Көбейту кестесін толықтыр
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні
- Математика (3-сынып)
- Тақырыбы
- 4-ке көбейту және бөлу
- Сабақ типі
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Өтетін орны
- Компьютер кабинеті
- Әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, түрлі ойындар
- Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта, кестелер, сызбалар, оқулық
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, дүниетану, музыка
Сабақтың мақсаттары
-
1
Оқушыларға санды 4-ке көбейту және 4-ке бөлу тәсілдерін түсіндіру.
-
2
Математикалық сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлауын, тапсырма орындау біліктілігін және ізденушілік қабілетін дамыту.
-
3
Тапқырлыққа, байқағыштыққа, ой ұшқырлығына, белсенділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Негізгі идея
4-ке көбейту — төртті қайта-қайта қосу, ал 4-ке бөлу — санды төрт тең бөлікке бөлу. Көбейту мен бөлудің байланысын түсіну — кестені тез меңгерудің кілті.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспе өлең жолдары:
Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы — деп дараланып,
Математика — қызыққа тоймайтұғын.
Сабаққа дайындық
- Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
- Назарын сабаққа шоғырландыру.
- Жұмыс қарқынын белгілеу.
Психологиялық дайындық (тренинг)
Мұғалім: Әрбір адам — досым, сыныптасым.
Оқушылар: Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену.
Мұғалім: Әрбір ісің — тіршілік, адамдық.
Оқушылар: Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Кіріспе әңгіме
Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толады. Бүгінгі математика сабағындағы еңбегіміз бен жетістігіміз — осы мерейлі мерекеге қосылған үлес.
Сұрақ: Отанға деген ыстық ықыласты қалай білдіруге болады? («Менің Қазақстаным» өлеңінен шумақ оқу ұсынылады.)
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйде 2 мен 3-ке көбейту және бөлу кестесін жаттап келу тапсырылған. Енді қысқа тексеру жұмысы жүргізіледі: мұғалім көрсеткен қима қағаздардағы тапсырмаларға ауызша жауап беріледі.
«Кім тапқыр?» ойыны
Карточкамен жұмыс: 24 : 3 және ұқсас тапсырмалар.
Қызықты тапсырмалар
- Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының жалпы саны — 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
- Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
- Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің жалпы саны — 10. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұруы мүмкін?
«Артық санды тап» және заңдылықты анықтау
Қатар 1
2 4 5 6 8 9 10 12 14 15 16 18 20
Қатар 2
3 6 9 10 12 15 18 19 21 24 27 28 30
Қатар 3
8 12 16 20 24 28 32 33 36 40
Талқылау: Бұл қатарларда қандай заңдылық байқалады? Қай сан «артық» болуы мүмкін, неге?
Дәптермен жұмыс: көркем жазу
Тізбек 1
104 108 112 116 120 128 132
Тізбек 2
210 214 222 230
Тізбек 3
140 136 132 124 116 112 104
Сұрақ: Әр тізбекте қандай заңдылық бар?
3) Жаңа сабақ: 4-ке көбейту және бөлу
Бағыттаушы сұрақтар
- Санды 4-ке көбейткенде қандай өзгеріс болады?
- Санды 4-ке бөлгенде қандай мағына шығады?
- Көбейту мен бөлудің өзара байланысын қалай дәлелдеуге болады?
Көбейту кестесін толықтыру (тақтамен жұмыс)
Есептеу және орын алмастыру қасиеті
- 4 × 4 = 16
- 5 × 4 = 20 | 4 × 5 = 20
- 6 × 4 = 24 | 4 × 6 = 24
- 7 × 4 = 28 | 4 × 7 = 28
Қайталанған қосу арқылы түсіндіру
- 4 × 4 = 4 + 4 + 4 + 4
- 4 × 5 = 4 + 4 + 4 + 4 + 4
- 4 × 6 = 4 + 4 + 4 + 4 + 4 + 4
Оқушылар өздері келесі мысалдарды жалғастырады.
Есте сақтаймыз: бөлу — кері амал
16 : 4 = 4
Себебі: 4 × 4 = 16
20 : 4 = 5
Себебі: 5 × 4 = 20
24 : 4 = 6
Себебі: 6 × 4 = 24
28 : 4 = 7
Себебі: 7 × 4 = 28
32 : 4 = 8
Себебі: 8 × 4 = 32
36 : 4 = 9
Себебі: 9 × 4 = 36
40 : 4 = 10
Себебі: 10 × 4 = 40
Логикалық есептер
- Ағаш басында 3 торғай отыр еді. Тағы олардан 4 есе көп торғай келіп қонды. Ағашта барлығы неше торғай болды?
- Алма ағашында 4 алма өсіп тұр. Өрік ағашында алмадан 3 есе көп өрік өсіп тұр. Барлығы неше жеміс өсіп тұр?
- Ұланға 8 дәптер берілді. Азаматқа одан 2 есе кем дәптер берілді. Азамат қанша дәптер алды?
- Анасы ұлына 20 теңге берді, ал қызына одан 4 есе кем берді. Қызына қанша теңге берді?
4) Сергіту сәті
Хормен оқу, қайталау:
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1, 2, 3. 1, 2, 3.
Жинап алдық міне күш!
5) Оқулықпен жұмыс және тәрбиелік мән
Жаттығулар
- №4, №5: бос орынға тиісті сандарды қою.
- №6: жұппен жұмыс — кестені толтыру.
- Есепті талдау: қысқаша шартын құру, дәптерге жазу (тақтада 1 оқушы орындайды).
Тәрбие сәті
Тәрбиелі, үлгілі, талапты және әдепті болу — Тәуелсіздіктің мерейлі 20 жылдығына қосқан шынайы үлес. Дамыған елде білім алып, өсіп келе жатқан сендер — бақытты ұрпақсыңдар.
№7: Талқылау
«Дәмханада өзіңді қалай ұстайсың? Қалай дұрыс тамақтану керек?»
№9: Геометриялық тапсырмалар
A)
Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрін тап.
B)
Периметрі 24 см, 32 см, 28 см шаршылардың қабырғаларының ұзындығын тап.
6) «Сиқырлы сөз» ойыны
Оқушылар өрнектердің мәнін табады да, жақшадағы әріптер бойынша «сиқырлы сөзді» құрастырады.
(80 − 48) : 4 = (Р)
34 + 9 × 4 = (Х)
70 − 18 : 2 = (А)
7 × 4 − 28 : 4 = (А)
9 × 4 − 28 = (М)
5 × 4 − 16 : 4 = (Т)
7) Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау
- 4-ке көбейту кестесін қайталау.
- Көбейту мен бөлудің кері амал екенін бекіту.
- Қиындық туғызған тұстарды нақтылау.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша белсенділік, дәлдік, түсіндіру қабілеті және тапсырманы орындау сапасы ескеріледі.
Үй тапсырмасы
4-ке көбейту және бөлу кестесін қайталау, оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау.