Қызылорда облысының шаруашылығы жөнінде жазылған тұсты оқы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы
Сабақтың типі
Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі
Зерттеу сабағы
Әдіс-тәсіл
СТО технологиясы
Көрнекіліктер
- ҚР географиялық картасы
- Ы. Жақаевтың суреті
- Слайдтар
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға ақ күрішті аймақ — Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы түсінік бере отырып, мәтінді меңгерту.
Дамытушылық
Шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, ізденімпаздығын, танымдық қызығушылығын және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Өміршеңдік ережелері
Жалпы адам өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күреседі? Кез келген іске иығын тіктеп, жарқын көңілмен кірісіп, табысқа жету үшін өзін-өзі іштей сендіруі керек.
Ол үшін әркім өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін тануы маңызды. Мысалы: «Мен мәдениеттімін» — яғни мәдениет деген мен.
Жігер — деген мен
Алғыр — деген мен
Табиғатты сүйетін — мен
Ақылдылық — деген мен
Денсаулық — деген мен
Инабаттылық — деген мен
Білімділік — деген мен
Күш — деген мен
Кешірім — деген мен
Сауаттылық — деген мен
Ізеттілік — деген мен
Мейірім — деген мен
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тақырып: «Ел болу тарихымыздан». Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша түсінігін айтады.
1-топ
Азаттық символы — Алтын адам
2-топ
Қазақ хандығы
3-топ
Тәуелсіздік — тірегіміз
III. «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы бекіту
- Алтын адам қайдан, қашан табылды?
- Үш биді ата.
- Қазақ хандығы қай уақытта құрылды?
- ҚР Елтаңбасында қайталанған «Алтын адам» тәжіндегі қандай бейне?
- Тұңғыш заң қалай аталады?
- Еліміздің тарихында Тәуке хан мен Абылай ханның алатын орны қандай?
- Желтоқсан оқиғасында ерен ерлік көрсеткен аға-апаларымызды ата.
- Еліміздің Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
IV. Мағынаны тану
Жаңа сабақ: «Ақ күрішті аймақ»
Бүгінгі тақырыпты ашу үшін өткен сабақты еске түсіріп, сөзжұмбақты шешеміз. Сөзжұмбақ арқылы ақ күріш өсірілетін аймақтың Қызылорда екенін анықтаймыз. Сабақ барысында Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы мағлұмат аламыз.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Біздің Отанымыз? Қазақстан
- Үш бидің бірі? Қазыбек
- Мемлекеттік тіл? Қазақ тілі
- Қазақтың ханы? Абылай
- Қазақтың батыр қызы? Әлия
- … оттан да ыстық? Отан
- Қазақстан Президенті? Нұрсұлтан
- 16 желтоқсан қандай күн? Тәуелсіздік күні
- Шаңырақ пен бес жұлдыз бейнеленген рәміз? Елтаңба
«Қызылорда туралы не білеміз?» (ой қозғау)
V. Картамен жұмыс
Қызылорда облысы Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай созылып жатыр. Оның басты қаласы — Қызылорда.
Бұл аймақтың табиғаты шөлейт. Жер бедерінде үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикадағы ең ыстық өңірлердің бірі.
Аймақтың басты ерекшелігі — Сырдария бойында орналасуы. Шөлді өлкені көркейтіп, ақ күрішті жайқалтатын — Сыр суы.
Ақ күріштен мол өнім алуда алға шыққан адам — атақты күрішші Ыбырай Жақаев.
VI. Оқулықпен жұмыс
1-топ
Сырдария өзені туралы жазылған тұсты тауып, оқиды.
2-топ
Қызылорда облысының шаруашылығы туралы жазылған тұсты оқиды.
3-топ
Арал теңізі жайлы жазылған тұсты оқиды.
VII. Ой толғаныс
1-топ
«Ақ күрішті аймақ»
Ребус шешу арқылы тақырыпты бекітеді.
2-топ
INSERT (түртіп алу) әдісі
Білемін
Қызылорда — әсем қала, ол біздің облыс орталығы.
Білдім
Атақты күрішші Ы. Жақаевтың өмірімен таныстым. Күріштің ең бағалысы біздің облыста өсірілетінін білдім.
Білгім келеді
Қызылордада қандай мәдени орталықтар бар?
3-топ
Бес жолды өлең әдісі
Тақырып (зат есім)
Ы. Жақаев
1-сөз
Ыбырай
Сын есімдер
Күрішші, еңбекқор
Етістіктер
Екті, суарды, еңбектенді
Сөйлем
Ол дүниежүзілік рекорд жасады.
Синоним
Адам
VIII. Бағалау
Топтық және жекелей бағалау жүргізіледі.
IX. Үй тапсырмасы
1-топ
«Сыр елі — жыр елі» тақырыбында реферат жазу.
2-топ
Ы. Жақаев туралы реферат жазу.
3-топ
«Арал апаты» тақырыбында реферат жазу.