Алғырлар тобына сұрақтар
Тақырыбы: «Күш — білімде»
Мақсаты
- Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
- Ой ұшқырлығын байқату, жылдам әрі нақты жауап беруге баулу.
- Топпен бірлесе жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
- Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар, сондай-ақ сайысқа қатысушы оқушылар! Ш. Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» — деген. Ал Қ. Сәтбаев: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана ірі қайраткер дәрежесіне көтеріледі» — деп атап өткен.
Ендеше еліміздің болашағы — білімді жастар. Сол білімді жастардың қатарын болашақта сендер толықтырасыңдар. Осы мақсатпен 4-сыныптар апталығы аясында 4-сынып оқушылары арасында «Күш — білімде» атты интеллектуалдық сайыс өткізілмек.
Ұйымдастыру
Топтарға бөліну
Ойыншылар екі топқа бөлінеді:
- I топ — «Алғырлар» (6 сайыскер). Топ басшысы: Теңелгенова Зарина.
- II топ — «Тапқырлар» (6 сайыскер). Топ басшысы: Смағұлов Мирас.
Топтардың сәлемдесуі
I топ — «Алғырлар»
Бастары компьютердей, Бойлары бәрі бірдей. Балалықты бірге өткізген, Тапқырларға бір сәлем!
II топ — «Тапқырлар»
Келешекке үмітпен қарар, Атақ-даңққа бөленер. Сегіз қырлы ойшылдар, Алғырларға бір сәлем!
Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамыз. (Аты-жөні алдын ала толтырылады.)
Сайыс құрылымы: 5 кезең
1-кезең: «Бәйге»
10 сұрақ. Тез және нақты жауап. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.
2-кезең: «Тіл өнері»
Жұмбақты шешіп, жауабын орыс тіліне аудару. Әр дұрыс жауапқа — 2 ұпай.
3-кезең: «Жеті жұмбақ»
Әр пән бойынша 7 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа — 3 ұпай.
4-кезең: «Ұшқыр ой»
«Сайыскерлер» сөзінен 1 минутта мүмкіндігінше көп сөз құрау. Жеңімпаз топқа — 4 ұпай.
5-кезең: «Сын сағаты»
Топ басшыларға 10 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.
Әр кезеңнің шарты ойын барысында еске салынып отырады. Ендеше білімге деген құштарлықты дәлелдейтін алғашқы кезең — «Бәйге» сайысын бастаймыз.
1-кезең: «Бәйге» сұрақтары
«Алғырлар» тобы
- Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады?
- «Қара-көк» сын есімнің қай түрі?
- Тіктөртбұрыштың ұзындығын еніне көбейту арқылы нені табамыз?
- 10-ның кубы нешеге тең?
- Дені сау адамның тамыр соғысы қанша?
- Жалғауы жоқ септік?
- «Әлсін-әлсін» қандай қос сөз?
- 3845 санында неше мыңдық бірлік бар?
- «Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар?
- –да, –де, –та, –те қай септік жалғаулары?
«Тапқырлар» тобы
- Ауа қоспасында ең көп таралған газ?
- 109699 санынан кейінгі санды тап.
- «Жетім» әңгімесінің авторы кім?
- Сөз мағынасын өзгертетін қосымша?
- «Әдемі» сөзінің мағынасы қандай?
- Абайдың анасы кім?
- «Әке-шеше» сөзі қандай қос сөз?
- –нан, –нен, –дан, –ден, –тан, –тен қай септік жалғаулары?
- «Жұмысшылар» сөзінде неше буын бар?
- 4-тің кубы нешеге тең?
2-кезең: «Тіл өнері»
Мемлекеттік тілмен қатар сендер орыс тілін де меңгеріп жүрсіңдер. Орыс тілі — ұлтаралық тіл, үйренудің пайдасы көп. Қазір әр топқа 4 жұмбақ оқылады: шешуін табасыңдар және жауабын орыс тіліне аударасыңдар. Топ мүшелері бір-біріне көмектеседі. Әр дұрыс жауапқа — 2 ұпай.
«Алғырлар» тобына жұмбақтар
-
Білімнен мол сый асы, Балғындардың ұясы.
Жауабы: мектеп — школа
-
Ұшып-қонып тынбайды, Суға салсаң батпайды, Жерге соқсаң сынбайды, Түскен жерге жатпайды.
Жауабы: доп — мяч
-
Алыстан қарасаң аппақ, Татып көрсең тәтті-ақ.
Жауабы: қант — сахар
-
Аузы бейне шалғы-орақ, Шөп емес, бірақ мал орады.
Жауабы: қасқыр — волк
«Тапқырлар» тобына жұмбақтар
-
Өзі таудың бөктерінде өседі, Жаңа жылда үй төріне көшеді.
Жауабы: шырша — елка
-
Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады.
Жауабы: сабын — мыло
-
Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ.
Жауабы: тұз — соль
-
Мұртымен туады, Мұртын күнде жуады.
Жауабы: мысық — кошка
3-кезең: «Жеті жұмбақ»
Бұл кезеңде әр пән бойынша 7 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа — 3 ұпай.
«Алғырлар» тобына сұрақтар
- «Батырлар жыры» дегеніміз не?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
- Бірдей 4 жәшікте 80 кг жүзім бар. 100 кг жүзімді салу үшін осындай неше жәшік керек?
- Пайдалы қазба дегеніміз не? (Мысал келтір.)
- Табиғи материалдарға нелер жатады?
- Что такое имя числительное?
- Жеңіл атлетика дегенді қалай түсінесіңдер?
«Тапқырлар» тобына сұрақтар
- Эпостық жырлар дегеніміз не?
- «Қарындаш» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелде.
- Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10 м, ал ені одан 2 м кем. Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
- Тау жыныстары дегеніміз не? (Мысал келтір.)
- Икебана дегеніміз не?
- Что такое местоимение?
- Ұлттық ойын түрлеріне қандай ойындар жатады?
4-кезең: «Ұшқыр ой»
Тапсырма
«Сайыскерлер» сөзінен 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сөз құрап жазыңдар.
Бағалау
Ең көп сөз жазған топқа 4 ұпай беріледі.
Нәтиже
Жазылған сөздер оқылады және саны есептеледі.
5-кезең: «Сын сағаты»
Бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі. Әр топ басшысына 10 сұрақ қойылады. Жауап жылдам берілуі тиіс. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.
«Алғырлар» тобының топ басшысына
- 3-тің кубы нешеге тең?
- Қораптың ұзындығы 9 см, ені 5 см, биіктігі 2 см. Көлемін тап.
- Квадраттың периметрі 20 см. Бір қабырғасы неше сантиметр?
- «Оқушының» сөзінің түбірін тап.
- 1 тоннада неше килограмм бар?
- Заттың санын білдіретін сөз табы қайсы?
- Барыс септігінің жалғауларын ата.
- Абылайдың шын есімі қандай?
- Ұя салмайтын құс.
- 1 жылда неше ай бар?
«Тапқырлар» тобының топ басшысына
- Әнұранның авторлары кімдер?
- Күндіз көрмейтін құс.
- Жер бетінде неше материк бар?
- «Білімді» сөзінің түбірін тап.
- 81 санының квадраты нешеге тең?
- Заттың қимылын білдіретін сөз табы қайсы?
- Ілік септігінің жалғауларын ата.
- Адам денесінің тірегі не?
- Текшенің бір қабырғасы 3 см. Көлемін тап.
- Қабанбай батырдың шын есімі қандай?
Қорытынды
Осымен 5 кезеңнен тұратын сайысымыз өз мәресіне жетті. Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін және оқуға деген құштарлығын арттыратын осындай зияткерлік сайыстар көбейе берсін.
Енді сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Марапаттау
- Ұпай саны есептеледі.
- Жеңімпаз топ анықталады.
- Марапаттау рәсімі өткізіледі.