Бірнеше бірлікке арттыру және кеміте білуді меңгерту
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Бірнеше бірлікке арттыру және кеміте білуді меңгерту.
Білімділік
Жаңа білім мазмұнын меңгерту, білім–білік–дағды–машықтарын арттыру.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын және белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекілік
«Математикалық жаңбыр» плакаты, дидактикалық материалдар.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
Сыныпқа жағымды көңіл күй қалыптастыру
- Мен ақылдымын, білімдімін.
- Мен өзгелерге кедергі келтірмеймін.
- Өзіме де, достарыма да жақсы болғанын қалаймын.
- Мен әр іске жауапкершілікпен қараймын.
2) «Математикалық жаңбыр» ойыны
Қосу және азайту дағдыларын бекіту
Тақтадағы «тамшылардың» жанында жазылған сандарды қосып, азайтамыз. Тапсырманы мысалдар тізбегі түрінде орындаймыз.
Назар аударатын тұс
Әр қадамда амал таңбасын дұрыс анықтап, нәтижені ретімен жазу.
3) Тақтамен жұмыс
Есепті талдау және түрлендіру
№2 (а): есеп оқылып, талданады; шарты құрылады; сұрағы анықталып, шешуі шығарылады.
№2 (ә): есептің берілуі 3 + 2 = өрнегімен шығатындай етіп өзгертіліп, орындалады.
4) Математикалық диктант
Жедел есептеу
А) Қосындысын тап
- 8 бен 2-нің қосындысы
- 9 бен 1-дің қосындысы
- 1 мен 7-нің қосындысы
- 7 мен 2-нің қосындысы
Ә) Айырмасын тап
- 10 мен 10-ның айырмасы
- 10 мен 6-ның айырмасы
- 6 мен 3-тің айырмасы
- 10 мен 4-тің айырмасы
Б) Бірнеше бірлікке арттыр
- 1-ді 7-ге арттыр
- 5-ті 3-ке арттыр
В) Бірнеше бірлікке кеміт
- 4-ті 3-ке кеміт
- 6-ны 5-ке кеміт
- 9-ды 7-ге кеміт
- 9-ды 6-ға кеміт
5) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту
Он саусақ, он саусақ,
Би билейміз, біз ән сап.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ...
Тапсырма қимылмен көрсетіледі.
6) Өзіндік жұмыс
Дағдыны бекіту
№4: өрнектерді салыстыру.