Елбасының аты кім
ШҚО, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Кабдешова Клара Казтаевна
Сабақтың тақырыбы: Ұлтына қамқор Елбасы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға екенін таныстыру.
- Дамытушылық: халқымызды әлемге танытып, ел абыройын асқақтатқан Елбасына деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Тәрбиелік: Елбасынан үлгі алып, патриот, білімді ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу; сөздік қорды байыту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақ форматы
- Түрі
- Ашық тәрбие сағаты
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой қозғау
Көрнекіліктер
- Слайд: «Менің Елбасым»
- Шарлар, күн бейнесі, гүлдер
- Тойбастарға арналған заттар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру: психологиялық дайындық
Музыка әуенімен қысқы кешке саяхат жасаймыз. Көзімізді жұмып, қыс мезгілін елестетеміз: күн шығып, қар жылт-жылт етеді. Кенет ауа райы өзгеріп, аспанды қара бұлт басады да, жапалақтап қар жауа бастайды. Терезеден қарап отырған мен далаға жүгіріп шығып, екі алақанымды жапалақтап жауған қарға тосамын. Ұлпа қар алақаныма қонады. Бойымды қуаныш пен шаттық кернейді.
Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз: алақанымызда қар бар ма?
Балалардың жауабы
Жоқ, еріп кетті.
Талқылау
Қардың еру себебі — алақанымыздағы жылу. Бұл тек дене қызуы емес, бір-бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайтын жылу.
Жылы тілек айту
Бір-біріміздің көңілімізді көтеру үшін алақанымызды жайып, жеңіл үрлеп, жақсы тілек білдірейік:
- Судай таза бол.
- Кешірімді бол.
- Достарыңмен тату бол.
- Отаныңа адал бол.
- Бірлікте, сыйластықта өмір сүр.
- Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Топқа бөлу
Оқушылар түстерді таңдайды және таңдауының себебін айтады: «Маған бұл түс ұнайды». Көк түсті таңдағандар — 1-топ, қызыл түсті таңдағандар — 2-топ.
1-топ
«Елбасы»
2-топ
«Қазақстан»
Ойын: «Кемпірқосақ»
Мұғалім түстерді атайды, ал оқушылар сол түске сәйкес затты сынып ішінен тауып, барып ұстайды. Мысалы: көк, сары, қара, ақ.
Диалог: «Күнді шақырайық»
Күн сұрайды: «Бейне жайған текемет, бұл қандай жер керемет? Тұнып тұрған гүлдерге, кім тұрады бұл жерде?»
Жауап: Бұл ғажайып жердің аты — Қазақстан.
Жеріне күн нұрын шашқан,
Елі бар дәулеті асқан.
Ол біздің — Қазақстан!
Білімді ұрпағы бар,
Әсем қала — Астанасы бар.
Ол біздің — Қазақстан!
Желбіреген көк туы бар,
Болашаққа елін бастаған Елбасымыз бар.
Ол біздің — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сұрақ
Біздің тұңғыш Президентіміз кім?
Осыған орай, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Ұлтына қамқор Елбасы».
Оқушылар пікірі: «Менің Елбасым»
Назерке
Менің Елбасым — тәуелсіз Қазақ елін дүние жүзіне танытқан, табыстырған тұлға.
Маржан
Менің Елбасым — тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асқақтатқан саясаткер.
Бекзат
Менің Елбасым — ұлттық тіліміздің берік қорғаны.
Нұрай
Менің Елбасым — дініміздің берік қорғаны.
Тоғжан
Менің Елбасым — жастардың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беретін жанашыр қамқоршы.
Саян
Менің Президентім — тілі басқа болғанымен тілегі бір халықты бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.
Сөз құрастыру ойыны
«Қазақстан» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, мүмкіндігінше көп сөз құрастыру. Ең көп сөз тапқан команда жеңіске жетеді.
Ескерту: берілгендер — үлгі. Оқушылар бұдан да көп сөз ойлап табады.
«Ойландырған он сұрақ» (сұрақ-жауап)
Әр командаға 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
«Елбасы» командасына
- Елбасымыз жайлы көркем фильмдерді ата. («Балалық шағымның аспаны», «Теміртау», «Елбасы жолы»)
- Тұңғыш Президент күнін нешінші рет тойлағалы отырмыз? (4-рет)
- Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
- Елбасының аты кім? (Нұрсұлтан)
- Елбасының анасының есімі кім? (Әлжан)
«Қазақстан» командасына
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әкесінің аты кім? (Әбіш)
- Біздің тұңғыш Президентіміз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
- Елбасы қай ауылда туған? (Шамалған ауылында)
- Елбасының туған күнін ата. (6 шілде)
- Елбасының кітаптарының бірін ата. («Әділеттің ақ жолы» және т.б.)
Үлгі болар еңбек
Н. Ә. Назарбаев сабақты қалай оқыған? Елбасы сабақты өте жақсы оқыған, тапсырманы жауапкершілікпен орындаған.
Біз қалай оқуымыз керек? Жақсы оқып, жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
1 қыркүйекте сыйға тартылған кітап: «Менің Отаным — Қазақстан».
Сыныпта Маутханов Саян бұл кітапты басынан аяғына дейін толық оқып бітіріп, жауапкершілігімен ерекшеленді.
Елбасы — қамқор әке. Үш қыз тәрбиелеген. Қыздарының есімдері: Дариға, Динара, Әлия.
Сергіту сәті: «Тойбастар»
Тұңғыш Президент күніне орай «Тойбастар» дәстүрі негізінде сергіту сәті ұйымдастырылады: тойбастар заттары әкелінеді, ашылады, әрі қарай ырым-жоралғылар таныстырылады.
Ән
«Әкеме»
Орындайтын: Мэлстің қызы Назерке
Қонақтар
Ата-ана: Рахимова Гүлжан
Ұстаздар: қатысушылар
Қорытынды
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Президент халыққа тілегін былай жеткізеді:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын,
Қала берсін Астана —
Осы менің мұратым.
Халқым менің тірегім,
Құрбан жаным жүрегім.
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы — менің тілегім.
Шын жүректен!
Балалардың Елбасына тілегі
- 1 желтоқсан — Президент күніне орай оқушылар шар ұстап, шын жүректен жазған лебіздерін оқиды. Әр оқушы тілегін айтып, шарын ұшырады.
-
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ақ арманы көрінген.
Сенің арқаң — Қазақстан көркейіп,
Ақ көгершін әні шырқайды төрімнен!
Хор
«Ақ көгершін»
Кері байланыс: «Блоб ағашы»
Оқушылар сынып сағатының қаншалықты ұнағанын білдіру үшін «Блоб ағашына» алма жапсырады, ұсыныстарын ауызша айтады.
Гүлдей бер, Қазақстан, менің Отаным!