Абайдың өмір жолы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оспанов Зормамед • Сынып: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Сегіз аяқ» өлеңі — Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Музыка
- Орыс әдебиеті
- Қазақ тілі
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Ақынның портреті
- Абай туралы ұлылардың ой-пікірлері
- Көрме материалдары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру.
Тәрбиелік
Ұлы ақынның өмірін өнеге етіп, оқушыларды адами қасиеттерге баулу; өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушының ой-қиялын еркін дамытып, өзінше ой қорытуға жетелеу; шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсінігін кеңейту, сөз мәдениеті мен тіл байлығын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың ұраны
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
- «Менің тілегім» — тілектер тізбегі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын кубизм әдісі арқылы талқылау.
Зерттеңіз
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер?
Салыстырыңыз
Ыбырай Алтынсарин мен Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңдар.
Қолданыңыз
Білім, оқу, өнер, еңбек тақырыбындағы қандай шығармаларын білесіңдер?
Байланыстырыңыз
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырыңдар.
Суреттеңіз
Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін жылдар тізбегімен көрсетіңдер.
Талдаңыз
Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін құрылысына қарай талдаңдар.
Бекіту сұрақтары
- Ы. Алтынсарин қай жылдары өмір сүрді?
- Атасы оны қандай мектепке оқуға берді?
- Ыбырай қай жерлерде мектеп ашты?
- Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Ол қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?
INSERT картасы таратылады: алдымен 1 және 2 баған толтырылады. Қалған екі баған сабақ соңында толықтырылып, нәтижесі оқылады.
III. Ой шақыру (кластер)
Абай кім? Жырларымен бүкіл әлемді сусындатқан, қазақты әлемге танытқан, ұрпаққа рухани мұра қалдырған тұлға.
Қорытынды: Абай — ақын.
Көңіл құсын шартарапқа құйқылжытып, өлеңіне ән шығарып, шырқатқан өнер иесі.
Қорытынды: Абай — сазгер.
Қарасөзі даналыққа толы, әр сөзінде тәрбиелік мәні бар ойшыл.
Қорытынды: Абай — көсемсөз шебері.
Халқы үшін «мыңмен жалғыз алысып», тайсалмай сөздің оғын жаудырған азамат.
Қорытынды: Абай — халық қамқоршысы.
Орыс әдебиетін үлгі тұтып, Пушкин мен Лермонтовты қазақша сөйлеткен жаңашыл.
Қорытынды: Абай — аудармашы.
Осындай қасиеттердің бәрін бойына жиған, елдік ойды биік қойған тұлға.
Қорытынды: Абай — дана.
IV. Мағынаны тану (жаңа сабақ)
1) Абайдың арғы тегі
Сызба арқылы түсіндіру.
2) Абайдың ізденіс жолы
Шығыс ақындарын оқу арқылы сауат ашуы, рухани қалыптасуы.
3) Абай лирикасы
Тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен көркемдік әлемі.
4) Абай және орыс әдебиеті
Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларымен байланысы.
5) Абай — сазгер
Ән тыңдату және бейнеролик көрсету арқылы талдау.
6) Абай — көсемсөз шебері, ұлы ойшыл
Қарасөздерден үзінділерді оқушылар жатқа оқиды.
7) Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары
Өлшем, ұйқас, ырғақ пен поэтикалық үлгілердегі жаңашылдығы.
8) Абай поэмалары
Негізгі поэмаларына шолу, тақырыптық бағыттары.
Брейн-ринг (деңгейлік тапсырмалар)
- I деңгей: Абайдың өмір жолы.
- II деңгей: Өлеңді талдау (алгоритмдік деңгей).
- III деңгей: Өлеңдерін жатқа айту (эвристикалық деңгей).
- IV деңгей: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында ойтолғау жазу (шығармашылық деңгей).
«Автор орындығы» стратегиясы
Берілген ұйқасқа өлең құрастырыңдар. Алғаш болып аяқтаған оқушы «автор орындығына» отырып, шығармасын оқиды.
Синквейн әдісі
«Абай кім?» сұрағына синквейн құрастыру арқылы жауап беріңдер:
- Зат есім (Кім?)
- Сын есім (Қандай?)
- Етістік (Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
- Сөйлем
- Синоним
Венн диаграммасы
Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін анықтаңдар.
V. Үй тапсырмасы
- Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқу.
- Қосымша деректер жинақтау.
- Мәнжазба (эссе) жазу.
VI. Бағалау
Бағалау парағын қорытындылай отырып, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалар қойылады:
- Өте жақсы қатысқан — 5
- Жақсы қатысқан — 4
- Орташа қатысқан — 3