Ұстаздар қауымы

Ұстаз болу — дүниеге нұр шашу, жүрекке үміт ұялату. Бүгін біз қуанышы жер мен көкке сыймай, шаршы топты шат сезімге бөлейтін ерекше кешке жиналдық. Баршаңызды дастарханға шақырамын: ұстаздарым, төрге төрлетіңіздер.

Ақ ту қадап алдағы арманға бет алған бүгінгі кездесу — көптен күткен сағыныштың тоғысқан сәті. Бас қосуға келген ұстаздардың жүрегінде бір ғана тілек бар: мектептің босағасы берік, асуы биік болсын. Ұстаздарым, тойыңыз тойға ұлассын, береке дастарханынан бәріңіз де дәм татыңыздар.

Өлең-арнау

Құшағында ер жеткен түлек едім,

Бар бақытты мен сізге тілеп едім.

Асыл жанды, аяулы ұстаздарым,

Тарту болсын өздеріңе бұл өлеңім.

Слайдтағы көріністер

  1. 1. Қазақстан

  2. 2. Тәуелсіздік

  3. 3. 20 жыл

  4. 4. Қызылорда

  5. 5. Әйтеке би

  6. 6. Майдакөл

  7. 7. №98 мектеп

  8. 8. Ұстаздар қауымы

  9. 9. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Төрт тарап — бір тағылым

Тіршіліктің бастауы болған — Шығыс,

Болмысымызға баға берген — Батыс.

Адалдықтың ақ қарындай — Солтүстік,

Жылылықтың қайнар көзі — Оңтүстік.

Негізгі ой

Дүниенің төртқұбыласының тұтқасын ұстап тұрған, күн астындағы ең керемет мамандық — ұстаздық.

Сахналық көрініс: жүргізушілер диалогы

І жүргізуші

— Ау, Назгүл, сен мұнда қайдан жүрсің?

— Әрине, солай. Демек, сен… Мен қателеспесем, ұстаздарды құттықтау үшін жүрген боларсың ғой.

— Ендеше, не тұрыс? Екеуміздің бүгінгі мақсатымыз да, жоспарымыз да бір сияқты. Олай болса, ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелерімен әсем әнімізбен құттықтасақ қалай болады?

ІІ жүргізуші

— Қайдан жүрсің қалай? Бүгін ұлы мереке емес пе?!

— Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да — бәрі-бәрі білім мен тәлімді ұлы ұстаздарымыздан алған. Бұл — ұстаздарымыздың төл мерекесі!

— Дәл солай.

— Келісемін.

Құттықтау хабарлама

«Сообщения» музыкасы ойналып, Н. Назарбаевтан факс келеді

Құрметті ұстаздар!

Қазан айының алғашқы аптасында Республика көлемінде тойланатын ерекше мереке — ұстаздар мерекесі. Аяулы да ардақты ұстаздарымызды осы төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ұлағатты ұстаздар!

Жастардың арнауы

Қатысушылар

Зәмзәгүл, Кеңшілік, Арай, Назгүл, Жансая, Бағила, Зоя, Ғазиза, Жадыра, Әсия

Өлең-тілек

Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,

Сіздерменен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттеріңе,

Төл мереке, ұстаздар, құтты болсын!

Салтанатты кештің ашылуы

ІІ жүргізуші

Қайырлы кеш, қымбатты ұстаздар! Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық ұлы тойымен қатар келген төл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстаз болу — дүниеге нұр шашу» атты мерекелік салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші

Ажырамай мектептен бір елі сіз, жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, ұстаздарға арналсын тілегіңіз.

Осы мерекелік кешімізді ашып беруі үшін және ұстаздарға жылы лебізін білдіру үшін мектеп директоры Айтмамбет Ділдабек ағайға сөз кезегін береміз.

— Рахмет, ағай.

ІІ жүргізуші

Өнерпаздар жарысып сан-салалы, жиын десе, той десе жан салады. Кешіміздің ашылу құрметіне әуеленген әсем ән жолданады.

Келесі кезек — әнге: ________

Орындайды: Ізтілеуова Зәмзәгүл