Сабаққа назарын аудару. Оқушылармен сәлемдесу

Алгебра, 7-сынып

Сабақтың тақырыбы

Санның 2-ге, 4-ке, 5-ке, 7-ге, 8-ге, 10-ға, 11-ге, 13-ке, 25-ке және 125-ке бөлінгіштік қасиеттері

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны меңгерту және қалыптастыру сабағы

Оқыту әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Берілген натурал санның бөлінгіштік белгілерімен таныстыру және есептер шығаруды үйрету.

Көрнекіліктер

  • Үлестірмелі кеспелер
  • Плакат
  • Формулалар

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Санның соңғы цифрына немесе цифрларының қосындысына қарап, санның 2-ге, 4-ке, 5-ке, 7-ге, 8-ге, 10-ға, 11-ге, 13-ке, 25-ке және 125-ке бөлінетінін ажырата білуге үйрету. Пәнге және ғылымға деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін және ойлау икемділігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік

Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу; білімді, дарынды әрі озық болуға ұмтылдыру.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа назарын аудару

2. Ауызша сұрақтар

Бөлінгіштік белгілерін еске түсіруге арналған қысқа сұрақтар.

  1. 1. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

  2. 2. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

  3. 3. Қандай сандар 3-ке бөлінеді?

  4. 4. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?

  5. 5. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

  6. 6. Қандай сандар 8-ге бөлінеді?

  7. 7. Қандай сандар 4-ке бөлінеді?

  8. 8. Қандай сандар 11-ге бөлінеді?

  9. 9. Қандай сандар 13-ке бөлінеді?

  10. 10. Қандай сандар 7-ге бөлінеді?