Байқоңыр ІІІ топ
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Кульсары қаласы • №20 ЖОББМ
Мұғалім: Садыкова Эльмира Тулегеновна
Сабақ тақырыбы: Физика және ғарыш
Мақсаты
- Ғарыш әлемін игерудің 50 жылдығымен байланыстыра отырып, физика тақырыптарын қайталау.
- Ғалам құпияларын тануға қызығушылық ояту.
- Отанды, туған жерді қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың ғарыш туралы ой-өрісін кеңейту.
Сабақ түрі
Танымдық-қайталау сабағы
Әдісі
Топтық жұмыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Бағалау қағидасы
Белсенділік танытқан оқушылар мадақталып, топтық жұмыстағы үлесі ескеріледі.
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылар үш топқа бөлінеді, топ басшылары тағайындалады.
І топ
Ғарыш
ІІ топ
Байқоңыр
ІІІ топ
Зымыран
2) Сайыс кезеңдері
«Естігенім мен оқығанымды ұмытпаймын»
Қайталау сұрақтары
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Жұлдыздар жүйесі қалай аталады? | Галактика |
| 2 | Космонавтиканың негізін қалаушы кім? | К. Э. Циолковский |
| 3 | Ғаламшарлардың Күнге ең жақын келетін нүктесі? | Перигелий |
| 4 | Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном? | Поляк астрономы Н. Коперник |
| 5 | Ғаламшарлардың Күнге ең алыс кететін нүктесі? | Афелий |
| 6 | Байқоңыр ғарыш айлағы қай жылы пайдалануға берілді? | 1957 жыл, мамыр |
| 7 | Ең алғаш ғарышқа кім және қашан ұшты? | Ю. Гагарин, 12 сәуір 1961 жыл |
| 8 | Бірінші әйел ғарышкер кім және ол қашан ұшты? | В. Терешкова, 16 шілде 1963 жыл |
| 9 | Ғарышқа ең жас ұшқан ғарышкер кім? | Г. С. Титов, 25 жасында |
| 10 | Ең алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол қашан ұшты? | Т. Әубәкіров, 2 қазан 1991 жыл |
| 11 | Айға алғаш табан тіреген адамдар? | Н. Армстронг, Э. Олдрин, М. Коллинз |
| 12 | Күн мен Жердің арақашықтығы? | 1 а.б. (шамамен 150 млн км) |
| 13 | Ең жақын жұлдыз? | Күн |
| 14 | Реактивті қозғалыс физиканың қай заңына бағынады? | Импульстің сақталу заңы |
| 15 | Қазақстанда алғаш ұшырылған ғарыштық байланыс жүйесі қалай аталады? | KazSat-1 |
| 16 | І, ІІ, ІІІ ғарыштық жылдамдықтар нешеге тең? | 7,9 км/с; 11,2 км/с; 16,7 км/с |
| 17 | Ю. Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады? | Восток |
| 18 | Тоқтар Әубәкіров алғаш ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады? | Союз ТМ-13 |
«Сен білесің бе?»
Формулалар сайысы
-
1) Ауырлық күшінің формуласы
F = mg
-
2) ЖЖС-тің жылдамдық формуласы
Жылдамдық формуласы (v) бойынша қайталау
-
3) Бүкіләлемдік тартылыс заңы
F = G·m₁·m₂ / r²
-
4) Дене және күш импульсі
p = mv, I = FΔt
-
5) Импульстің сақталу заңы
Жабық жүйеде толық импульс тұрақты: Σp = const
«Білетінімді пайдалана аламын»
Есептер шығару сайысы
№1 есеп
Зарядымен қоса есептегенде массасы 250 г болатын кішкене зымыранша вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтерілді. Заряд бірден жанады деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газдың жылдамдығын анықтаңдар. Зарядтың массасы 50 г.
№2 есеп
Массасы 10 т ғарыш кемесі 9 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Тежеу кезінде тежеуіш қозғалтқыштар одан қозғалыс бағыты бойынша, кеме қабығына қатысты 3 км/с жылдамдықпен 1450 кг жану өнімдерін шығарады. Тежеуден кейінгі зымыранның жылдамдығын табыңдар.
№3 есеп
Кішкене зымыранның массасы 200 г, ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен бірден шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.
«Бұл ҰБТ-да бар»
Activote арқылы тест жұмысы
1) Есеп
Ұшақ 60 м/с жылдамдықпен ұшып, сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с² үдеумен қозғалады. Осы уақытта ұшақ ұшып өтетін арақашықтықты табыңдар.
- A) 30 км
- B) 3000 м
- C) 900 м
- D) 300 м
- E) 9 км
2) Сұрақ
Дененің қозғалысын материалдық нүктенің қозғалысы деп қарастыруға болмайтын жағдай:
- A) Күнді айнала қозғалатын Жердің қозғалысы
- B) Жерді айнала қозғалатын спутниктің қозғалысы
- C) Алматыдан Мәскеуге қарай ұшқан ұшақтың қозғалысы
- D) Станокта бөлшектің өңделу барысындағы қозғалысы
- E) Жермен салыстырғандағы жұлдыздардың қозғалысы
3) Сұрақ
Екі дене арасындағы арақашықтық 3 есе артса, тартылыс күші:
- A) 3 есе артады
- B) өзгермейді
- C) 9 есе кемиді
- D) 3 есе кемиді
- E) 9 есе артады
4) Сұрақ
Ғарыш кемесі Жер бетінен 9Rж қашықтыққа алыстағанда, тартылыс күші:
- A) 100 есе кемиді
- B) 9 есе кемиді
- C) 10 есе артады
- D) 10 есе кемиді
- E) 100 есе артады
5) Есеп
Скафандрымен қоса массасы 170 кг астронавтың табаны мен Ай беті арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,5. Үйкеліс күшін табыңдар (gай = 1,6 м/с²).
- A) 137
- B) 136
- C) 1370
- D) 85
- E) 140
«Зерттеушілік қабілетім»
Қысқаша хабарламалар
Оқушылардың ғарыш және ғарышкерлер туралы қысқаша хабарламалары тыңдалады (дерек, тұлға, қызықты факт, қорытынды).
3) Қорытындылау
Сабақ барысында қайталанған негізгі ұғымдар жинақталады: гравитация, импульс, реактивті қозғалыс, ғарыштық жылдамдықтар және Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері.
4) Үй тапсырмасы
Қайталау: импульс, реактивті қозғалыс, бүкіләлемдік тартылыс заңы және ғарыштық жылдамдықтар тақырыптары бойынша қысқаша конспект әзірлеу.
5) Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптардың дәлдігі және есеп шығару барысындағы түсіндіру сапасы бойынша бағаланады. Белсенді оқушылар мадақталады.