Мұхтар ШахановСаматтың жұбайы Айжанармен жекпе - жекЗамана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып

Мұхтар Шаханов

Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе - жек

Замана тұр бөркiн алып ойланып,
Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып?
... Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң
Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Мен қуана тост көтердiм қызға арнап:
- Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ.
Өмip мынау:
Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын,
Қайғысы мен сауығын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгiн, мiне, сенiң туған күнiңдe
Қандай тiлек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тiлер ем мен, бipaқ ол - бiр әңгүдiк,
Есiгiңнен кiргенiмен паң күлiп,
Жүргенiмен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгiлiк.
Бәлкiм, ерлiк тiлер ем мен тамыр алған төзiмнeн,
Ерлiк сезiм бipaқ сенiң табылады өзiңнен,
Онсыз адам жүре ала ма соқпақтар мен жолсызда,
Ал сұлулық тiлер едiм, сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да бүкiл адам аңсаған,
Бүкiл адам сан мың жылдар арман етiп, шаршаған,
Азы жетiп, ал сан мыңы тек елесiн тамсанған,
Кез келгеннiң бақшасында пiспейтiн,
Кез келгеннiң уысына түспейтiн,
Зор махаббат тiлейiншi мен саған,
- Деп едiм.
Tiптi сол сәт ұқпай қалдым себебiн,
Сен орныңнан кенет атып тұрдың да:
- Махаббат жоқ! - деп күрсiндiң, ызғар шашып қабағың.
Мен жүзiңе аң - таң қалып ежiрейе қарадым,
Қарап едiм, жасқа толып кеткен екен жанарың.
- Махаббат жоқ! - дедiң тағы, - ол - әншейiн далбаса,
Ғашықпын деп,
Сүйемiн деп,
Сенем деп,
Адамдардың бipiн - бipi алдайтыны болмаса,
Махаббат жоқ, ол - әншейiн далбаса!
Айтып - айтпай не керек,
Бip кез мен де мына сiңлiм сияқты
Ұяң едiм, сұлу едiм керемет.
Meнiң асқақ сезiмiмнен үмiткер
Аз болмайтын бiздiң жақта жiгiттер.
Қатал - қиқар тағдырынан тек махаббат сұраған,
Махаббатты таппай қойман деп талпынса бip адам,
Ол мен едiм.
Бiрақ бүгiн сол сезiмнен не қалды?
Сондағы үмiт талдан ұшқан жапырақтай жоғалды.
Қазiр момын күйеуiм бар және екi - үш балам бар,
Жағдайым жоқ ештеңеге алаңдар.
Не iшемiн, не киемiн демеймiн,
Мәселесiн шешiп алғам қарын менен көмейдiң.
Мiне, қара, саусақтарым көрiнбейдi алтыннан,
Тек баяғы шат қиял жоқ сан тарапқа шарқ ұрған,
Тек баяғы жiгiттер жоқ тереземдi торыған,
Олардың да бағы алыстау болған шығар сорынан.
Кездескенде жалқау тартқан басын изеп өтедi,
Ұлын epтiп соңынан.
Жылдар бойы алаңдаумен қуатымды сарқыдым,
Босқа шаштым жiгерiмнiң жарқылын.
Жер бетiнде махаббаттың бар екенi шын болса,
Айтшы, кәне, мен нелiктен жолықпадым, жарқыным?
Үндемедiм, тарылғандай кеңiсiм.
Мосқал көpшi жауап бердi мен үшiн.
- Иә, иә, өмiрiңе өкпелiсiң, қарындас,
Оған бipaз себептер бар,
Tipлiктe бip бекеттер бар кiлтiн таппай, алынбас.
Ырық бермес бөгеттер бар не түрлi,
... Алматыдан шыққан жолдың барлығы
Отырарға бастап алып бармайтыны секiлдi.
Өмiрдегi сан салалы жолығу мен жүздесу,
Табысу мен кездесу,
Талпыну мен түйiсу,
Сағыну мен сүйiсу,
Тiптi кейде одан да өзге сезiмдер
Махаббатқа бастап бара алмайтыны белгiлi,
Махаббат ол - жан мен тәннiң тiзе қосқан epлiгi.
Не болды екен сенi мұнша жүдеткен,
Үмiт қайда жүрегiңе гүл еккен?
Сұлулығың кем емес қой Баяннан,
Ақылың да кем түспейдi Жiбектен.
Сенде де бар тым сезiмтал көз, көңiл,
Көңiлi мен көздерiндей өзгенiң.
Айлы кеште саған да айтты ғашығың
Ұлы Абайдың Тоғжанға айтқан сөздерiн.
От боп өртеп ғашықтықтың ықпалы,
Ән қостыңдар...
Жұрт қуана құптады.
Талпындыңдар,
Алқындыңдар, ал бiрақ
Одан Қозы, сенен Баян шықпады.
Heгe бұлай?
Өмiр бақи бұл сұрақ
Өтер, мүмкiн, намысыңды шымшылап.
Қайда жүрсе тек өз әнiн айтатын,
Елiкпейтiн өзге шу мен сарынға,
Қажымайтын қар мен желдiң өтiнде,
Махаббат та ұқсайды ұлы дарынға,
Шын дарындар аз ғой жердiң бетiнде.
Иә, махаббат - қайсар құзды жарып өтер тасты жол,
Махаббатта сезiм ғана ойнамайды басты рөл,
Ұға алмадың сен оны, айнам.
Жеткен жерге талабың мен ақылың,
Ceзiмiң мен батылың,
Қырсыққанда, жетпей қалдыт шыдамың,
Әне, соның кecipiнен қаншама жыл жыладың.
Шыдам жоқта, төзiм жоқта,
Көкiрегiңде көзiң жоқта,
Жүрегiңде ерлiк жоқта қорғай алар шаттығын,
Махаббат та жоқ, күнiм!
Кездер аз ба ой көргендi көз көрер,
Отын өзiң жаға алмаған,
Өзiң iздеп таба алмаған асылды
Таппайды деп неге ойлайсың өзгелер?
Қарашы, әне, мына сiңлiң сияқты
Инабатты, албырт әрi ұятты,
Алаулаған желегi
Соңымыздан асау ұрпақ, арынды ұрпақ келедi.
Оларға пәс болар әлi
Бiзге биiк көpiнeтiн төбелер.
Бiз cүpiнгeн кезеңдерден,
Бiз жүзуге жасқанған өзендерден
Солар жүзiп өтедi деп сене бер.
Бұған күмән келтiруiң азаматтық болмас та.
Бүкiл адам iздегенмен бақыт жолын, бақ жолын,
Ешкiм оңай таба алмайды Абайы мен Тоғжанын.
Өйткенi асқақ азаматтық жоқ жерде,
Қайсар сенiм жоқ жерде,
Махаббат та жоқ, жаным! -?
Ортамызда қалжың айтып бip жiгiт,
Отыр едi қалың жұртты күлдiрiп.
Отыр едi бiзден гөpi сiңлiңе
Жақын, сырлас екендiгiн бiлдiрiп.
- Ал мен таптым Тоғжан сынды пәк жанды, -
дедi ол масаң дiрiл қосып сөзiне.
- Өзiң Абай болмаған соң,
Мазалама Тоғжанды, - дедi сiңлiң жас үйiрiп көзiне...-?



Ұқсас жұмыстар

О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар
Шерменде дәуір шежірешісі
Туған жер-алтын бесігім. Отты жылдар мәңгі есте
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Абай - лирик ақын
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Ғ. Мүсірепов және ақын – жазушылар шеберлігі мәселесі
ҚАЛАМ ҚҰДІРЕТІ
Тарихи аңыздарды оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету