Махаббат тек бар қиындықты еңсерген, бар ауыртпалықты артқа тастаған жандардың ғана жемісі
Махаббат — жұмбақ та ғажайып сезім
«Махаббат па, махаббат болған менде…» — махаббат ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Оның кімге, қашан, қалай келетінін алдын ала білу мүмкін емес. Бірақ жер бетіндегі әр адам соны күтеді — өз махаббатын күтеді.
Біз махаббатты көбіне ғашық болумен байланыстырамыз, құлай сүйюмен теңестіреміз. Бұл тақырып сан ақын-жазушының жырына айналды. Махаббат жайлы қалам тербемеген ақын-жазушы бар ма екен, сірә?
Әр жүректе — қайталанбас бір ғана махаббат
Сіз махаббатты бір қырынан түсінерсіз, мен басқа қырынан қабылдармын. Дегенмен әрқайсымыздың жүрегімізде көшірмесі жоқ, жалғыз-ақ махаббат өмір сүреді. Бұл сөздің мән-мағынасын да әр жаста әртүрлі ұғамыз.
Бәлкім, сондықтан да «бала махаббат», «шала махаббат», «алғашқы махаббат» секілді ұғымдар қалыптасқан шығар. Махаббат — бір жағынан нәзік, бір жағынан тегеурінді, адамды өзгертетін ерекше күш.
Нұрландыратын қуат
Айналаңды нұрландырып, жан-жағыңа жан бітіргендей болады. Ішің тасып, өмірге басқаша қарайсың.
Тәтті бал, ащы у
Бірақ махаббаттың балы қандай тәтті болса, уы да сондай ащы: күлдіріп тұрып ес-ақылдан айырады, қуаныш сыйлай тұрып еріксіз жылатады.
Сынақтан өткен сезім — нағыз махаббат
Мұның бәрін мен қол ұстасқан жандарға берілетін сынақ деп білемін. Махаббат — тек қиындықты еңсеріп, ауыртпалықты артқа тастаған жандардың ғана жемісі.
Өмірдің маңызы — Нағыз Махаббат.
Иә, мұны бәріміз армандаймыз.
Автор: Нәзира Қасымбек
Дереккөз: aqmeshit-zhastary.kz