Мұғалім сөзі. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Сан есім (презентациямен)
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, математика
Көрнекіліктер
Оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, қима қағаздар, тест
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сан есім туралы білімді кеңейту, сөйлемнен сан есімдерді таба білу.
- Сан есімнің зат есіммен байланысын және дұрыс жазылу емлесін меңгерту.
- Сөз таптарының түрлерін, сұрақтарын білу және сөйлемді сөз таптарына талдай алу.
Дамытушылық
- Жаңа технология элементтерін пайдаланып топпен, жұппен және оқулықпен жұмыс арқылы білім сапасын арттыру.
- Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Компьютермен жұмыс арқылы пәнге қызығушылық қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу. Сабаққа құрметті қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға білімімізді көрсетіп, белсенді қатысайық.
- 2 Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
- 3 Үй тапсырмасы: қандай тапсырма берілгенін сұрау және тексеруге бағыттау.
- 4 Бүгін оқулық тапсырмаларымен жұмыс арқылы сан есім туралы білімімізді тереңдетеміз.
II. Өткенді қайталау (ойды жинақтау)
Талқылау сұрақтары
- Тіліміздегі сөздер нелерге бөлінеді?
- Қандай сөз таптарымен таныстық?
- Тірек-сызба бойынша сөз таптары туралы білетінімізді ортаға салайық.
Нақтылау (сөз таптары)
- Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
- Зат есімнің түрлері: жекеше, көпше.
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Не істеді? Не қылды?)
- Етістіктің түрлері: дара, күрделі.
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ
Суреттер арқылы сұрақ қоямыз: ненің суреттерін көріп тұрмыз?
Сан есімдер қай сөз табымен байланысып тұр?
Қорытынды: сан есімдер зат есіммен байланысып қолданылады.
IV. Дәптермен жұмыс (көркем жазу)
Бүгінгі күнді жазып, үлгі бойынша Қ әрпін және «Құстар» сөзін көркем жазамыз.
Ескерту: әріптің басталу нүктесіне және байланысына назар аудару.
«Құстар» сөзіне ауызша дыбыстық талдау жасаймыз.
V. Сөздік диктант
Жазылатын сөздер
Төрт, он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.
Тексеру
Экрандағы нұсқамен салыстырып, әркім өз қатесін тексереді. Қателерді есте сақтап, келесі жолы мұқият жазуға көңіл бөлеміз.
VI. Суретпен жұмыс және әңгімелеу
Экрандағы суретке назар аударамыз (орман дыбысы қосылады).
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қандай жыл құстарын білесіңдер?
- Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?
- Орманда қандай дыбыстар естіледі?
- Құстардың қандай түрлері бар?
- Суретте балалар не істеп жатыр?
Мұғалімнің түсіндірмесі (қауіпсіздік және қамқорлық)
Жас ұяны ағашқа кендір жіппен байлаған дұрыс. Әйтпесе жіп өсіп тұрған ағашты бунап, зиян келтіруі мүмкін. Ұяның аузы әрдайым оңтүстік-шығысқа қарағаны жөн. Ұяны 5–6 м биіктікте ілуді есте сақтаңдар.
Тақтаға жазып, сөз таптарына талдайтын сөйлем: «Екі бала ағаштың бұтағына ұяны орнатты.»
VII. Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызды табайық.
VIII. Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
Мәтіндегі цифрларды сөзбен ауыстырып, сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
2-тапсырма
Сурет бойынша мәтін құрастыру, мәтінге ат қою. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтау.
3-тапсырма
Берілген сан есімдерге зат есім тіркестіріп жазу.
IX. Дидактикалық ойын: «Жылдам жауап»
I топ
Кез келген сөз табына қатысты сөз айтады.
II топ
Айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.
III топ
Сол сөзбен сөз тіркесін құрайды.
X. Өзіндік жұмыс
Төмендегі сөздермен жұмыс (ауызша тексеру):
XI. Топпен жұмыс
I топ
«Неше?» сұрағына жауап беретін сөздерді «Нешінші?» сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып жаз: бес сынып, он алты дәптер, жиырма үй
II топ
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз: Болат ... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.
III топ
Жұмбақ-өлең: «Оның да біл есебін, әр аптада неше күн?»
XII. Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?»
Сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдерді кім көп айтады?
- 1. Ел ішінде – елу ел бар.
- 2. Жеті рет өлше, бір рет кес.
- 3. Еріншектің ісі – екі.
- 4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық.
- 5. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
- 6. Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме; он саусағың түгел болса, дәулет емей немене.
XIII. Бекіту: тест жұмысы
Өтілген тақырыптарды бекіту үшін 2-нұсқадағы тест тапсырмасын орындаймыз (тест парақшалары).
XIV. Математикалық жұмбақ есеп
Сұрақтар:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Алма қайда өседі?
- Өлеңде неше алма қалды?
- 12 қандай сөз табына жатады?
- Сан есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
XV. Қорытынды рефлексия
Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Сабақтың қай бөлігі ұнады, неліктен?
XVI. Үй тапсырмасы
4-жаттығу: цифрларды сөзбен ауыстырып көшіріп жазу және сан есімдердің астын сызу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының сапасына қарай бағалау жүргізіледі.