Талшық түрлері
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Былғарымен жұмыс (презентациямен)
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдістері
- Сарамандық жұмыс
- Топтық әдіс
- Түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Сәндік-қолданбалы өнердің «былғарымен жұмыс» бөлімі бойынша оқушылардың білімін қорытындылау және жүйелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Панно түрлері
- Нұсқау карта
- Интерактивті тақта
Міндеттері
1) Жаңа бұйымды жобалау және әсемдеу
Күнделікті тұрмыста қажет, заман талабына сай теріден жаңа бұйым жасаудың жолдарын түсіндіру. Халық қолөнерін жандандырып, жаңа дизайн талаптарына сай бұйымдарды көркемдеп безендіруге үйрету.
2) Ептілік пен шығармашылықты дамыту
Оқушылардың жұмыс орындаудағы ептілігін, эстетикалық талғамын, шеберлікке ынтасын арттыру; өз бетінше әрекет ете білуін және шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Ұқыптылық пен талап қою мәдениеті
Шығармашылықпен жұмыс жүргізуге, орындау барысында ұқыпты болуға және сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру бөлімі
- 2 Үй тапсырмасын тексеру
- 3 Жаңа материалды меңгерту
- 4 Практикалық кезең
- 5 Үй тапсырмасын беру
- 6 Сабақты қорытындылау
- 7 Бағалау
Ескерту
Практикалық жұмысқа кіріспес бұрын техника қауіпсіздігі ережелері міндетті түрде еске түсіріледі.
Үй тапсырмасын тексеру: «Ойлан тап»
Жұмбақтар
1) Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. Әлемді он сегіз мың киіндіріп, дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
Жауабы: ине
2) Екі семсер айқасқан, оқта-текте шайқасқан.
Жауабы: қайшы
3) Естіртпе деп ине-жіптің күңкілін, бүтіндейді қағаз-кітап жыртығын.
Жауабы: желім
Жаңа сабақ: Былғарымен жұмыс
Сөзжұмбақ
- 1. Талшық түрлері.
- 2. Қалыңдықтың бас киімі.
- 3. Киіз үй жабдығы.
- 4. Қол тігіс түрі.
- 5. Киім түрі.
- 6. Жерге төселетін қалың төсеніш.
- 7. Табиғи талшық түрі.
- 8. Қой жүнінен жасалатын зат.
- 9. Тоқыма айқаспаларының түрі.
- 10. Үй жиһазы.
- 11. Жан-жануар тектес ою-өрнек түрі.
Жауаптары
- 1)Табиғи
- 2)Сәукеле
- 3)Уық
- 4)Жөрмеу
- 5)Белдемше
- 6)Сырмақ
- 7)Жібек
- 8)Киіз
- 9)Сәтендік
- 10)Кілем
- 11)Ботакөз
Ребус
Ребустың жауабы: Шебер
Қорытынды
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың былғарымен жұмыс бойынша білімдері жинақталып, негізгі ұғымдар мен тәсілдер қайталанады. Практикалық кезеңдегі жұмыс сапасы мен орындалу мәдениетіне назар аударылады.
Бағалау
Бағалау барысында орындау дәлдігі, ұқыптылық, эстетикалық шешім, қауіпсіздік ережелерін сақтау және шығармашылық көзқарас ескеріледі.