Баяндауышым қайда

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Баяндауыш

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі

Ертегі сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем жазу

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері
  • Тірек-сызба, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаттары

1) Танымдық мақсат

Баяндауыш туралы жүйеленген ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Экологиялық тәрбие беру, табиғатқа, өсімдіктер әлеміне және құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Ашық аспан болсын!

Әр күніміз біздің сәттілікке толсын!

Қазақ тілі пәнінен білмегенді білейік, үйренейік, күлейік!

Сабақты жақсы көңіл күймен бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру (31-жаттығу)

  • Мақалды жатқа айту.
  • Бастауыштарды табу және сұрақ қою.
  • «Бастауыш дегеніміз не?» сұрағына жауап беру.
  • Бастауыштың қандай сұрақтарға жауап беретінін атау.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: ертегі сабақ

Бүгінгі тақырыбымыз — Баяндауыш. Сабақ ертегі түрінде өтеді, сондықтан мұқият тыңдап, кейіпкерлерге көмектесіп отырайық.

Ерте, ерте, ертеде Сөйлем мүшелері деген бір қария өмір сүріпті. Оның Тұрлаулы мүшелер және Тұрлаусыз мүшелер деген екі ұлы болыпты. Тұрлаулы мүшелерден — Бастауыш пен Баяндауыш, тұрлаусыз мүшелерден — Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш тараған екен.

Өткен сабақта қарияның тұңғыш немересі — Бастауышқа «үй» тұрғызуға көмектестік. Бүгін қария екінші немересі — Баяндауышқа да үй тұрғызуды армандайды. Біз көмектесеміз бе?

Үй тұрғызу үшін қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар? Осы сұрақ бойынша топтастыру жасаймыз.

Есепші (35-жаттығу, ауызша)

Баяндауыш туралы ой қозғап, ереже шығаруға дайындаламыз.

Сұрақ-жауап

  • Жыл мезгілдері қандай маусымдардан тұрады? (Қыс, көктем, жаз, күз.)
  • «Маусымдар» өлеңін оқимыз. Өлеңде не туралы айтылған?
  • Қарамен берілген сөздерге сұрақ қоямыз: не істейді?, не істесе?
  • Бұл сөздер бастауыштың іс-қимылын білдіреді және бастауышқа қатысты болады.

Тірек-сызба және негізгі ереже

Тірек-сызба

Баяндауыш — бастауыштың ісін, қимылын білдіреді.

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Ереже

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді?, не қылды?, қайтті? деген сұрақтар қойылады.

Дәптермен жұмыс: көркем жазу

Дәптерімізді ашайық.

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу отырып, көркем етіп жазайық.

Кіші к әрпін байланыстыра көркем етіп жазамыз.

Неліктен к әрпін жаздық? Өйткені қазір күз мезгілі.

Сәулетші: күз құбылыстарын сәйкестендіру

Күз мезгіліне тән табиғат құбылыстарын сәйкестендіреміз:

Жаңбыр
жауады
Күн
бұлттанады
Жапырақтар
түседі
Жемістер
піседі
Құстар
ұшып кетеді

Мұндағы жауады, бұлттанады, түседі, піседі — қимылды білдіретін баяндауыштар.

Құрылысшы (36-жаттығу, тақтамен жұмыс)

Ермек Өтетілеуовтің өлеңін оқимыз. Бірінші шумақты бір оқушы, екінші шумақты екінші оқушы жазады.

  • Қарамен жазылған сөздердің астын сызу, сұрақ қою.
  • Бұл сөздердің нені білдіретінін анықтау (іс-қимыл).
  • Қай мүшемен байланысатынын көрсету (бастауышпен), сызбасын салу.

Сылақшы: өз бетінше жұмыс

Көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазамыз.

Бұлт қайтті?

Бұлт ...

Жел қайтті?

Жел ...

Күн қайтті?

Күн ...

Шатыр салушы (39-жаттығу): «Баяндауышым қайда?» ойыны

Берілген суреттер бойынша жануарлардың дыбысталуын білдіретін сөздерді жазамыз.

Жануарлар

  • Сиыр
  • Арыстан
  • Ешкі
  • Мысық
  • Ит
  • Түйе
  • Жылқы

Дыбысталуы (баяндауыштар)

мөңірейді ақырады маңырайды мияулайды үреді боздайды кісінейді

Мақсат — бастауышқа қатысты іс-қимылды білдіретін сөзді тауып, оны баяндауыш ретінде қолдану.

Әрлеуші: Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Бастауыш

  • Кім? Не?
  • Сөйлемде іс-әрекет иесін білдіреді

Ортақ

  • Тұрлаулы мүшелер
  • Бір-бірімен байланысып, сөйлемнің негізгі өзегін құрайды

Баяндауыш

  • Не істеді? Не қылды? Қайтті?
  • Бастауыштың іс-қимылын білдіреді

Осылайша, есепші, сәулетші, құрылысшы, сылақшы, шатыр салушы, әрлеуші және біз бірлесе отырып, қарияның екінші немересі — Баяндауышқа «үй» тұрғыздық.

Сабақты қорытындылау

  1. 1 Баяндауыш дегеніміз не?
  2. 2 Баяндауышқа қойылатын сұрақтарды ата.
  3. 3 Баяндауыш сөйлемнің қай мүшесімен байланысады?

Бағалау

Қарияға «үй» тұрғызуға белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Үй тапсырмасы

37-жаттығу үйге беріледі. Қариямен қоштасып, сабақты аяқтаймыз.