Гүлдер жайлы өлең шығару
Шебер сынып туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
ЖБ және ҚБ бойынша оқытудың белсенді әдістері
Негізгі мәтін
«Гүлдер» — Т. Молдағалиев
Авторлық/өткізуші
Бастауыш сынып мұғалімі: Бержанова Жумагүл Гудебаевна
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қашар кенті, №2 Қашар орта мектебі КММ
Оқу мақсаттары
- 1 Тыңдалған материал негізінде сабақтың әр кезеңінде белсенді әдістерді қолдануды үйрену (бағалау түрлерін қолдану).
- 2 Берілген тапсырмалар бойынша мұғалім жетекшілігімен өз пікірін білдіру (кері байланыс жасауға дағдылану).
- 3 Топқа бөлудің түрлері арқылы топтық жұмыс үдерісін меңгеру (бағалау тәсілдерін тәжірибеде қолдану).
Сабақ мақсаттары (деңгейлендіру)
Барлығы:
Жаңа әдісті түсініп, меңгереді.
Көбі:
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі:
Алған білімді өмірде және тәжірибеде қолдана алады.
Бағалау, құндылық және ресурстар
Жетістік критерийлері
- Ұйымдастырылған тәжірибелік әдістерді дұрыс қайталай алады және өз ойымен бөліседі.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін дәлелдей алады.
Құндылықтарды дарыту
Ынтымақтастық ортада жұмыс жасай отырып, бір-біріне деген құрметті күшейту және ұлттық құндылықтарды дамыту. Жаңартылған бағдарлама аясында білу–үйрену–жасау–қолдану–бағалау дағдыларын жетілдіру.
Пәнаралық байланыс және АКТ
Пәнаралық байланыс
Өнер, қазақ тілі, музыка
АКТ қолдану
Аудиожазба, таныстырылым, бейнероликтер
Тілдік құзыреттілік
Ақын (поэт), ҚБ (ФО), ЖБ (СО); орысша және ағылшынша балама сөздермен жұмыс.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минут
№1. Көзбен амандасу
Құрметті ұстаздар, шебер-сыныпты осы жаттығудан бастаймыз: сөз айтпай, үнсіз түрде көзбен амандасамыз. Көзқарас арқылы бүгінгі көңіл күйді де білдіреміз.
№2. «Әр күнге арналған рецепт»
Екі жақты күнделік форматы арқылы қысқа ой жазу және бөлісу.
№3. Ой қозғау
- Бүгінгі шебер-сыныптан нені күтесіз?
- Сіз үшін қандай тұстар қиындық тудыруы мүмкін?
Сабақтың ортасы
8 минут
№1. «Ойлан да тап» (СТО)
Қысқаша шолу: «Гүлдер» өлеңінің авторы — Тұманбай Молдағалиев. Ақын 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. «Көктем таңы», «Жаңа дәптер» және басқа да өлең жинақтары бар. Көптеген ән мәтіндерін жазған. «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» сияқты ән мәтіндері халық арасында кең тараған.
№2. Сұрақтар арқылы талқылау
Көршіңізбен ой бөлісіңіз:
- Қандай гүлдердің атын білесіз?
- Гүлдер қай жерде өседі?
- Гүлдер қалай көбейеді?
- Гүлдер немен қоректенеді?
№3. Топпен жұмыс
Топқа бөлу тәсілдерін қолдана отырып, бірлескен тапсырмаларды орындау және бағалау тәсілдерін тәжірибелеу.
Сергіту сәті: «Аппақ гүлдер»
1 минут
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
№4. I топ
Гүлдер туралы мәтін құрастырыңыз. Сөз тіркесі ережесін түсіндіріңіз.
№4. II топ
Гүлдер туралы өлең шығарыңыз.
№4. III топ
Гүлді қалай өсіреді? Құрылысы мен өсіру жолын сипаттаңыз.
№4. IV топ
Гүлдің суретін салыңыз және гүлдер туралы өлең орындаңыз.
Шығармашылық және бекіту
№5. «Шығармашылық шыңына талпыныс»
Қағаздан гүл жасау арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
№6. Топтастыру: «Мен не білемін?»
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтап, байланыстыру.
Сабақтың соңы: Рефлексия
2 минут
«Қысқы ағаш» және «Көктемгі ағаш» әдісі:
- Қысқы ағашқа бүгінге дейін кедергі болған пікірлер мен ұсыныстар жазылады.
- Көктемгі ағашқа шебер-сыныптан не алғаны және алдағы қолдану ойы жазылады.
Ескертпе
Материал: «Гүлдер» (Т. Молдағалиев) тақырыбы бойынша тапсырмалар жинағы және қолдануға ыңғайлы ресурстар.