Үлкен дөңгелектен бастап, кіші дөңгелекке дейін тізбектеу
Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы
Таным
Оқу іс-әрекет түрі
Сенсорика
Тақырыбы
Үлкен – кіші ұғымы
Мақсаты мен міндеттері
Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін қалыптастыру. Пішіндері ұқсас заттарды (дөңгелек: үлкен, кіші) және түсі бойынша (жасыл, қара) біртекті заттарды топтастыруға үйрету.
Білімділік
Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Үлкен және кіші дөңгелектерді таниды.
- Жасыл және қара түстерді ажыратады.
- Заттарды берілген белгісі бойынша топтастырады және тізбектейді.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдері
- Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
- Мнемокесте арқылы тақпақты жаттату.
- Воскобович технологиясы: тізбектеу әдісі.
- Дидактикалық ойындар.
Көрнекілігі
- Қыс мезгілінің суреті.
- Үлкен және кіші дөңгелек пішіндер.
- Екі себет (түстерді және өлшемдерді сұрыптауға арналған).
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Ізденуші-ұйымдастырушы кезең
Негізгі бөлімМнемокесте арқылы тақпақ жаттау
Тақырыбы: «Аққала»
Сурет бойынша әңгіме
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Ұғымды бекіту: үлкен – кіші және түстер
Балаларға үлкен және кіші дөңгелек пішіндер көрсетіледі. Балалар өлшемін ажыратып, түстерін (жасыл, қара) атайды.
Дидактикалық ойын: «Түстерді ажырат»
Шарты: екі себетке үлкен және кіші дөңгелектерді түсіне қарай ажыратып салады.
Себет 1
Үлкен дөңгелектер
Себет 2
Кіші дөңгелектер
Сергіту сәті
Соз оң қолыңды оң жаққа,
Соз сол қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.
Дидактикалық ойын: «Дөңгелектерді тізбекте»
Шарты: үлкен дөңгелектен бастап, кіші дөңгелекке дейін ретімен тізбектейді.
Тізбектеу реті
Үлкен → ... → Кіші
Қорытынды
Сабақ барысында балалар қыс мезгілі туралы түсініктерін толықтырып, үлкен–кіші ұғымын бекітті. Дөңгелек пішіндерді өлшемі мен түсіне қарай ажыратып, сұрыптау және тізбектеу тапсырмаларын орындады.
Автор
Тәрбиеші: Айгүл Қошқынбаева
Тақырыбы: «Үлкен – кіші ұғымы»