Жеті байлықты ата
Мақсаты
Оқушыларды ойын арқылы ойландыру, қазақ халқының мол мұрасымен сусындату.
Ой-өрісін кеңейту, тілдік дағдыларын дамыту.
Командада жұмыс істеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты екі топқа бөлу (әр топта 10 оқушы).
- Әр топтан басшы (капитан) сайлау.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
1-конкурс
Өзін-өзі таныстыруӘр топ өзінің ұранын және мақсатын таныстырады.
2-конкурс
«Кім жылдам?» ойыныЖүргізуші сөзі
Қайсысы күйші, қайсысы биші — Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам — Таланттарын табайық.
Әр топ бір-біріне өз жаңылтпаштарын айтады. Тапсырма: жаңылтпашты дұрыс әрі жылдам айту.
3-конкурс
Капитандар сайысыӘр топтың капитаны ортаға шығып, сұрақтарға жауап береді:
- 1-топ: Жеті қазынаны ата.
- 2-топ: Жеті байлықты ата.
4-конкурс
Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ»Ойынның мақсаты
Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарының қойылуын және қолданылатын орнын ажырата білу. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
Шарты
Жүргізуші орамалды кез келген оқушының алдына тастап, «кім?» немесе «не?» сұрағының бірін айтады. Оқушы сол сұраққа жауап беретін сөзді атайды. Келесі оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
5-конкурс
ТестПлакаттарға сөздер жазылып ілінеді. Әр топ өзіне арналған плакаттағы тапсырмаларды орындайды.
1) Жемістер
Жемістердің атын білдіретін сөздерді белгіле:
2) Жер-су атаулары
Жер-су аттарын білдіретін сөздерді белгіле:
3) Заттың атауы
Заттың атын білдіретін сөздерді белгіле:
6-конкурс
Сөйлемдерді дұрыс құрастыру1-топ
- Мал өріске жайылды.
- Құс бұтақта отыр.
2-топ
- Асқар сабақ оқыды.
- Мен үйді жинадым.
7-конкурс
«Жорға» сұрақтарыЕкі топқа кезекпен сұрақтар қойылады.
-
Жеті атаны ата.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
-
Оқушының алғашқы кітабы.
Әліппе.
-
Мемлекетіміздің астанасы.
Астана қаласы.
-
Төрт түлікті атаңдар.
Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі.
-
Төрт түліктің пірлерін ата.
Жылқы — Қамбар ата, сиыр — Зеңгі баба, түйе — Ойсыл қара, қой — Шопан ата, ешкі — Сексек ата.
-
Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ және т.б.
-
Жеті күнді ата.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері.
Тоқтар Әубәкіров.
8-конкурс
Көрермендермен ойынӘділқазылар ұпайларды есептеп жатқан кезде, көрермендерге иллюстрациялар көрсетіледі. Тапсырма: сурет қай ертегіге қатысты екенін табу.
Ертегілер тізімі
- Бауырсақ
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
- Екі жалқау
- Түлкі мен ешкі
Жүргізушіге ескерту
Иллюстрацияларды кезекпен көрсетіп, жауаптарды қол көтеру немесе ауызша айту арқылы қабылдауға болады.
III. Қорытынды
Әділқазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпай санын жариялайды, жеңімпаздарды анықтайды және әр топқа тиісті сыйлықтарды табыстайды.