Шебердің қолы ортақ Сабақты бағалау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақ тақырыбы — зергерлік өнер (слайдтық материалмен). Сабақ түрі — саяхат сабақ. Жұмыс әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.
Көрнекілік
- Тест сұрақтары
- Әшекей бұйымдардың суреттері
Құралдар және байланыс
- Техникалық құрал: компьютер
- Пәнаралық байланыс: тарих, этнография, музыка
Мақсаты
Зергерлік өнердің қыр-сырын меңгерту және көсемше тақырыбын қайталау. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ барысында алынған білімді қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы негізінде қолдана отырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және ойлау қабілетін дамыта отырып компьютерлік біліктілікті нығайту.
Күтілетін нәтиже
- Зергерлік өнердің тарихын меңгереді.
- Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата біледі.
- Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындайды.
- Тәрбиелік мәнін түсініп, тұжырым жасай алады.
Бағалау түрлері
1) Тест жұмыстары
Білімді жедел тексеру және қорытындылау.
2) Деңгейлік тапсырмалар
I–III деңгей бойынша дағдыны бекіту.
3) «Соңғы пікірді маған қалдыр»
Рефлексия, өз ойын дәлелді жеткізу.
Сабақ барысы: зергерлік өнерге саяхат
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде қалыптасқан. «Зергер» сөзі парсы тіліндегі «зәргәр» атауымен байланысты: парсы тілінде алтын мен күмістен созылып алынған жіңішке сым «зәр» деп аталады.
Халық арасында зергерлер ерекше құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер бізге аса шеберлікпен жасалған бұйымдардың мол мұрасын жеткізді.
Археологиялық деректер
- Қарғалы қазынасы: әйелдің бас киімі, түйе мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға.
- Ақтас–1 қорымы (б.з. II–V ғғ.): жарқырауық тас орнатылған сырғалар.
Бұл бұйымдарды әшекейлеуде қазіргі заманда да қолданылатын көптеген техникалық тәсілдер пайдаланылғаны байқалады.
Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің жасаған жүзік, білезік, алқа, шолпы сияқты бұйымдарында мүйіз оюының түрлері мен арқар басы бейнелері жиі кездеседі.
Зергерлер әйел әшекейлерін жасауда тек эстетикалық талғамды емес, сонымен бірге діни-идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңызын да ескерген.
Қолданылған асыл тастар
Әр зергердің өз қолтаңбасы болған: шебердің қолын бұйымының өрнегі мен өңдеу мәнерінен тануға болады.
Халықтық түсінік: тастардың қасиеті
Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға қатысты оң көзқарас бүгінге дейін сақталған. Халық арасында інжу катарактаға, янтарь зоб ауруына пайдалы деп айтылса, маржан көз тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, ал перуза бақыт әкеледі деген түсінік бар. «Зейнет пен қуаныш тасы» деп танылған ақық әрдайым жоғары сұранысқа ие болған.
Сұрақ-жауап: «Жедел жауап» аялдамасы
- 1. Қазақ даласында зергерлік өнер алғаш қай дәуірде пайда болды?
- 2. Қарғалы қазынасынан қандай әшекей бұйымдар табылған?
- 3. Ақтас қорымынан қандай бұйымдар табылған?
- 4. Сақ, ғұн, үйсін зергерлері жасаған бұйымдардың ерекшелігі неде?
- 5. Зергерлер әшекей жасауда қандай қағидаларды (эстетикалық және дәстүрлік) ескерген?
- 6. Негізгі материал ретінде қандай металл түрлері пайдаланылған?
- 7. Неліктен әшекей бұйымдар көбінесе алтыннан жасалған?
- 8. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
- 9. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
Деңгейлік тапсырмалар (дәптермен жұмыс)
I деңгей
- Көсемшенің жұрнағын жалға (14-слайд).
- Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой (15-слайд).
- Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле (16-слайд).
Керекті сөздер
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік, шолпы, бас киім, Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау
II деңгей
- Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс орналастыр (17-слайд).
- Диалогтағы бос орындарға көсемшенің жұрнағын жалғап, өз ойыңша жалғастыр (18-слайд).
III деңгей (шығармашылық)
- «Шеберлер елі» (20-слайд).
- «Кім жылдам және тез?» шығармашылық тапсырмасы (21-слайд).
Бой сергіту
«Мені жалғастыр» ойыны (19-слайд).
Үй жұмысын тест арқылы тексеру
Тест сұрақтары
-
1. Әбілхан Қастеев кім?
-
2. Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
-
3. Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады?
-
4. Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды?
-
5. Ұлттық киім тігумен айналысатын адам қалай аталады?
Сабақты бекіту: қорытынды тест
-
1. Көсемшенің жұрнақтары:
-
2. Шолпының қыз бала тәрбиесінде маңызы бар ма?
-
3. Ұста-зергерлердің жұмыс істейтін орны қалай аталған?
-
4. Аса қадірлі жүзіктерге кімнің есімі жазылған?
-
5. Қыз баланың құлағына тағатын әшекей бұйым:
-
6. Көйлектің сыртынан омырауға тағылатын әшекей бұйым:
Үй тапсырмасы
Өз қалауың бойынша төмендегі тақырыптардың біріне тебіреніс немесе эссе жаз:
- Әшекей бұйымдардың біздің өміріміздегі орны қандай?
- «Шебердің қолы — ортақ» (ой-толғау).
Сабақты бағалау
Оқушының жұмысы тест нәтижесі, деңгейлік тапсырмаларды орындауы және сабақ соңындағы пікір білдіруі арқылы бағаланады.