Киім сөзіне синквейн құрастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
7-сынып
Сабақтың тақырыбы
Киім кию туралы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Көрнекіліктер
- Сызбалар папкасы
- Карточкалар
- Тест тапсырмалары
- Суреттер
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Киім туралы білімді кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорды толықтыру.
- Етістіктің ашық және шартты райлары мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
- Тақырып бойынша ой-өрісті кеңейту, эстетикалық талғамды дамыту.
- Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру, білімді шығармашылықта қолдануға үйрету.
- Оқулықпен өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Маңызды ақпаратты іріктеп, кластер құруға машықтандыру.
Тәрбиелік
- Қазақ тіліне қызығушылықты арттыру.
- Жас ерекшелікке сай киінуге, киіну мәдениетін түсінуге бағыттау.
- Әсемдікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдістері мен тәсілдері
Әдістер
Модульдер
- Білім берудегі жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету
- Бағалау (оқыту үшін және оқуды бағалау)
- АКТ-ны пайдалану
- Дарынды балалармен жұмыс
- Мұғалім — сабақтың менеджері
Айқындайтын негізгі факторлар
- Көпіршелер
- Шульманның көмекшілері
- Оқушылардың жақын арадағы даму аймағы
- Толерантты қарым-қатынас
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп — мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп — мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп, әзірлесең — еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Қатысымды бақылау және күнтізбелік сұрақтар
- Бүгін нешесі?
- Бүгін желтоқсанның үші.
- Аптаның нешінші күні?
- Аптаның үшінші күні.
- Аптаның қай күні?
- Аптаның сәрсенбі күні.
- Қазір қай ай?
- Қазір желтоқсан айы.
- Қазір қай мезгіл?
- Қазір қыс мезгілі.
- Желтоқсан қыстың нешінші айы?
- Желтоқсан — қыстың бірінші айы.
Сыныпты ұйымдастыру
- Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу: 1-топ, 2-топ, 3-топ.
- Әр топқа спикер тағайындау.
Сабақ мақсатын бірлесіп анықтау
- Тақырыпты сұрақ арқылы анықтау: «Біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?»
- Мақсатты нақтылау: «Киімдер туралы, етістіктің райлары және олардың жасалу жолдары туралы не білуіміз керек?»
- Бағалау парақшасына сабақ мақсатын жазу.
- Дәптерге күнін және «Сынып жұмысы» тақырыбын жазу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Карточкамен жұмыс
«Септеулік шылау» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындалады.
Өзін-өзі бағалау
Дұрыс жауаптар тақтаға ілінеді, оқушылар өзін-өзі бағалайды.
III. Жаңа сабақ
Теориялық бөлім
- Сызбалар папкасы арқылы етістіктің райлары тақырыбын түсіндіру.
- «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы бағыныңқы сөйлемнің қай райда тұрғанын анықтау.
- Талқылау сұрақтары:
- Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді?
- Ашық рай қалай жасалады?
- Шартты рай қалай жасалады?
Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздермен 1–3 ауызша сөз тіркесін құрастыру.
Нәтиже
Оқушылар жаңа сөздерді сөйлеуде қолдана бастайды.
1-тапсырма: Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Әр топқа мәтін беріледі. Топтар бір-бірін суммативті бағалайды.
Бағалау критерийлері
- Мәтінді оқу және аудару.
- Негізгі ойды табу, постер жасау.
- Мәтін бойынша үш «жіңішке» сұрақ құрастыру.
- Екі сөзге морфологиялық талдау жасау.
Топ ішіндегі рөлдер
- Спикер: қорғау және қорытынды айту.
- Хатшы: негізгі ой мен дәлелдерді жазу.
- Уақыт сақшысы: тапсырманың орындалуын қадағалау.
- Дизайнер: постерді рәсімдеу.
2-тапсырма: Жеке және жұптық жұмыс
A) Жеке жұмыс (2 оқушы)
Екі оқушы тақтаға шығып, берілген сөзді септейді және тәуелдейді:
Сөз: киім
Бағалау: оқушылар бір-бірін бағалайды.
Ә) Жеке жұмыс (10 оқушы)
Өлең жолдарындағы түсіп қалған шартты рай жұрнақтарын анықтап, дәптерге көшіріп жазыңыз.
Ер жігіт айтпайды. Айт…, қайтпайды.
Оқи бер…ң — көзің ашылады,
Отыра бер…ң — жалқаулық басынады.
Алтау ала бол… — ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел бол… — төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жарма… — бас жарады.
Атадан ұл ту… — игі,
Ата жолын қу… — игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұр… — игі.
Бағалау: мұғалімнің формативті бағалауы.
Б) Жұппен жұмыс (2 оқушы)
Жаңа тақырып бойынша диалог құрастыру.
Бағалау: мұғалімнің формативті бағалауы.
C) Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс (2 оқушы)
Сөйлемдерді оқып, түсіп қалған сөздерді тауып, дәптерге көшіріп жазыңыз.
Жылаған шешемен бірге …, жігіттің жігіт болғаны …, өйтсе, кісі уәдеден … ала ма?
Жылаған шешемен … жылап, жігіт үйден … уақытқа алыс жерге …, баласының жылағанын … соң, үйде қалған ананың көзінен жас … ме, көкірегінен сағыныш қасіреті … ме?
Бағалау: мұғалімнің формативті бағалауы.
3-тапсырма: «Киім» сөзіне синквейн құрастыру
Жеке жұмыс. Мұғалім суммативті бағалайды.
-
1) Бір зат есім (1 имя существительное)
_________________________
-
2) Екі сын есім (2 имя прилагательное)
_________________________
-
3) Үш етістік (3 глагола)
_________________________
-
4) 4–5 сөзден тұратын шағын сөйлем (тақырыпқа қатынасты білдіреді)
_________________________
-
5) Бір синоним (1 синоним, бір сөз)
_________________________
IV. Сабақты бекіту
4-тапсырма: Семантикалық карта
Семантикалық картаны толтыру.
Тест жұмысы
Тест тапсырмаларына жауап беру.
Бағалау: оқушылар бір-бірін критериалды бағалайды.
V. Сабақты қорытындылау
Сұрақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?
Жауап үлгісі: Киім кию туралы; етістіктің райлары және олардың жасалу жолдары.
Сұрақ
Қойған мақсатымызға жеттік пе?
Жауап үлгісі: Иә, қойылған мақсатқа жеттік.
VI. Бағалау
Бағалау парақшалары негізінде оқушыларға суммативті баға қойылады.
VII. Үй тапсырмасы
Тақырып
«Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам…» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Критерийлер
- Кемінде 6 сөйлем болуы.
- Мәтінде етістіктің шартты рай формаларын қолдану.