Септіктерді қайталау

Пән және сынып

Пән
Қазақ тілі
Сынып
5-сынып (оқыту тілі — орыс тілі)
Әлеуметтік-мәдени ая
«Менің елім – Қазақстан» модулі
Сабақтың тақырыбы
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. «Сен қайдан келдің?» Септіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Тілдік бөлім

  • Септіктер бойынша білімін пысықтау.
  • Қазақстан қалалары туралы түсінігін кеңейту.

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім

  • Тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің және сыныптастарының сөзін түсіну дағдысын қалыптастыру.
  • Астана туралы мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сай түсініп оқу.
  • Оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру.
  • Астана туралы баяндау дағдысын қалыптастыру.
  • Астана туралы өз ойын жазу дағдысын қалыптастыру.
  • Сыныптастарымен Астана туралы сөйлесу, диалог құрастыру.

Мәдениетаралық қарым-қатынас

  • Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні.

2) Тәрбиелік

  • Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
  • Өз елін және оның рәміздерін құрметтеуге баулу.

3) Дамытушылық

  • Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
  • Ізденушілік қабілетін арттыру.
  • Сөздік қорын молайту.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Жаңа сабақ.

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Оқу
  • Жазу
  • Тыңдау
  • Демонстрация

Көрнекілігі

  • Перфокарта
  • Мәтін
  • Интерактивті тақта
  • Астана туралы слайдтар
  • Бейнефильм

Пәнаралық байланыс

  • Тарих
  • Орыс тілі

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.

2) Қайталау — білім анасы

Септіктерді еске түсіру және бекітуге арналған тапсырмалар.

1-слайд 2-слайд 3-слайд 4-слайд

Тапсырма 1

Қай жалғау дұрыс жалғанбаған?

Слайд: 2

Тапсырма 2

График құрастырамыз.

Слайд: 3

Тапсырма 3

«Қарлы адам» тапсырмасы.

Слайд: 4

Мұғалімнің сөзі

Иә, балалар, біз септіктерді еске түсірдік. Ендеше, оны тағы бір рет қайталап жіберейік.

Автор туралы мәлімет

Аты-жөні
Есенғалиева Нұргүл Бақтыгерейқызы
Қызметі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өңір
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы
Мектеп
Шәмші Қалдаяқов ауылы, В. И. Пацаев атындағы орта мектеп

Негізгі тақырыпқа қайта оралу

Бұл сабақ «Қазақстанның астанасы – Астана қаласы» тақырыбын меңгертуге және «Сен қайдан келдің?» сұрағы арқылы септіктерді қайталап, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.