Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата. Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың түрі
Интерактивті сабақ
Пән аралық байланыс
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді және мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық ойлауын кеңейту, сабаққа қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырмаларды тиянақты орындауға баулу. Пәнге және мамандыққа қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар
- 1 Дербес компьютер
- 2 Интерактивті тақта
- 3 Слайдтар
- 4 Электрондық оқулық
Сабақ жоспары
-
1
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың мақсаттарын нақтылау, аудиторияны жұмысқа дайындау.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
- Перфокарта: құрал-саймандар тақтасының батырмаларын еске түсіру.
- Кім жылдам? карточкадан сұрақ таңдап, жауап беру.
- Қатесін тап! қате тұстарын анықтау және түзету.
-
3
Жаңа сабақ
Тақырып: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.
-
4
Практикалық жұмыс
Алмасу буферін қолдану және мәтінге графикалық объектілер енгізу дағдыларын бекіту.
-
5
Жаңа білімді бекіту
Сәйкестікті анықта
Терминдер мен қызметтерді дұрыс жұптау.
Кестені толтыр
Негізгі ұғымдарды жүйелеу.
Техникалық диктант
Нұсқауларды дәл орындау арқылы білімді тексеру.
ActivVote арқылы тест
«Не үйрендік, не білдік?» қорытынды тексеру.
Өзің таңда!
Тапсырма деңгейін таңдап орындау.
Кім білімпаз?
Жылдам сұрақ-жауап арқылы бекіту.
-
6
Білімді бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау.
-
7
Үй тапсырмасы
Өткен тақырыпты қайталау және WordPad мүмкіндіктері бойынша тапсырма орындау.
-
8
Қорытынды
Сабақтың нәтижесін талдау, кері байланыс ұйымдастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың дайындығын тексеру.
- Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижені хабарлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
а) Перфокарта
WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасындағы батырмаларды қаншалықты меңгергеніңді тексер. Оқушылар төмендегі перфокартаны толтырады.
б) Кім жылдам?
Оқушылар карточкадан сұрақ нөмірін таңдап, қысқа әрі нақты жауап береді.
Сұрақтар
- 1 WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
- 2 WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата.
- 3 Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
- 4 Мәзір жолағындағы мәзір атауларын ата.
- 5 Файл мәзірінде қандай пәрмендер орналасқан?
- 6 Терезенің тақырып жолағында не бейнеленеді?
- 7 WordPad терезесінде қалып-күй жолағы қай жерде орналасады?
- 8 Мәтінді беттің ортасына туралау үшін қай батырманы қолданамыз?