Координаталық түзу бойында үлкен сан

Маңғыстау облысы • Маңғыстау ауданы • Жыңғылды селосы

С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат

Мұғалім: Альмуратова Перизат Керизбаевна

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Үшөлшемдік әдістемелік жүйе

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты

А) Білімділік

Координаталық түзуде үлкен санның оң жақта, ал одан кіші санның сол жақта кескінделетінін меңгерту. Кез келген оң санның 0-ден және кез келген теріс саннан үлкен болатынын, ал кез келген теріс санның 0-ден кіші болатынын түсіндіру.

Ә) Дамытушылық

Рационал сандарды салыстыра білу дағдысын дамыту, оң және теріс сандарды жалпы түрде жаза білу білігін жетілдіру.

Б) Тәрбиелік

Оқушыларды сабақ барысында өз бетімен жұмыс істеуге, шапшаңдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі

Көпір тапсырмалары — І кезең

1) Ұйымдастыру

2) Өткен сабақты қайталау

  1. Оң сандар дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Теріс сандар деп қандай сандарды айтамыз? Мысал келтір.
  3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан бар ма?
  4. Координаталық түзу дегеніміз не?
  5. Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  6. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?
  7. Рационал сандар жиынына қандай сандар кіреді?
  8. Рационал санның модулі дегеніміз не?

ІІ кезең — Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру

Оқулықты пайдаланып, төмендегі тұжырымдарды толықтырып, мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

I. Координаталық түзудегі орналасу

Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделеді.

  • -5 … 5
  • 1 … -3

II. Оң сандарды салыстыру

Кез келген оң сан нөлден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен.

  • 2,5 … 0
  • 2,5 … -5
  • … 0
  • 1,7 … -8

III. Теріс сандарды салыстыру

Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

  • -4 … 0
  • -5 … 2
  • -3 … 2,5
  • -2 …

Рационал сандарды салыстырудағы жазылу түрлері

  • Егер a — оң сан болса, онда жалпы түрде: a > 0.
  • Егер b — теріс сан болса, онда жалпы түрде: b < 0.
  • Егер a = 0 болса, онда |a| = 0.
  • Егер a > 0 болса, онда |a| = a; ал егер a < 0 болса, онда |a| = -a.

Тапсырмалар

I деңгей

Сандарды >, < немесе = белгісі арқылы салыстырыңыз.

  1. 8,7 және 7,8
  2. -4,1 және 2
  3. 2,9 және -920
  4. -6 және -11
  5. -18 және -1,8
  6. -100 және 0

ІІ деңгей (9 балл)

  1. Сандарды модульдері бойынша қалай салыстыруға болатынын түсіндіріңіз.
  2. № 394 — салыстырыңыз.

ІІІ деңгей (12 балл)

  1. № 399 — салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңыз.

Шығармашылық тапсырмалар

  1. 86 санын ешқандай жазусыз 12-ге арттырыңыз.
  2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп берді. Бірақ корзинада 1 алма қалып қойды. Бұл қалай мүмкін?
  3. Әсем поездың басынан санағанда 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан санағанда да 7-вагонға отырды. Екі қыз бір вагонда отырса, поезда неше вагон болған?

Үй тапсырмасы

№ 384, № 390, № 391.