Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

Сабақ тақырыбы

Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін практикалық жаттығулар арқылы бекіту. Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамына қарай бөлінуі туралы білімін тексеру және бақылау.

Дамытушылық

Сан есім және сан есімнің емлесі бойынша білік-дағдыларын дамыту, ойлау мен талдау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Сан есімдерді мағынасы мен құрылысына қарай ажырата білуге, тапсырмаларды ұқыпты орындауға және топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Негізгі деректер

Түрі
Қайталау, білімді бекіту
Типі
Дәстүрлі емес
Қолданылған технология
Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс
Математика

Әдістер мен көрнекіліктер

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Фонетикалық талдау
  • Шығармашылық жұмыс
  • Семантикалық карта
  • Сәйкестендіру тесті

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Бор және тақта
  • Сан есім туралы плакат
  • Интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа қатысуын белгілеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.

II. Мақсат пен кезеңдермен таныстыру

Сабақтың мақсаты түсіндіріліп, жұмыс кезеңдері мен күтілетін нәтижелер айқындалады.

III. Психологиялық тренинг

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың көңіл күйін көтеру және білімге қызығушылығын арттыру үшін қысқа психологиялық тренинг өткізіледі.

Қызығушылықты ояту

Көбейту кестесін кім жақсы білсе, бүгінгі сабақтың тірек сөзін, яғни тақырыбын тез табады:

Мысал Нәтиже (сөзбен)
8 × 10 сексен
2 × 3 алты
2 × 5 он
5 × 10 елу
9 × 10 тоқсан
2 × 1 екі
100 × 10 мың

Шыққан сан есімдерді мағынасына және құрамына қарай талдап көрейік: олар қандай сан есімдер?

Бүгінгі сабақ толықтай сан есім тақырыбын қайталауға арналады.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

182-жаттығу

Берілген сан есімдерден реттік, жинақтық және болжалдық сан есім жасап, сөзбен жазыңдар.

183-жаттығу (жеке оқушымен жұмыс)

Бір оқушы дара сан есімдерді, екінші оқушы күрделі сан есімдерді бөліп жазады.

Сәйкесін тап

Төмендегі тіркестердің дұрыс жұбын табыңдар:

Өлшемдік сөз Сөз
Бір асым тұз
Бір ұрттам су
Бір жайым сөз
Бір ауыз сөз
Бір шымшым тұз
Бір үзім нан
Бір елі қазы

Ескерту: кейбір тіркестердің бірнеше нұсқасы кездесуі мүмкін. Дұрысын мағынасына қарай дәлелдеңдер.

Қызықты сөздер

Тез тап, ұйқасын айт

Берілген ребустарды шешіп, шыққан сөздердің ұйқасын табыңдар:

  • К + 2 + Л = ?

  • К + 3 = ?

  • Қ + 10 + АҚ = ?

  • КҮ + 1 = ?

  • 5 + ІК = ?

Шығармашылық тапсырма

Өздерің қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасаңдар (дыбыс саны, дауысты/дауыссыз, буын, екпін).