Жолақша суреттері арқылы ұзын жолақша, қысқа жолақша екенін түсіндіру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақта оқушылар екі заттың ұзындығын салыстыруды және бір заттың екіншісінен қанша ұзын (немесе қысқа) екенін табуды үйренеді. Сабақ барысында өлшем бірлігі ретінде сантиметр қолданылады.

Сабақтың тақырыбы

Есеп. (Қанша ұзын?)

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

  • Жолақшалар
  • Интерактивті тақта
  • Қима қағаздар

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Дүниетану

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

Бірінші заттың екінші заттан қанша ұзын екенін табуға үйрету, есептерді салыстыру дағдысын қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсат

Ұқыптылыққа баулу, есептеу машығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Отанын сүюге, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқу және мағынасын ашу.

Әрбір адам – туыс, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

II. Өткенді пысықтау

6 санын қосу және азайтуға байланысты өрнектерді қайталау («Балық аулау» ойыны).

Назар аударамыз

Мақсат — ауызша есептеуді жылдамдатып, амалдарды дұрыс қолдану.

III. Жаңа сабақ

1) Интерактивті тақтамен жұмыс

Жолақша суреттері арқылы ұзын және қысқа жолақшаларды ажырату.

Сұрақ:

Ұзындықты қандай өлшем бірлігімен өлшейміз?

Жауап:

Сантиметр.

2) Дәптермен жұмыс

Көркем жазу үлгісі:

44 44 44 44

33 33 33 33

3) Оқулықпен жұмыс

Ұзындықты табу үшін оқулықтағы №1 есепке назар аударамыз: есептің мағынасын ашу, шартын түсіндіру, «Нені табу керек?» сұрағына жауап беру.

№1 (салыстыру)

Қ — 10 см

Қ — 5 см

Шешуі:

10 − 5 = 5 (см)

Жауабы:

5 см ұзын.

№1 (қосу арқылы)

Ж — 5 см + 5 см

Шешуі:

5 + 5 = 10 (см)

Жауабы:

10 см.

№2

Азайғышы 4 болатын айырмалардың мәнін өсу ретімен жаз:

4 − 3 4 − 2 4 − 1 4 − 0

№4

Қосу кестесін пайдаланып, айырманың мәнін тап:

4 − 2 6 − 3 8 − 4 10 − 5 9 − 6 10 − 6 8 − 6 7 − 6

IV. Сергіту сәті

1, 2, 3 — кәне, қанат қағайық!
1, 2, 3 — қарлығаш боп ұшайық!
1, 2, 3 — жинап алдық күш!

V. Топпен жұмыс

1-топ

Компоненттерін ата.

2-топ

Геометриялық фигураларды ата.

3-топ

Топтастыр және қалай аталатынын айт.

VI. Шығармашылық тапсырма

Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

10 3 8

VII. Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақтар

  • Ағаштар ұзын және қысқа болады.
  • Сызғыштар ұзын және қысқа болады.
  • Қаламдар ұзын және қысқа болады.

Бүгін біз нені үйрендік?

Ұзындықты табуды және салыстыруды.

Қорытынды ойын

«Алдар көсе» туралы шағын сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту:

Тапсырма:

«Мен бір сан ойладым» ойыны. Ол қандай сан?

Оқушылардың жауаптарына қарай мадақтау және қорытынды жасау.