Алғаш фран

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Құлсары балалар өнер мектебі

Мұғалім

Кескіндеме пәнінің мұғалімі Елтезерова Нұргүл Қадірқызы

Пәні

Кескіндеме

Сыныбы

3 «А» сынып

Сабақтың түрі

Нәрсеге қарап сурет салу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін стильдеу амалын композиция заңдылықтарымен ұштастыра қолдану.

Дамытушылық

Қиялын, ойлау қабілетін және көркемдік пайымын дамыту.

Тәрбиелік

Ізденіске, ұқыптылыққа және жұмысты жауапкершілікпен аяқтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекілігі

  • Плакаттар
  • Суреттер
  • Кітаптар
  • Мультимедиялық тақта
  • Проектор

Құрал-жабдықтар

Қағаз A3 Гуашь Акварель Маркер Қарындаш Өшіргіш Палитра Балауыз шам Майлы қарындаштар Үтік

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындығын тексеру.

2) Өткен сабақтарды қайталау

8 минут

Қайталау сұрақтары

  1. 1

    Сабағымыздың тақырыбы қандай?

    Натюрморт жанрындағы шығармашылық композиция.

  2. 2

    Берілген тапсырма қандай?

    Түсі мен формасы әртүрлі заттардан құралған тақырыптық натюрморттың этюдін орындау.

  3. 3

    Мақсат қандай? Әдеттегі тапсырмалардан айырмашылығы бар ма?

    Натюрмортты стильдеу әдісімен (немесе басқа тәсілдермен) әртүрлі техникада бейнелеу.

  4. 4

    Стильдеу дегеніміз не?

    Стильдеу — затты әсірелеп бейнелеу: пішінін, түрін, түсін өзгерте отырып, оның түпкі болмысын сақтап қалу.

  5. 5

    «Стиль» сөзінің мағынасы қандай? Қай салаларда кездеседі?

    «Стиль» ұғымының ғылымда бірнеше түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда «жазу желісі» деген мағына береді. Өнердің көптеген саласында қолданылады: музыка, би, кино, театр және бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде.

3) Тәжірибелік кезең

20 минут

Оқушылар өткен сабақта бастаған жұмыстарын аяқтайды. Әр оқушы натюрмортты әртүрлі стильде және әртүрлі техникада орындайды. Мысалы: энкаустика, пуантилизм, кубизм, абстракционизм, декор және т.б.

Тапсырма талабы

Әр оқушы өзі таңдаған әдіс туралы қысқаша түсінік береді: қандай белгісіне сүйенді, қандай тәсіл қолданды, стильдеу қай тұста көрінеді.

4) Сабақты бекіту

10 минут

Ойын: «Супер лото»

Әр оқушыға лотерея билеті таратылады. Сыйлық қойылады. Қоржыннан нөмір суырылып, сұрақ қойылады. Оқушы жауап берсе — сыйлықты ұтады; жауап бере алмаса — сыйлық келесі тиражға қалады.

Сұрақтар

1) «Декор» сөзінің мағынасы қандай?
Декор — латынша «сәндеу» деген мағына береді.
2) Стилизация дегеніміз не?
Стилизация — нәрсені әсірелеп бейнелеу: пішінін, түрін, түсін өзгерте отырып, оның түпкі болмысын сақтау.
3) Пуантилизм дегеніміз не?
Пуантилизм — француз тіліндегі «пуант» (нүкте) сөзінен шығады: «нүктемен жазамын» деген ұғым береді. Бұл әдісті алғаш кең қолданған суретші — Жорж Сера (1859–1891).
4) Кубизм дегеніміз не?
Кубизм — французша «төртбұрыш/куб» ұғымымен байланысты: бейнені геометриялық пішіндерге ұқсатып беру. Алғашқы кубист суретшілердің бірі — Пабло Пикассо (1881–1973).

Сұрақтар (жалғасы)

5) Абстракционизм дегеніміз не?
Абстракционизм — латынша «кесемін, жоямын» ұғымымен байланысты; шынайы бейнелеуден бас тартып, көріністі геометриялық пішін, өрнек, түс, дақ, рең арқылы беру тәсілі. Алғаш абстракционист ретінде Василий Кандинский (1866–1944) аталады.
6) Қазақ халқында стильдеу әдісі қашан дамыған?
Стильдеу әдісі халқымызда ерте заманнан қолданылған. Бұған дәлел — ою-өрнек мәдениеті: өсімдік тектес, жануар тектес, геометриялық және космогониялық өрнектердің көпшілігі стильдеу арқылы бейнеленген.
7) Реализм дегеніміз не?
Реализм — латынша «шынайы» деген мағына береді: өмірді, қоршаған ортаны бүкпесіз, нақты бейнелеу. Мысал ретінде Әбілхан Қастеевті (1904–1973) атауға болады.
Суперойын: Энкаустика дегеніміз не?
Энкаустика — грекше «күйдіру, еріту» деген мағына береді. Бұл тәсілді алғаш қолданғандардың бірі — Ежелгі Египет суретшілері.

5) Бағалау және қорытынды

5 минут

Оқушылардың жұмыстары тізбектеле қойылып, шағын көрме ұйымдастырылады. Әр оқушы өз жұмысына қысқаша пікір білдіреді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың еңбегі ескеріліп, бағаланады.

Түйін ой

Сабақтың идеясы халқымыздың «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген мақалымен үндес: әркім өз тәсілін таба алады. Дегенмен, заттың өз болмысын және шынайылықты ұмытпайық.