Сөйлемдегі шылаулардың астын сыз

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары — Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы.

Сабақтың тақырыбы

Шылауларды қайталау

Сабақтың типі

Қайталау-пысықтау сабағы

Сабақтың түрі

Деңгейлік саралау сабағы

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап, іздендіру, мазмұндау, талдау, жинақтау, топтастыру
  • «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар
  • Блум жүйесі, шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Мақал-мәтелдер буклеті
  • Шылауларға арналған сызба
  • Үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс

Ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың шылау туралы алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру және кеңейту.

Дамытушылық

Танымын кеңейту, ойлау шеберлігін арттыру, теориялық материалды жүйелі әрі тиянақты баяндауға дағдыландыру; шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету және пәнге қызығушылығын күшейту.

Тәрбиелік

Сөйлеу мәдениетін дамыту; талдауға алынған материалдар мен мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізеттілік, имандылыққа тәрбиелеу; туған жерін, елін, Отанын сүюге баулу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығын тексеру, оқу құралдарының толықтығына көз жеткізу, оқушылардың сабаққа дайындығы мен көңіл күйін байқау, назарын толықтай сабаққа аударту.

Сабақты бастауға арналған өлең шумақтары

Қазақ тілі — атаң, анаң, Қуат алар Отан да одан. Дүниеде ешбір асыл Тең келмейді қатар оған. Дұшпаның да бас иетін, Тілің — ұлттық қасиетің.

Бір мен екі алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар. Кілең төрттік алғандар Бесті ғана армандар.

Осы шумақтар арқылы оқушылардың пәнге және сабаққа қызығушылығы оянып, келесі тапсырмаларға серпін береді.

Қызығушылықты ояту

І. «Үш қадамды сұхбат» (ережені еске түсіру)

  1. 1Шылау дегеніміз не?
  2. 2Шылаулар сипатына қарай неше топқа бөлінеді?
  3. 3Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

ІІ. «Мақал — сөз мәйегі» (шылаулар қатысқан мақал-мәтелдер)

  • 1-оқушы: Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу.
  • 2-оқушы: Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
  • 3-оқушы: Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң; малдың күйін сұрама, қонысынан ауған соң.
  • 4-оқушы: Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
  • 5-оқушы: Адам болып туған соң, адам болып өлу — лазым.
  • 6-оқушы: Адам бір терінің ішінде туады да, солады.
  • 7-оқушы: Қой асығы демей-ақ, қолыңа толса — сақа тұт. Жасы кіші демей-ақ, ақылы асса — аға тұт.

Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар оқушылардың білімін біртіндеп тереңдетуге бағытталған: түсіну → қолдану → талдау.

І деңгей: «Сұраймын — тез жауап бер»

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сөйлемдердегі шылаулардың астын сызыңыз.

Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды.

Таңданып, әрі қуанып та келеді.

Жылқыда Үсен қалды да, Қуаныш ағасы үйге келді.

Театрдан Нұрлан әрі қуанып, әрі сәл жабырқап шықты.

Аманның жерге түсіп, жаяу жүргісі келді де, бірақ Қуаныш атын тоқтатпады.

Сараңдықты адамның ең бір жаман қасиеті деп білетін, сондықтан мүсінді суретші апайға ұсынды.

(Бақытжан Момышұлы)

ІІ деңгей: «Ойла, ойлан, ойландыр»

Ереже

да/де, та/те, мен/бен/пен шылау болса — бөлек жазылады, жалғау болса — алдындағы сөзге бірге жазылады.

1) Ажырату тапсырмасы

Жақша ішіндегі тұлғаларды шылау/жалғау ретінде ажыратып, дұрыс жазыңыз.

  • Керімбала (мен) қосылып бауырсақ пісіріп, шай қайнатты.
  • Балабек (пен) Мұратәлі отын жарды.
  • Балабектің қуанышын (да) шек болған жоқ.
  • Мұғалім алақаны (мен) оның шашынан сипады.
  • Отын кесуге Жәукен мен Сарығызды (да) ала кететін болды.
  • Балабектің (де) барғысы келді.

(Ғ. Нұрмағамбетов)

2) Мақал-мәтелмен жұмыс

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз және шылаулардың астын сызыңыз.

  1. Озбыр олжа үшін өледі, күншіл күндеумен бөледі.
  2. Жақсы дос үшін жан пида.
  3. Әділ би — халық үшін, залым би — құлқын үшін.

ІІІ деңгей: Блум жүйесі бойынша

Білім

1-оқушы

«Шылау» тақырыбын топтастыру әдісі арқылы жүйелеу.

Түсіну

2-оқушы

Мақал-мәтелдерді оқып, шылауларды тауып белгілеңіз; мағынасын түсіндіріп, қорытынды жасаңыз.

  • Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ.
  • Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
  • Жақсы — ай мен күндей, әлемге бірдей.

Қолдану

3-оқушы

Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңыз.

Өз ұлың, өкпеге тепкілесең .......... кетпес,

Кісі баласын кісендесең .......... тұрмас.

Көрмес түйені .......... көрмес.

Талдау

4-оқушы

«Талдау — табыс кілті». Мәтінді оқып, сөйлем құрылымын талдаңыз; шылауларды анықтап белгілеңіз.

Шашты күту аса қажет. Ол үшін шашты 7–10 күнде бір рет жылы сумен сабындап жуу керек.