Кеңестікті бағдарлау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім саласы
Таным
Бөлімі
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы
Заттар тобын салыстыру
Мақсаты
Балаларды заттар тобын салыстыруға үйрету.
Міндеттері
- Балаларды заттарды салыстыруға үйрету; «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
- Кеңістік туралы түсініктерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
- Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар және әдіс-тәсілдер
Көрнекі құралдар
- Геометриялық пішіндер
- Үлестірмелі материалдар
- Жазу дәптері
- Пішіндерден құрастырылған суреттер
- Таяқшалар
Әдіс-тәсілдер
- Дьенеш блоктары
- Түсіндіру
- Көрсету
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
Билингвалды компонент
Сабақ барысында негізгі ұғымдарды екі тілде бекіту (қажетіне қарай).
Сабақтың кезеңдері
1) Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері
Е. Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін бірге айту:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
2) Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау
- 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
- Пішіндерді қайталау және олардың қасиеттерін дәлелдеу.
- Суреттерден пішіндерді тауып, атау.
- Заттың қасиетін анықтау.
- Кеңістікті бағдарлау.
- Уақытты бағдарлау.
3) Жаңа тақырып: дәптермен жұмыс
-
1
Суретті құрастыру
Жапсырма жұмысын орындау.
-
2
Бекіту тапсырмасы
1-тапсырмадағы жұмысты қатыстыра отырып орындау.
-
3
Сәйкестендіріп таңдау
Машиналардағы тең келетін пирамидаларды таңдап, бояу.
-
4
Санау
Ұяшықтардағы заттарды санау.
4) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен бірге айту:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кірлесе егер киіміміз,
Өзіміз жуып аламыз.
Едендегі шаңдарды
Шаңсорғышпен сорамыз.
Біздің қолда он саусақ,
Барлық іске жарамды.
5) Дидактикалық ойын: «Салыстыр»
Шарты: салыстыруға арналған тапсырмаларды орындау. Балалар заттар тобын салыстырып, қайсысы артық, қайсысы кем екенін анықтайды.
Қорытындылау және кері байланыс
Талқылауға арналған сұрақтар
- Бүгін сабақта не істедік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- «Заттың қасиеті» дегенді қалай түсіндіңдер?
- «Кеңістік» дегенді қалай түсіндіңдер?
- Қандай фигуралармен таныстық?
Бағалау
Балалардың жауаптары тыңдалып, тапсырмаларды орындау сапасына, ұқыптылығына және салыстыруды дұрыс қолдануына қарай бағаланады.
Ескерту
Сабақ соңында негізгі ұғымдар тағы бір рет қайталанып, балалардың түсіну деңгейі қысқа сұрақтар арқылы нақтыланады.