Сақтардың шаруашылығы

Сабақ туралы мәлімет

Сынып
10
Пән
Қазақстан тарихы
Тақырып
§7. Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Баяндау, талдау, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар
Интерактивті тақта, саяси карта
Пәнаралық байланыс
География, биология

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Дәуір тарихына сипаттама беру.
  • Алғашқы тайпа одақтары туралы мәліметтерді ғылыми тұрғыдан талдау.
  • Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттердің тарихы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

  • Тақырыпты ашу үшін оқушыларды топқа бөлу.
  • Тақырыптың ғылыми негізін анықтай білуге үйрету.
  • Тарихи білім мен талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды еңбекке баулу, Отанды сүюге тәрбиелеу.
  • Тарихи мұраны қорғап, құрметтей білуге бағыттау.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі».

Н. Назарбаев

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1–3 минут

Сабақтың мақсат-міндеттері нақтыланып, оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа шоғырландыру жүзеге асырылады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

10–15 минут

Тақырып: §6. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

  • Темір дәуіріне сипаттама.
  • Жазба деректер.
  • Анахарсис — сақ ойшылы.
  • Археологиялық ескерткіштердің зерттелуі.

III. Үй тапсырмасын бекіту

№1. Сақтардың аталуы

Гректер
Скифтер
Парсылар
Сақтар
Ирандықтар
Жүйеленген атаулар (дереккөздерге қарай)

Ескерту: атаулар дереккөз дәстүріне байланысты әртүрлі беріледі.

№2. Сақтардың бөлінуі

  1. Тиграхауда
  2. Хаомаварга
  3. Парадарайя

№3. Анахарсистің нақыл сөздері

  • Талдау «Басқа пәле — тілден».
  • Талдау «Татымсыз мың достан — адал бір дос артық».

IV. Жаңа материалды меңгерту

Жоспар

  1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
  2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
  3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
  4. Бейнелеу өнері
  5. Діни наным-сенімдері
  6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

1) Сақтардың қоғамдық құрылысы

Сақ қоғамында мүліктік теңсіздік қалыптаса бастады. Меншік түрлері біртіндеп жіктелді:

  • Қауымдық меншік — жерге қатысты.
  • Отбасылық меншік — малға қатысты.

Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында тайпалық одақтар негізінде Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда болды:

  • Оңтүстік, Шығыс, Орталық өңірлер — сақ тайпалық одағына бірікті.
  • Солтүстік, Батыс өңірлер — сармат тайпа одағына бірікті.

2) Сақтардың шаруашылығы

  • Негізгі шаруашылық: көшпелі мал шаруашылығы, суармалы егіншілік.
  • Қосымша кәсіп: балық аулау, аңшылық.
  • Айырбас сауда — шаруашылықтың маңызды бөлігі.

Жылқының кең тараған екі түрі

  1. Тез семіретін, етті тұқым.
  2. Суыққа төзімді тұқым (кең тараған).

3) Қолөнер мен зергерлік

Сақтар зергерлік өнердің дамуына зор үлес қосты: олар әшекей бұйым жасауда, мүсіндеуде шеберлігімен танылды.

4) Бейнелеу өнері: «аңдық стиль»

Негізгі ерекшеліктері

  • Мазмұны жағынан — мифологиялық түсініктермен байланысты.
  • Түрі жағынан — жануар бейнесін шынайы жеткізуге ұмтылады.

Жетісудағы бұйымдардың кезеңдері

  1. Көне кезең: жануарлар бір орында, жеке тік тұрған күйде беріледі.
  2. Гүлдену кезеңі: әрекет үстіндегі күрделі композициялар көбейеді.
  3. Құлдырау кезеңі: бейнелер ою-өрнекке айнала бастайды.

Б.з.д. V–IV ғасырларда полихромдық туындылар пайда болды. Ою-өрнек түрлері:

  • Геометриялық
  • Зооморфтық
  • Рәміздік (таңбалық)

5) Діни наным-сенімдер

  • «Көсемге табыну» ұғымы қоғамдық санада маңызды орын алды.
  • Анимизм және тотемизм элементтері кең тарады.

6) Антропологиялық өзгерістер

Темір дәуірінде антропологиялық өзгерістер байқалып, монғолоидтік үрдістер қалыптаса бастады.

V. Бекіту тапсырмалары

5 минут

1) Баламалы тест

Жауап “иә” немесе “жоқ” арқылы белгіленеді.

  • Сақ тайпалары тас дәуірінен бастап өмір сүре бастады. Жоқ
  • Тасмола мәдениеті Қазақстанның оңтүстігінде орналасты. Жоқ
  • Б.з.д. VII ғасырда “аңдық стиль” дамыды. Иә

2) Аралас тест (ретін қою)

Берілгендер: Алтын адам, қола дәуірі, үйсіндер, мысты тас дәуірі, Түрік қағанаты.

Дұрыс реті

  1. Мысты тас дәуірі
  2. Қола дәуірі
  3. Алтын адам
  4. Үйсіндер
  5. Түрік қағанаты

3) “Сиқырлы сөз” (терминдерді есте сақтау)

“А” әрпінен басталатын тарихи ұғымдар:

  • Археология
  • Антропология
  • Аңдық стиль
  • Алтын адам
  • Анахарсис

4) Хронология (деректерді сәйкестендіру)

Хронология Атаулар Аттар
Б.з.д. VII ғасыр Скиф Анахарсис
Б.з.д. 484–425 жылдар Тур Геродот
Тиграхауда Томирис

Ескерту: кестедегі үшінші жолда дерек “сәйкестендіру” тапсырмасы ретінде беріледі.

5) Әріптерді шешу

Берілген

стмоиир

Жауап

Томирис

Берілген

регжауын

Жауап

Жауынгер

Берілген

семкө

Жауап

Көсем

VI. Үй тапсырмасы

1–2 минут

  • §7 оқу.
  • Мұғалім ұсынған сұрақтарға жауап дайындау.

VII. Бағалау

1–3 минут

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының мазмұны мен дәлелділігі, тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}