Пәнаралық байланыстар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл материал 3-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша «Сәулет өнері» бөліміне кіреді. Сабақ тақырыбы: Ермек Өтетілеуов — «Мақтанышым – Астанам». Сабақ барысында оқушылар өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды, Астана жайлы ой бөліседі және фотосуреттерді пайдаланып шығармашылық жұмыс орындайды.

3-сынып Әдебиеттік оқу Сәулет өнері Шығармашылық жұмыс

Оқу мақсаттары

  • Шығармашылық жұмысты сурет түрінде ұсыну; мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып шығармашылық жұмыс жазу.
  • Шығарманы дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу.

Бағалау критерийлері

Оқу дағдысы

Өлеңді қатесіз, түсініп, мәнерлеп оқиды.

Жазылым

Сурет бойынша мәтін құрастырып жаза алады.

Зерттеу

Дереккөздерден тақырып бойынша мәлімет жинақтайды.

Құрылымдау

Ақпаратты сызбаға (кесте/схема) түсіреді.

Күтілетін нәтижелер

  • Астана туралы өз ойын еркін айтады.
  • Өзі тұратын жердің көрікті орындары туралы әңгімелейді және басқа қалалармен салыстырады.
  • Суретке қарап мәтін құрастырып жазады.

Пәндік лексика және сөйлеу үлгілері

Терминдер

Целиноград ғимарат құрылыс сәулет қызу еңбек

Диалогқа арналған тіркестер

  • «Астанаға айтар тілегім бар, себебі…»
  • «Астана көркейіп келеді, себебі…»

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық адалдықты, ұйымшылдықты, топта жұмыс істеуді, жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды қалыптастыру топтық жұмыс ережелерін алдын ала келісу және оқуына қолдауды қажет ететін оқушыларға жүйелі көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

  • Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс орнайды.
  • Астана тарихын әңгімелеу кезінде дүниетану пәнімен байланыс күшейеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

  • Сыныпты қалыпқа келтіру.
  • Түстер арқылы топқа бөлу: оқушылар түсті таңдап, топтарға бірігеді.

Ширату жаттығуы

Көк аспанда күн күлсін, (қолдарын жоғары көтереді)

Ұл қолында ту тұрсын. (ұлдар қолдарына ту көтереді)

Қыз қолында гүл тұрсын, (қыздар қолдарына гүл көтереді)

Көк аспанда күн тұрсын. (оқушылар қолдарын жоғары көтереді)

Бірге жүрсін бүлдіршін. (қолдарын соғады)

Үй тапсырмасын тексеру («Автор орындығы»)

  • Балалар, біз қазір қандай бөлімді бастадық?
  • Алдыңғы білім туралы кім айтады?
  • Жас Ахмет қандай болды?
  • Ол қайда оқыды?
  • Ахмет қай орталықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты?
  • Туған жеріне неше жасында оралды?
  • Оның ең бірінші қоныстанған жері қалай аталады?
  • Яссауиге арнап кім күмбез салдырды?
  • Ғимараттың биіктігі қандай?
  • Неліктен «керемет күмбез» атанды?

Тақырыпты болжау

  • Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғимараттар бар? Ой бөлісейік.
  • Алдарыңызда суреттер бар — сол суреттерді құрастырайық.
  • Бұл ғимараттарды қайдан көрдіңіздер?
  • Әрине, Астана қаласынан.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру

Оқушылар Астананың жаңа көрікті жерлерінің суреттерін қиып-құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді:

  1. 1 «Қазақ елі» монументі
  2. 2 ЭКСПО шары
  3. 3 Атырау көпірі

Сабақтың ортасы

30 минут

«Жалғастыр…» әдісі (МК, Ж, ОТ)

Оқушылар білген дыбыстардан басталатын сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып жазады.

1-топ

  • А — алып — Ханшатыр
  • С — символы — Бәйтерек

2-топ

  • Т — тұғырлы — Туы
  • А — асқақтаған — Әнұраны

3-топ

  • Н — нұр шашқан — «Қазақ елі» монументі
  • А — арман қала — Астана
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Мақтанышым – Астанам» (Ермек Өтетілеуов). Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, сурет пен фотосуреттерге сүйене отырып шығармашылық жұмыс ұсынады.

Автормен танысу

Ермек Өтетілеуов — балалар ақыны әрі аудармашы. Ол 1938 жылы 1 қаңтарда Ақмола қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген. Ақын «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа-журналдарында еңбек еткен. Жиырма жылдан астам уақыт редакторлық-баспагерлік қызмет атқарып, жас оқырманға арналған жүздеген жинақ пен жеке кітаптың жарық көруіне үлес қосты. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.

Мектеп және мұғалім

Мектеп
Нарын орта мектебі
Мұғалім
А. Нарымбетова