Құстар қаңқасы
Сабақ туралы мәлімет
- Пән мұғалімі
- Рыскулова Арай Құттыбаевна
- Пән / сынып
- Биология, 7-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, электрондық оқулық, плакаттар, буклеттер, суреттер, презентация
- Пәнаралық байланыс
- География, биология, анатомия, әдебиет
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысындағы күрделену белгілерін түсіндіре отырып, оларды салыстыруға үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды сүтқоректілер класының кейбір өкілдерін қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сүтқоректілердің кейбір өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер туралы оқушы ойын дамыту. Топтық жұмыс арқылы шығармашылық ізденіске бағыттау, ой-өрісін және логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Психологиялық дайындық
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды топтарға бөлу
- 1-топ: кенгурулер
- 2-топ: дельфиндер
- 3-топ: жарқанаттар
- 4-топ: арыстандар
«Кім жылдам?» ойыны
Әр дұрыс жауапқа — 1 балл
- Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы.
- Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы.
- Дүние жүзінде құстардың шамамен қанша түрі бар? Оның ішінде Қазақстанда мекендейтін құстар саны қанша?
- Құстардың дене температурасы.
- Құстар терісінің қосалқы бөлімдері.
- Құстар қаңқасының негізгі ерекшеліктері.
- Ұшатын құстардың төссүйегі нені түзеді?
- Сол жақ қарыншада не болады?
- Жұмыртқа сарыуызының жоғарғы шетінде не орналасады?
- Құстардың қарны неше бөлімнен тұрады?
Тапсырма 1: Құстар топтарын құрылыс ерекшеліктерімен сәйкестендіру
Үлгі: 1) Қыртөссіздер (жүгіретін құстар)
1) Қыртөссіздер (жүгіретін құстар)
- Төссүйегі жалпақ, қыры болмайды.
- Қанат қауырсындары доғалданған.
- Өте жылдам жүгіреді.
2) Жүзетін құстар
- Алдыңғы аяғы ескекке айналған.
- Теңселіп, әрең қозғалады.
- Суда жақсы сүңгиді.
- Аяқтары тұлғасының артқы жағында орналасқан, денесін тік ұстайды.
- Суда жақсы жүзеді.
3) Қыртөстілер
- Қаңқа сүйектері жеңіл болады.
- Төссүйегінде жақсы жетілген қыры бар.
- Қанаттары ұзын, сүйірленіп келеді.
Жауаптары
- 1: ә, в, ж
- 2: а, б, ғ, е, к
- 3: г, д, з
Тапсырма 2: Құстар топтарын өкілдерімен сәйкестендіру
Құстардың топтары
- Сулы, батпақты жерлердегі құстар
- Орман құстары
- Ашық, далалы алқаптардағы құстар
Өкілдері
- а) дауылпаз
- ә) жапалақ
- б) ұлар
- в) дуадақ
- г) тоқылдақ
- ғ) шағала
- д) бозторғай
- е) бұлбұл
- ж) қоқиқаз
- з) суықторғай
- к) бірқазан
Жауабы
- 1: а, ғ, ж, к
- 2: ә, г, д, е, з
- 3: б, в