Атмосфералық қысымды өлшеу

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қысым

Сабақ тақырыбы: Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9 — атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеу әдістерін ұсыну.

Алдыңғы білім

Қысымның қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда таралуы. Паскаль заңы.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін

  • Ауа қабаттарын ажыратады.
  • Атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін

  • Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін түсінеді және қолданады.

Кейбір оқушылар үшін

  • Атмосфералық қысымға мысал келтіріп, есептер шығара алады.

Бағалау критерийлері

  • Атмосфералық қысымның табиғатын түсінеді.
  • Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін сипаттайды.
  • Алған білімін өмірмен және техникамен байланыстырып түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар меңгереді

Атмосфералық қысымның табиғаты мен оны өлшеу әдістерін түсіндіру кезінде физикалық терминдерді орынды қолданып, нақты сөйлей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Тропосфера Стратосфера Мезосфера Термосфера Атмосфералық қысым Торричелли тәжірибесі

Құндылықтарға баулу

  • Ғылыми дүниетанымды кеңейту.
  • Алған білімді өмірде және техникада қолдана білу.
  • Өз бетінше іздену дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

География

Ауа қабаттарының таралуы.

Математика

Есептер шығару.

Биология

Атмосфералық қысымның адам денсаулығына әсері.

Сабақ барысы

Топқа бөлу

3 минут

Суреттерді таңдау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ: қысымның қатты денелерде таралуы
  • 2-топ: қысымның сұйықтарда таралуы
  • 3-топ: қысымның газдарда таралуы

Ширату жаттығуы: «Біз қалай тыныс аламыз?»

1) Тыныс алу

Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы төмендейді. Ол атмосфералық қысымға қарағанда аз болады. Нәтижесінде ауа өкпеге енеді.

2) Тыныс шығару

Диафрагма өкпені қысады, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы артайды. Ол атмосфералық қысымға қарағанда көп болады. Нәтижесінде ауа өкпеден сыртқа шығады.

Ой қозғау

2 минут
  • Суретшінің қателігін табыңыз.
  • Осы суреттен қандай қорытынды жасауға болады?

1-тапсырма: «Сәйкесін тап»

Суреттегі денелердің орналасуын атмосфера қабаттарымен сәйкестендіріңіз.

Бағалау

«Смайликтер» әдісі.

Кері байланыс

  • Қызыл: ештеңе түсінбедім.
  • Сары: әлі де түсініксіз тұстар бар.
  • Жасыл: бәрі түсінікті.

2-тапсырма: Неліктен атмосфералық қысымды сезбейміз?

Адам денесіне ауа қысым түсіреді. Ауаның салмағы жүк тиелген КАМАЗ көлігінің салмағына тең деп есептейік. Оның массасы 10 тонна. Сонда неліктен адам атмосфералық қысымды сезбейді?

Бағалау

«Өзін-өзі бағалау баспалдағы».

Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты»

  • Плюс: оң әсер еткен фактілер мен алған білімдер.
  • Минус: түсініксіз немесе қиын болған тұстар.
  • Қызықты: қызықтырған ойлар немесе көбірек білгісі келетін тақырыптар.

Мәлімет

Мектеп

№15 орта мектебі

Мұғалім

Сарманова Салима Сериковна

Тақырып: Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу