Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі - осы кітаптар
Кітап – рухани сарқылмас қазына
Бұл мәтін аудандық семинарға арналған әдеби-музыкалық шараның әзірлемесі. Негізгі ой — кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани маңызын айқындап, оқырманды кітапханаға жақындату.
Мақсаты
- Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
- Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.
- Ой-өрісті дамыту, кітаптарды талдау арқылы рухани тәлім-тәрбие беру.
Көрнекілігі
- Кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар.
- Слайдта ұлы тұлғалардың кітап, ғылым-білім туралы даналық ойлары.
- Кітап көрмесі.
Сахнада баяу әуен ойналып тұрады.
Жүргізушілер сөзі
Шараның кіріспе бөлігінде жүргізушілер кітаптың мәртебесін өлеңмен өрнектеп, оқырманды мерекелік көңіл күйге жетелейді.
І жүргізуші (Нұрсұлтан)
Қуан, кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
ІІ жүргізуші (Меруерт)
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік-қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп, жолын тауып, айта алам ба?
Кітаптың орны мен маңызы
І жүргізуші (Нұрсұлтан)
Кітап — біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, өзге ғылымның ғажайыптарын да кітапханадан табамыз. Талай оқиғаның куәсі, талай жаңалықтың көзі — осы кітаптар.
ІІ жүргізуші (Меруерт)
Рухани білім мен рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бастау алар қайнар көз — кітап.
Шара таныстырылымы
Олай болса, мектеп кітапханашысы ұйымдастырған «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты аудандық кітапханашылар семинарына арналған әдеби-музыкалық шараны назарларыңызға ұсынамыз.
Өлең мен арнау
ІІ жүргізуші (Меруерт)
Жыр келеді өмірге, жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді.
Құшырланып қағазға төне берсем,
Кеудемнің бақшасы тұр гүлдегелі.
Осыдан соң 10 «А» сынып оқушысы Ықылас Әлидің арнауы ұсынылады.
Кітапханашы (Меруерт)
Мұзафар Әлімбаевтың:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,
— деген өлең жолдарындай, әдеби кітаптар мен оқулықтар — білімнің көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш сыныптан-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.