Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есеп шығару арқылы бекіту

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы №11 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі: Картамысова Асель Талғатовна

Геометрия 8-сынып Білімді бекіту сабағы

Тақырып

Параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есеп шығару арқылы бекіту.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Өздігінен ізденуге, бір-біріне көмек көрсетуге және іскерлікке тәрбиелеу.

Оқыту тәсілдері мен ресурстар

Әдістері

  • Тәжірибелік жұмыс
  • Талдау
  • Жинақтау

Көрнекіліктер

  • Плакаттар
  • Фломастерлер
  • Таратпалы карточкалар

Сабақ барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды 3 топқа бөліп, сабақтың құрылымы мен мазмұны туралы қысқаша түсіндіру.

    Топтық жұмыс
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы сабақта берілген тапсырмалардың орындалуын талдау, қателермен жұмыс жасау.

    Қайталау
  3. 3) Мағынаны ажырату (постермен жұмыс)

    Әр топқа конверт беріледі. Конверт ішінде кеспелі фигуралар болады. Тапсырма:

    • Кеспелі фигураларды құрастырып, қандай фигура екенін анықтау.
    • Сол фигураның анықтамасын және аудан формулаларын жазу.
    Постер
  4. 4) Есептер шығару (карточкамен жұмыс)

    Тақырыпты бекітуге арналған есептерді топта және жеке орындау.

    №1 есеп

    Параллелограммның қабырғалары 12 см және 15 см. Үлкен қабырғаға түсірілген биіктік 8 см болса, кіші қабырғаға түсірілген биіктікті табыңдар.

    Берілгені

    ABCD — параллелограмм

    Қабырғалары

    AB = 12 см, BC = 15 см

    Биіктік

    BK — биіктік, BK = 8 см

    Ескерту: есептің толық шешімі мен талдауы “Толық нұсқасын жүктеу” бөлімінде беріледі.

    Практика