Пайдаланған әдіс тәсілдер

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі

Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Сабақ барысы

Кезең

Психологиялық ахуал

Әдіс

Тренинг

Уақыты

3 минут

Нұсқаулық

Мұғалімдермен амандасу: «Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын».

Ортаға шығып, бір-біріңіздің арқаңызға жабыстырылған ақ қағазға тілек жазасыздар.

Кезең

Топқа бөлу

Уақыты

1 минут

Тәсіл

Суреттер арқылы топқа бөлу:

  • 1-топ: «Формативті» (смайликтері бар сурет)
  • 2-топ: «Суммативті» (4, 5, 3 сандары бар сурет)

Кезең

Білу

Уақыты

4 минут

Мазмұны

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстырамын.

Интерактивті тақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.

Негізгі ұғымдар

  • Білім сапасын көтерудің маңызды көрсеткіші — бағалау.
  • Бағалау — одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқыту нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызмет.
  • Критериалды бағалау жүйесінде ең маңыздысы — оқу үдерісінің өзі. Бұл арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, біліміндегі күшті және әлсіз тұстарын анықтайды, әрі қарай даму бағытын түсінеді. Яғни, бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс істегені және қалай ойлағаны бағаланады.

Критериалды бағалаудың түрлері

Жиынтық бағалау

Оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқу қорытындыларын шығару.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалімдерге, оқушыларға және педагогикалық үдерістің басқа қатысушыларына оқуды жетілдіру үшін қажет ақпарат беретін ағымдағы бағалау.

Критериалды бағалаудың тиімділігі бойынша материалдар келесі бөлімде толықтырылады.