Үшбұрыштың барлық қабырғалары тең

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері тақырыбын қайталау.

Сабақтың түрі

Дәстүрден тыс сабақ: саяхат сабағы.

Сабақтың мақсаты

  1. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері бойынша алған білімдерін тексеру және қорытындылау; есеп шығаруда қолдана білу.
  2. Ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Көрнекіліктер

Мультимедиа, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру
  2. «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрінісі
  3. Сұрақ-жауап
  4. Деңгейлік тапсырмалар
  5. Логикалық есеп (сергіту)
  6. Кітаппен жұмыс
  7. Үй тапсырмасы
  8. Оқушыларды бағалау

І бөлім. «Үшбұрыштар еліне саяхат»

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Үшбұрыш атты хан болыпты. Үшбұрыштар әулеті бір-біріне тең, тату ру болыпты.

Тең қабырғалы үшбұрыш

Интерактивті тақтада тең қабырғалы үшбұрыш көрсетіледі.

Сұрақ

Көріп отырғандарың қандай үшбұрыш? Қандай қасиеттері бар?

Оқушылардың жауабы

  • Үшбұрыштың барлық қабырғалары тең.
  • Барлық бұрыштары тең.
  • Үшбұрыш төбелері латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп, сол бойынша оқылады.

Тең бүйірлі үшбұрыш

Экранда тең бүйірлі үшбұрыш көрінеді. Ол өзін таныстырады:

«Менің атым — тең бүйірлі үшбұрыш. Себебі екі бүйір қабырғам тең, ал үшінші қабырғам — табаным.»

Қасиеттері

  • Табанындағы бұрыштары тең болады.
  • Табанына жүргізілген медиана бір мезгілде биіктік те, биссектриса да болады.

Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

Экраннан әртүрлі қабырғалы үшбұрыш шығады:

«Атым — әртүрлі қабырғалы үшбұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әртүрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.»

Бұрыштарына қарай үшбұрыштар

Экранға өлең жолдарымен сүйір бұрышты үшбұрыш шығады:

«Бұрышым менің сүйір,
Ақылың болса егер бір түйір,
Ойланшы өзің —
Сонда қалай атанамын?»

Оқушылар жауабы: сүйір бұрышты үшбұрыш.

Экранға өлең жолдарымен доғал бұрышты үшбұрыш шығады:

«Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын:
Қалай деп мені атайды?
Үшбұрыштар әулетінің бірімін.»

Оқушылар жауабы: доғал бұрышты үшбұрыш.

ІІ бөлім. Сұрақ-жауап

Сұрақ

а) Үшбұрыштың түрлерін ата.