Қарға құсқа бақылау

Бақылау жұмыстары: табиғат, жануарлар және құбылыстар

Бұл жинақ балаларға қоршаған ортаны байқап, сұрақ қою арқылы ойлануға, сөздік қорын байытуға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға көмектеседі. Әр бақылауда мақсат, көркем сөз (өлең/жұмбақ) және әңгімелесуге арналған үлгі сұрақтар берілген.

Сұрақ-жауап Сөздік қор Қамқорлық Табиғатты бақылау

№ 1 — Құстарға бақылау

Мақсаты

  • Құстар туралы білімдерін бекіту.
  • Құстардың дене пішіндерін атай білуге үйрету.
  • Құстарға сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көркем сөз

Құстар бейне жастардай,

Тұра алмайды ән салмай.

Боз ала таңда бозторғай

Қоя алмайды қарсы алмай.

Үлгі сұрақтар

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстарды біз қандай досымыз деп атаймыз?
  • Неге күзде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
  • Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
  • Құстардың адамға пайдасы бар ма?
  • Егер құстар болмаса, не болады?
  • Құстар қалай шомылады?

№ 2 — Күзгі ағаштарға бақылау

Мақсаты

  • Ағаш туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын және ой-өрісін дамыту.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Отырғыз ағаш көктемде,

Жөн болар еңбек еткенің.

Келмесе шамаң еккенге,

Сындырма жұрттың еккенін.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Ағаш жапырақтарының түсі қандай?
  • Неге күзді «Алтын күз» деп атайды?
  • Неге күзде жапырақтар жерге түседі?
  • Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?

№ 3 — Аула тазалаушының еңбегіне бақылау

Мақсаты

  • Аула тазалаушының еңбегі туралы мағлұмат беру.
  • Үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету.
  • Қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.

Көркем сөз

Қамымызды ойлайды,

Тазалайды, жинайды.

Құрметтейміз бәріміз

Тазалықшы ағайды.

Үлгі сұрақтар

  • Аула тазалаушы қандай жұмыс атқарады?
  • Оның қолында қандай құралдар бар?
  • Өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауға бола ма?
  • Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

№ 4 — Күзгі табиғатқа бақылау

Мақсаты

  • Табиғат құбылыстарымен таныстыру.
  • Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге баулу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

Көркем сөз

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Күзде неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Неге «алтын күз», «жомарт күз», «қара күз» деп атайды?

№ 5 — Жердегі жапырақтарға бақылау

Мақсаты

  • Жапырақ туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.
  • Ойлау мен қиялдау қабілетін дамыту.
  • Табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Жұмбақ

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жерде нелер жатыр?
  • Жапырақтың түсі неге ұқсайды?
  • Жапырақтар неліктен көктемде шығып, күзде түседі?
  • Жапырақтан не жасауға болады?

№ 6 — Қарға құсқа бақылау

Мақсаты

  • Қарға туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.
  • Құстарға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар,

Қысып кетсе сары аяз.

Үлгі сұрақтар

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Қарға қандай құс?
  • Оның түсі қандай?
  • Ол неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
  • Қарға қайда өмір сүреді?
  • Ертегілерде қандай рөл атқарады?

№ 7 — Қарға бақылау (қысқы көрініс)

Мақсаты

  • Қар туралы білімдерін бекіту.
  • Табиғат әсемдігін сезіне білуге баулу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Бейне ақ бұлт қоныпты,

Аулаға қар толыпты.

Атам аңға шығатын,

Нағыз сонар болыпты.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қазір қай ай?
  • Бұл қыстың қай кезеңіне жатады?
  • Жерде нелер жатыр?
  • Қардың түсі қандай?
  • Қар неге ұқсайды?
  • Қардан не жасаймыз?
  • Жазда қар жауа ма? Неліктен?

№ 8 — Қысқы ағаштарға бақылау

Мақсаты

  • Ағаштар туралы білімдерін бекіту.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
  • Табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жұмбақ

Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясында ән салып,

Құстар жүрген сайрап.

Салқын түссе шешіліп,

Қалады өзі жайрап. (Ағаш)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
  • Ағаш бұтақтарынан нені көріп тұрсыңдар?
  • Ағаштың пайдасы бар ма?
  • Ағаштан не жасайды?
  • Ағаштарды орынсыз кесуге бола ма?

№ 9 — Желге бақылау

Мақсаты

  • Жел туралы білімдерін бекіту.
  • Табиғат құбылыстарын бақылауға үйрету.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Көркем сөз

Желдет, желдет,

Жетіқара дауылдат,

Өрісін құлат,

Баласын жылат,

Тай терісін қалтырат,

Науа-астауын жалтырат.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Жел бар ма?
  • Жел қай жақтан соғып тұр?
  • Жылы жел ме, әлде салқын жел ме?
  • Желдің пайдасы бар ма?

№ 10 — Аязға бақылау

Мақсаты

  • Қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту.
  • Табиғат құбылыстарын бақылауға баулу.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
  • Табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Шашқандай түнде күміс,

Аспан, жер екі арасы,

Сияқты бұл көрініс —

Аяздың шекарасы.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыстың қай айы?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Аяз терезелерге не «салып» қояды?
  • Аяз екенін қайдан білдіңдер?
  • Неге аяз болғанда «күміс шашқандай» дейді?

№ 11 — Мұзға бақылау

Мақсаты

  • Мұз туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (Мұз)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Мұз қалай пайда болады?
  • Мұздың түсі қандай?
  • Неге мұз отқа жанбайды?
  • Неге ол суға батпайды?

№ 12 — Қысқы табиғатқа бақылау

Мақсаты

  • Қысқы табиғат құбылыстарымен таныстыру.
  • Қысқы табиғаттың әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыста неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
  • Қыста даланың түсі қандай болады?
  • Қыста ауа райы қандай болады?

№ 13 — Торғайға бақылау

Мақсаты

  • Торғай туралы білімдерін бекіту.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Құстарға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Торғай, торғай тоқтаған,

Торғайды торғай мақтаған.

Бір торғай ұшса боранда,

Бәрі жабылып жоқтаған.

Үлгі сұрақтар

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Торғай қандай құс?
  • Торғайлар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
  • Торғай адам қолынан жем жей ме?
  • Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

№ 14 — Ағып жатқан суға бақылау

Мақсаты

  • Табиғат құбылыстарымен таныстыру.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Алақай-ау, алақай,

Көктем келді, балақай!

Құстар келіп ән салып,

Жылғалардан су ақты.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктемде неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
  • Қар еріп, неге айналды?
  • Жылғалардан нелер ағып жатыр?

№ 15 — Көктемгі табиғатқа бақылау

Мақсаты

  • Көктемгі табиғат құбылыстарымен таныстыру.
  • Көктемгі әсемдіктен ләззат ала білуге баулу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Жайраңдасып кәрі-жас,

Құстар келе бастады.

Қыс киген ақ шапанды,

Көктем сөгіп тастады.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктемде неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Көктемнің хабаршысы деп қай құсты атайды?
  • Көктем сендерге несімен ұнайды?

№ 16 — Суға бақылау

Мақсаты

  • Су туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (Су)

Үлгі сұрақтар

  • Далада не ағып жатыр?
  • Су неден пайда болады?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Судың түсі қандай?
  • Сусыз адам өмір сүре ала ма?
  • Неге су «тіршілік нәрі» деп аталады?
  • Егер су болмаса, не болады?

№ 17 — Ұшаққа бақылау

Мақсаты

  • Ұшақ туралы білімдерін молайту.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Аспанда ұшар қалықтап,

Құс қанаты секілді. (Ұшақ)

Үлгі сұрақтар

  • Аспанда не ұшады?
  • Ұшақты неге ұқсатады?
  • Қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?
  • Ұшақ не үшін керек?
  • Ұшақ күнделікті көлік жүретін жолмен жүре ала ма?
  • Ұшақты кімдер жүргізеді?

№ 18 — Құстың ұясына бақылау

Мақсаты

  • Құстың ұясы туралы толық мағлұмат беру.
  • Ұяны құстар неден және қалай жасайтынын түсіндіру.
  • Құстарға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жұмбақ

Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)

Үлгі сұрақтар

  • Ағаш басынан нені көріп тұрмыз?
  • Құстар ұяны не үшін жасайды?
  • Қай құс ұясын балшықтан жасайды?
  • Құстың ұясын бұзуға бола ма?
  • Қандай құс ұя салмайды?
  • Біз құстарға ұя жасап беруіміз керек пе?

№ 19 — Көктемде еріп жатқан суға бақылау

Мақсаты

  • Қар туралы білімдерін тиянақтау.
  • Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту.

Көркем сөз

Аппақ-аппақ қарымыз,

Кірлене бастады.

Күндіз-түні ол еріп,

Жоғала бастады.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктемде неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
  • Неге көктемде қар ери бастайды?
  • Қазір жерде жатқан қардың түсі қандай?

№ 20 — Табиғатқа бақылау

Мақсаты

  • Айналадағы табиғатты бақылауға баулу.
  • Сұрақ-жауап арқылы ой-өрісін дамыту.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Күннің көзі алтын түске боялып,

Бар тіршілік ояныпты.

Тиін өрлеп, торғай қонып ағашқа,

Балалардың жетпейтіндей бойы анық.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Қазір қай ай?
  • Айналамызда қандай өзгерістерді көріп тұрсыңдар?

№ 21 — Қысқы ауаны бақылау

Мақсаты

  • Қыс туралы түсінік беру, қыстың ерекшелігі мен сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.
  • Ақыл-ойын дамыту.
  • «Қар жауып тұр», «күн шығып тұр», «жылы», «салқын», «аяз» сияқты жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қандай маусымы?
  • Оны қайдан білеміз?
  • Біз қандай киім киіп жүреміз?
  • Бүгін күн қандай?
  • Қар қалай жауып тұр?
  • Қардың ақ ұлпалары жерге қалай қонып жатыр?

Жұмбақтар

  • Қыста ғана болады,

    Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

  • Қолы жоқ сурет салады,

    Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

  • Жалт-жұлт етеді,

    Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)

№ 22 — Күнге бақылау

Мақсаты

  • Күн туралы білімдерін бекіту.
  • Күннің шуағы не үшін қажет екенін түсіндіру.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Көркем сөз

Алақай, алақай,

Күн шықты!

Жер үстіне нұр шықты.

Үлгі сұрақтар

  • Күн қай мезгілде көбірек көрінеді?
  • Күн бізге не береді?
  • Күннің түсі қандай?
  • Егер күн шықпаса, не болады?
  • Күннің адамға пайдасы бар ма?
  • Күннің пішіні қандай?

№ 23 — Аспанға бақылау

Мақсаты

  • Аспан туралы түсініктерін кеңейту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.

Көркем сөз

Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шамалап,

Мен ғарышкер боламын.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Бүгін аспан қандай?
  • Аспанда бұлт болса, не болады?
  • Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?

№ 24 — Көп қабатты үйлерге бақылау

Мақсаты

  • Көп қабатты үйлерді кімдер және неден салатыны туралы мағлұмат беру.
  • Ой-өрісін дамыту.

Көркем сөз

Қалада көп биік үй,

Соның бәрі — біздің үй.

Барады үйлер биіктеп,

Төбесіне тиіп көк.

Үлгі сұрақтар

  • Біз қай қалада тұрамыз?
  • Қалада қандай үйлер көп?
  • Сендер тұратын үй қандай?
  • Көп қабатты үйлерден басқа қандай үйлер болады?
  • Үйлерді кімдер салады?
  • Құрылысшылар үйді неден салады?

№ 25 — Жаңбырға бақылау

Мақсаты

  • Жаңбыр туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Жау, жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр.

Жер көгерсін, көк өссін,

Жау, жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қазір қай ай?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Далада не жауып тұр?
  • Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
  • Егер жаңбыр жаумаса, не болады?
  • Жаңбыр қайдан жауады?

№ 26 — Жазғы табиғатқа бақылау

Мақсаты

  • Жазғы табиғат құбылыстарымен таныстыру.
  • Жазғы табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Балақай, алақай,

Жаз келді, алақай!

Жалаң аяқ жүреміз,

Балақты да түреміз.

Көлден балық сүземіз.

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жазда неше ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Құрт-құмырсқалар не істеп жүр?
  • Жаз сендерге несімен ұнайды?

№ 27 — Өрмекшіге бақылау

Мақсаты

  • Өрмекші туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Тоқыған ауы —

Шыбынның жауы. (Өрмекші)

Үлгі сұрақтар

  • Біз нені көріп тұрмыз?
  • Өрмекші қайда жүреді?
  • Ол нені тоқып жүреді?
  • Өрмекті не үшін тоқиды?
  • Өрмекшінің адамға пайдасы бар ма?

№ 28 — Гүлге бақылау

Мақсаты

  • Гүлдер туралы білімдерін бекіту.
  • Гүлдерді ажырата білуге үйрету.
  • Тірі табиғатқа қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Көркем сөз

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Үлгі сұрақтар

  • Алаңда не өсіп тұр?
  • Қандай гүлдерді білесіңдер?
  • Гүлдерді жұлуға бола ма?
  • Гүл не үшін керек?

№ 29 — Құмырсқаға бақылау

Мақсаты

  • Құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.
  • Сұрақ қою арқылы ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Құмырсқаның ерекше жәндік екенін түсіндіру.

Жұмбақ

Алға, артқа қарай жүреді,

Еңбекқор — оны бәрі біледі. (Құмырсқа)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Біз нені көріп тұрмыз?
  • Ол неге жүгіріп жүр?
  • Құмырсқаның үйін не дейді?
  • Ол илеуіне нені тасып жүр?
  • Ол не үшін керек?
  • Құмырсқа қыста бола ма?
  • Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма?

№ 30 — Көбелекке бақылау

Мақсаты

  • Көбелек туралы білімдерін бекіту.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Тірі табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем сөз

Көк шалғында Төребек,

Қуып жүрді көбелек.

Қызыл-жасыл қанаты,

Қызғалдақтай керемет.

Үлгі сұрақтар

  • Қандай жәндіктерді білесіңдер?
  • Көбелек қандай жәндік?
  • Түр-түсі қандай?
  • Көбелек қайда қонады?
  • Көбелектің адамға пайдасы бар ма?

№ 31 — Мысыққа бақылау

Мақсаты

  • Мысық туралы білімдерін бекіту.
  • Жануарларға қамқорлық сезімін ояту.

Көркем сөз

Пеш қасында мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

Үлгі сұрақтар

  • Мысық қандай жануар?
  • Мысық неден қорқады?
  • Мысық немен қоректенеді?
  • Мысық қалай жуынады?
  • Ол қандай жабайы аңға ұқсайды?

№ 32 — Итке бақылау

Мақсаты

  • Ит туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
  • Жануарларға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жұмбақ

Адамға серік,

Күзетте берік. (Ит)

Үлгі сұрақтар

  • Ит қандай жануар?
  • Неге итті адамға серік дейді?
  • Қандай иттерді білесіңдер?
  • Иттен қандай жануар қорқады?
  • Иттің адамға пайдасы бар ма?

№ 33 — Шыбынға бақылау

Мақсаты

  • Шыбын туралы білім беру.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.

Жұмбақ

Ызыңдап ән салады,

Лас жерге қонады. (Шыбын)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Далада не ұшып жүр?
  • Шыбын қандай жәндік?
  • Ол қандай жерлерге қонады?
  • Шыбынның адамға пайдасы бар ма?

№ 34 — Араға бақылау

Мақсаты

  • Ара туралы білімдерін бекіту.
  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Ұшады, қонады,

Гүлдерді бағады.

Түр-түсі сары-ала —

Бұл не? (Ара)

Үлгі сұрақтар

  • Далада не ұшып жүр?
  • Оның түр-түсі қандай?
  • Ара немен қоректенеді?
  • Араның тұмсығы қандай?
  • Араның адамға пайдасы бар ма?

№ 35 — Инелікке бақылау

Мақсаты

  • Инелік туралы білімдерін бекіту.
  • Жәндіктерге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
  • Сөздік қорын молайту.

Жұмбақ

Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты.

Сонда да тікұшақ

Моделі секілді. (Инелік)

Үлгі сұрақтар

  • Инелік қандай жәндік?
  • Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
  • Инелік неге ұқсайды?
  • Инелік қайда өмір сүреді?

№ 36 — Қоңызға бақылау

Мақсаты

  • Қоңыз туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту.

Жұмбақ

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады.

Мұны ойлап көріңіз,

Шешімін кім табады? (Қоңыз)

Үлгі сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қоңыз қандай жәндік?
  • Олар не үшін жер қазады?
  • Ұшқанда қандай дыбыс шығарады?

№ 37 — Тасбақаға бақылау

Мақсаты

  • Тасбақа туралы білімдерін бекіту.
  • Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын дамыту.
  • Тірі табиғатқа қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Жұмбақ

Асты тас, үсті тас,

Ортасында шындыр бас. (Тасбақа)

Үлгі сұрақтар

  • Тасбақа қайда өмір сүреді?
  • Ол немен қоректенеді?
  • Тасбақа жауларынан қалай қорғанады?
  • Ол суда өмір сүре ме?

Қорытынды идея

Бақылау — баланың табиғатпен байланысын нығайтатын ең қарапайым әрі ең нәтижелі тәсілдердің бірі. Әр серуенде бір нысанды таңдап, мақсат қойып, көркем сөзбен әсерлендіріп, сұрақтар арқылы ойландыру — оқу мен тәрбиені табиғи түрде ұштастырады.