Сөздердің грамматикалық байланысы
7-сыныпқа арналған қазақ тілі: күнделікті сабақ жоспары
Бұл материал қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық күнтізбелік жоспардың бір бөлігі ретінде берілген. Негізгі назар — «Сөздердің грамматикалық байланысы» тақырыбына аударылады.
66-тақырып
Сөздердің грамматикалық байланысы
67-тақырып
Сөздердің байланысу тәсілдері
68-тақырып
Диктант
69–70-тақырып
Жаттығумен жұмыс, тест тапсырмалары
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің грамматикалық байланысы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру, сабаққа қызығушылығын арттыру.
- Дамытушылық: іскерлік пен біліктілік дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.
- Тәрбиелік: туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып, алыс-жақынды тани білуге баулу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Оқыту әдістері
- Талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, кітаппен жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
Көрнекіліктер
- Үлестірмелі кеспе қағаздар
- Деңгейлік тапсырмалар және қосымша материалдар
Сабақтың барысы
А) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Оқу құралдарын тексеру
- Сынып тазалығына назар аудару
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау
- Үйге берілген жаттығуды тексеру
- Өткен тақырыптарды меңгеру деңгейін анықтау үшін кеспе қағаздар таратып, жауап алу
Б) Жаңа сабақты түсіндіру
Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің байланысы әртүрлі болуы мүмкін, алайда олар міндетті түрде белгілі бір тәсіл арқылы байланысады.
Мысал
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» сөйлемінде мен — жазбаймын, жазбаймын — ермек үшін сияқты байланыстар бар.
Егер сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ, ой көмескіленіп, сөйлем түсініксіз болады: «Мен жазбаймын өлең ермек».
Қорытынды
- Мағыналық жағынан өзара үйлесетін сөздер ғана байланыса алады.
- Сөздер белгілі амал-тәсілдер арқылы грамматикалық байланысқа түседі.
Жаттығумен жұмыс
233-жаттығу: көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек топтастырып жазыңдар.
Үлгі: Оспан кіріп келді, сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.
Тақтамен жұмыс
Тақтаға бірнеше сөйлем жазылып, олар бойынша синтаксистік және морфологиялық талдау жасалады.
Білімді бекіту
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Тақырыпты бекіту үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- 1) Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
- 2) Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неліктен ерекше?
- 3) Тіл білімі неше салаға бөлінеді?
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
234-жаттығу.
Толық нұсқасын жүктеу (қосымша файл/сілтеме).