белден асыпты, тым-тырақай қашыпты. Үш үшкі үркіп ұшыпты, тас құлап түсіпті. Жарда жеті жапалақ отырғанда қаталап, топ-топ тоғыз тоқылдақ қарғып кеткен топырлап. Бүйтіп қызық іс болды, бәрі қанша құс болды?
Жауабы: 30 құс.
IV. Сабақты қорыту
Шығармашылық тапсырма
Батырлық туралы мақал-мәтелдер жазу.
Қайталау
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
V. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
№3.
Бағалау
Оқушылардың жұмысына қорытынды баға қою.