Құрмағазының Балбырауын күйін симфонияға алғаш пайдаланған композиторды ата

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Күй дәстүрінің өміршеңдігі және Қазақстандағы симфониялық өнердің дамуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың домбырада ән-күй орындау шеберлігін арттыру, орындаушылық әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Өнерді қадірлеуге, адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер

  • Домбыра
  • Суреттер
  • Бейне және үнтаспалар
  • Қосымша әдебиеттер
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Ауыз әдебиеті, тарих, өнер, әдебиет.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау
  3. III. Жаңа сабақ: тақырыпты меңгерту

Күй дәстүрі және симфония: негізгі ұғымдар

Күй дегеніміз не?

Күй — мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары күрделі аспаптық жанр. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-сазды күй деп атайды. Ол домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты аспаптар арқылы кең таралған.

Күйлердің тақырыптық жіктелуі

  • Аңыз күйлер
  • Тартыс күйлер
  • Тарихи күйлер
  • Арнау күйлер
  • Лирикалық күйлер
  • Психологиялық күйлер

Құрылымдық түрлері

1) Төкпе күй — қарқынды, екпіні ширақ, орындау мәнері серпінді дәстүр.

2) Шертпе күй — нәзік бояуы қанық, әуезі ойлы, шерту тәсіліне негізделген дәстүр.

Симфония ұғымы

Симфония сөзі грек тілінен аударғанда «дыбыстардың бірлестігі» деген мағынаны білдіреді. Симфонияның көптеген түрлері бар: ол бір бөлімнен де, бірнеше бөлімнен де тұруы мүмкін.

Бастауышта алған алғышарт білім

Оқушылар бұған дейін Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей сияқты халық композиторларының күйлерімен танысып, әр күйдің шығу тарихын және күйшілердің өмірі туралы деректерді меңгерген.

ХХ ғасыр: жеке орындаудан ұжымдық орындауға

Дәстүрлі мәдениетте көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ, қырғыз, түрікмен және моңғол халықтарында музыкалық аспапта жеке орындау үрдісі кең таралып, сақталып келді.

Ал ХХ ғасырда Қазақстан мәдениетінде Батыс Еуропаға тән ұжымдық орындау үрдісі қалыптаса бастады. Бұл бағыт оркестр және хор өнері арқылы көрінді.

Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі

ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының дамуы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің құрылуымен тығыз байланысты. Кеңес дәуіріндегі музыкалық мәдениеттің ірі жетістіктерінің бірі — осы оркестрдің кәсіби қызметі. Жеке орындауда қалыптасқан күй дәстүрі оркестрлік орындауда жаңаша жаңғырып, ауқымы кеңейді.

Оркестр орындауындағы күйлер тыңдарманға кеңірек әсер етіп, халықтың ықыласына тез бөленді.

Қазақстандағы симфониялық музыканың қалыптасуы

Қазақстанда симфониялық музыканың дамуы алғашында оңай болған жоқ. Әуелі симфониялық оркестр қазақ тыңдарманын Батыс Еуропа және орыс композиторларының шығармаларымен таныстырды.

Тыңдарман ықыласын арттыру мақсатында Моцарт, Бетховен сияқты әлемге әйгілі композиторлардың туындылары халық аспаптар оркестрінің орындауында да ұсынылды.

Ұлттық нақыштағы симфония ізденістері

Көптеген қазақ композиторлары ұлттық бояуы басым симфониялық шығармалар жазуға талпынды. Алайда алғашқы ізденістердің бір бөлігі кең қолдау таппай, репертуардан түсіп қалды. Осы бағыттағы композиторлардың бірі — Е. Брусиловский.

Е. Брусиловский — жеті симфонияның авторы. Симфониялық шығармалар Қазақстанда негізінен ХХ ғасырдың 70–80-жылдары көркемдік тұрғыдан айқын бағасын ала бастады.

Симфониялық күй жанры

Осы кезеңде симфониялық күй жанры қалыптасты. Әсіресе, Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» және «Дайрабай» атты симфониялық туындылары кеңінен танылды.

Ең биік белес: «Жігер»

Симфония жанрының дамуындағы ең биік жетістіктердің бірі ретінде Ғ. Жұбанованың «Жігер» симфониясын ерекше атап өтуге болады. Бұл шығарма Дәулеткерейдің «Жігер» күйі негізінде жазылып, әлемдік классикалық музыка кеңістігінде танымал болды.

Музыка тыңдау

Тыңдалатын шығармалар

  • Симфониялық оркестр орындауында Е. Брусиловскийдің «Балбырауын» (скерцо нұсқасы)
  • Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» симфониялық күйі

Сұрақтар мен талқылау

  1. 1. Ертеде қазақтың дәстүрлі музыкасы қалай орындалды?
  2. 2. Жаңа заманда қазақ күйлерінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болды?
  3. 3. Құрманғазының «Балбырауын» күйін симфониялық өңдеуде алғаш пайдаланған композиторды атаңыз.
  4. 4. Үйреніп жүрген шығармалардан «Келіншек» халық күйі мен «Гүлдерайым» халық әнін қайталап орындаңыз.

Тапсырмалар

Үй жұмысы

  1. 1. «Күй және симфония» тақырыбын оқып келу.
  2. 2. Домбырадан М. Әубакировтің «Нар кескен» шығармасының үйренген бөлімін жаттап келу.

Автор туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі — Рүстемов Тобажан Қозайдарұлы.