Атамекенің - алтын ұяң

Сабақ жоспары (7-сынып)

«Өзін-өзі тану» пәніне арналған сабақ жоспары. Тақырып оқушылардың ғалам, жаратылыс және адам болмысы туралы түсінігін кеңейтіп, табиғатқа ізгі қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған.

Тақырыбы

Ғаламшар ғажаптары

Құндылық

Қиянат жасамау

Қасиеттер

  • Мәдени мұраны құрметтеу
  • Қоғам мүлкіне қамқорлық жасау

Мақсаты

Оқушыларға ғаламның құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері

  • Болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қоршаған ортаға жасампаз көзқарасты дамыту.
  • Табиғатқа ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, жылы атмосфера қалыптастыру.

2) Тыныштық сәті

Ішкі тыныштыққа келу, табиғатпен үйлесімді сезіну.

3) Жағымды жағдай туғызу

Оқушыларды шынайы әсерге бағыттайтын қысқа елестету жаттығуы.

Тыныштық сәті: елестету жаттығуы

Оқушыға табиғаттың әсемдігін сезінуге көмектесетін бағытталған мәтін.

Табиғаттың ең көркем жерінде жүргеніңізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шөптің үстімен жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп аяғыңызды нәзік сипағандай сезіледі. Күн сәулесі жер бетін жылытып тұр. Сіз гүлдің, шөптің және балдың хош иісін сезесіз. Өзеннің сылдыры мен көңілді құстардың әнін естисіз...

Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық. Табиғат — анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күнге жайып, көк аспаннан төгілген жылы сәулені сезініңіз. Енді көзімізді ақырын ашып, қолымызды жан-жаққа созып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш сыйлаған табиғат-анаға алғыс айтайық.

Үй тапсырмасын тексеру

Ұ. Доспанбетов — «Ғарыш әні».

Автор адамның ғарышпен байланысын қандай тәсіл арқылы көрсетеді?

«Ғарыш әні» қандай болуы керек деп ойлайсың?

Айналамыздағы әсемдікті сезінуге саған не көмектеседі?

Қоршаған ортадан сұлулықты көрмейтін адамдар болуы мүмкін бе?

Адам сұлулықты сезіну үшін не істеуі керек?

Дәйексөз

«Ғаламның ғажайып сыры — адамда».

— Чарльз Дьюк

Мұғалім сыйы: ой-толғау

Әр адамға туған жері, Отаны, туып-өскен өлкесі қымбат. Сәби дүниеге келген сәттен бастап бұл мекен оған ыстық, тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.

Егер сен оқу немесе жұмыс бабымен туған жеріңнен жыраққа кетсең, Атамекеніңді ұмытпайсың, жүрегіңде сақтайсың. Кейде бір-ақ күннің ішінде-ақ сағыныш сезімі оянады. Бұл — көптеген адамға ортақ сезім.

Атамекенің — алтын ұяң. Ол алтыннан да қымбат.

Мәлімет

Мектебі
Қаракөл орта мектебі
Пән мұғалімі
Суатова Тогжан Болатовна

Материал: «Ғаламшар ғажаптары» (жүктеу үшін мектеп платформасын/сынып чатындағы сілтемені пайдаланыңыз).