Натурал санның бөлгіштері. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері тақырыбы бойынша есептер шығара білу.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; талдау, салыстыру, жалпылау сияқты интеллектуалдық біліктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, белсенділікке, қарым-қатынас мәдениетіне және ұжымдық жұмыста ынтымақтастыққа үйрету.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Материалды бекіту.
Сабақтың әдісі
Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы жеке және топтық жұмыс.
Көрнекілігі
Бағалау парағы, үш деңгейлі тапсырмасы бар парақтар, жауап үлгілері, жетондар.
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырады, жұмыс тәртібін түсіндіреді.
2) Есептер шығару (деңгейлік тапсырмалар)
Әр оқушыға үш деңгейге бөлінген тапсырмалар жазылған парақ беріледі. Оқушы кез келген деңгейден бастауға құқылы. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушы қол көтереді, мұғалім жауап үлгісін көрсетеді. Оқушы өз шешімін үлгімен салыстырып, бағалау парағына белгі қояды да келесі тапсырмаға өтеді. Осы тәртіп 1–3 тапсырмаларға дейін қайталанады.
Дайындау тәртібі
- Мұғалім 6 есеп дайындайды: 1-нұсқа және 2-нұсқа үшін әр деңгейден 3 есептен (жеке парақтарда).
- Әр есепке жауап үлгілері дайындалады.
- Материал сыныптағы оқушылар санына қарай көбейтіледі.
Бағалау өлшемдері (тақтада/экранда)
«5»
Есеп қате жібермей шығарылған.
«4»
1–2 қате.
«3»
3 қате.
3) Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдар (бөлгіш, еселік, ең кіші ортақ еселік) қайталанып, жиі кездесетін қателер талданады.
4) Оқушыларды бағалау
Өзін-өзі тексеру нәтижелері мен бағалау парағының қорытындысы негізінде баға қойылады.
A деңгей (қолдану)
Тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жауап бере білу.
-
1) 5, 9, 15, 21, 24, 50, 60 сандарының ішінен 120 санының бөлгіштерін теріп жаз.
-
2) Бірі екіншісіне бөлгіш болатын жұптарды теріп жаз:
- 5 және 45
- 8 және 34
- 17 және 51
- 12 және 60
- 9 және 71
- 16 және 80
- 4 және 63
- 23 және 115
-
3) Еселік болатын ең кіші натурал санды жаз:
- а) 9 және 12 сандарына
- ә) 15 және 21 сандарына
-
4) Мәнін тап:
- а) (32 + 56) қосындысының 8-ге бөліндісі
- ә) (125 + 75) қосындысының 25-ке бөліндісі
-
5) Бөліндінің мәнін тап:
32x : 8 =
__________
60y : 12 =
__________
140m : 35 =
__________
Үлгі
28x : 4 = (28 : 4)·x = 7x
-
6) 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды бөлек жолдарға теріп жаз:
144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975
-
7) 3-ке бөлінетін сандарды теріп жаз:
288, 333, 444, 9468, 507, 7839, 765, 781
-
8) 9-ға бөлінетін сандарды теріп жаз:
81, 818, 8181, 81818
B деңгей (қолдану және талдау)
Берілген ақпаратты қолдана отырып, талдай білу.
-
1) Санды жаз:
- а) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік
- ә) 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік
-
2) Қосынды қай сандарға бөлінеді?
- а) 543 + 84 қосындысы 5, 4, 3 сандарының қайсысына бөлінеді?
- ә) 72 + 132 қосындысы 9, 8, 12 сандарының қайсысына бөлінеді?
-
3) 0, 3, 4, 5 цифрларын әрқайсысын бір реттен ғана пайдаланып, екі таңбалы сандарды құрастыр:
- а) 2-ге бөлінетін
- ә) 5-ке бөлінетін
- б) 10-ға бөлінетін
- в) 2-ге бөлінбейтін
-
4) Қосылғыштардың жазылуына қарай 3-ке бөлінетін қосындыларды таңда. Содан кейін 3-ке бөліп, бөліндіні тап:
- а) 15 + 12 + 21
- ә) 21 + 42 + 81
C деңгей (дәлелдеу және жалпылау)
-
1) Санды тап:
а) a санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, a. a қандай сан?
ә) b санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, b. b қандай сан?
-
2) Дәлелде: 455 саны 35-ке бөлінеді, ал 35 саны 7-ге бөлінеді. Демек, 455 саны 7-ге бөлінетінін көрсет.
Үлгі
585 саны 45-ке бөлінеді, ал 45 саны 9-ға бөлінеді. Онда 585 саны 9-ға бөлінеді, себебі 585 = 45·13 = (9·5)·13 = 9·(5·13) = 9·65.
-
3) Дәлелде (мысалдармен): тізбектес екі тақ санның қосындысы 2-ге бөлінеді.