Қазір барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ

«Үздік жүргізуші» және «Үздік актер» байқауының сценарийі

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгін мектебімізде «Үздік жүргізуші» және «Үздік актер» байқаулары өтеді.

Жүргізушілердің сәлемдесуі

1-жүргізуші

Қайырлы кеш, қадірменді көрермендер!

2-жүргізуші

Армысыздар, құрметті қонақтар!

Әділ қазылар алқасы

Бүгінгі сайыскерлеріміздің өнеріне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

(Осы жерге әділқазылардың аты-жөні, лауазымы жазылады.)

Байқаудың басталуы

1-жүргізуші: Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

2-жүргізуші: Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы —
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі — надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Абай атамыздың осы сөзін негізге ала отырып, сөз өнерінің бір қыры — жүргізушілік мәдениетін дәріптеу мақсатында «Үздік жүргізуші» байқауын бастаймыз.

I бөлім: «Үздік жүргізуші» байқауы

Бағалау шарттары

  • Сахнада өзін ұстауы
  • Сөйлеу мәнері
  • Киім киісі
  • Көрерменмен байланыс
  • Тақырыптан ауытқымау
  • Айтылған ойдың бір арнаға тоғысуы

Бағдарлама жүргізу

2-жүргізуші: Ортада 8-сынып оқушысы (аты-жөні) — «Сыр сұхбат» бағдарламасын жүргізеді.

1-жүргізуші: Келесі кезекте 8 «М» сыныбы «Айгөлек» балалар мен жасөспірімдер байқауынан үзінді ұсынады. Ендеше, ортада (аты-жөні/топ).

2-жүргізуші: Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Кезекті 9-сыныпқа берейік. Ортада «Сөнбес сәуле» бағдарламасымен Манатова Аяулым.

Ана тілі туралы көркем сөз

1-жүргізуші: Естідім де сөзін ана тілімнің,
Бойым жылып, лезде мен тірілдім.
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін,
Тек өз тілім — сөйлейтін.

2-жүргізуші: Өзге бір тіл емдер басқаларыңды,
Мен онымен айта алмаймын әнімді.
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.

Ана тілінің қадір-қасиетін түсінген ақындар секілді, бүгінгі құрбыларымыз да өз тілінде еркін сөйлеп, ұтымды ойларын жеткізіп жатыр. Сіздер де байқап отырған боларсыздар.

1-жүргізуші: Олай болса, ортада 10-сынып оқушысы (аты-жөні) — «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасымен.

2-жүргізуші: Келесі — 10 «Ә» сыныбының оқушысы (аты-жөні) — «Айтуға оңай» бағдарламасымен.

Келесі тапсырма: мәнерлеп оқу

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Тапсырма: Мына жерден белгілі ақындардың өлеңдерін таңдап аласыздар. Өлеңді мәнерлеп оқып бересіздер.

Дайындалуға уақыт: 3 минут.
Ескерту: «Әннен шашу» (музыкалық үзінді) барысында қатысушылар кезекпен оқиды.

II бөлім: «Үздік актер» байқауы

Бағалау шарттары

  • Образға ену
  • Дауыс ырғағы
  • Сахнадағы еркіндік
  • Көрерменге әсері
  • Өзін-өзі ұстай білу мәдениеті

Сайыскерлердің өнер көрсетуі

1-жүргізуші: Ортада 8 «А» сынып оқушысы (аты-жөні).

2-жүргізуші: Рахмет. Ортада 8 «М» сынып оқушысы (аты-жөні).

1-жүргізуші: Келесі сайыскеріміз — 9-сынып оқушысы (аты-жөні).

2-жүргізуші: Ортада 10 «А» сынып оқушысы (аты-жөні).

1-жүргізуші: Келесі актеріміз — 10 «Ә» сынып оқушысы (аты-жөні).

Қорытынды тапсырма

2-жүргізуші: Қазір барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Сайыскерлер өздері дайындап келген тапсырмаларын орындайды. Дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.

Музыкалық нөмір: (муз. номер)

Қорытынды бөлім

1-жүргізуші: Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры (аты-жөні)-на береміз.

Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін жарияласа.