Сары ала

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Білімділік

Сын есім және оның негізгі және туынды түрлері туралы білімді қайталау, кеңейту. Сатылай кешенді талдау арқылы сын есімнің тұлғасын, құрылысын, мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Сын есімдерді сөйлеу мен жазуда стильдік тұрғыдан орынды қолдану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілікті арттыру, мәнерлі әрі жүйелі сөйлеуге баулу.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Талдау
  • Жаттығу

Көрнекілік

Тапсырмаларға берілетін сөздер.

Қолданылатын технология

СКОТ.

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер қысқаша таныстырылады. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

II. Өткенді пысықтау

Қайталау сұрақтары

  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістіктің жіктелуі деген не? Неше жақта жіктеледі?
  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Етістіктің неше шағы болады?

Тапсырма: етістікті табу

Тақтаға жазылған сөйлемдерден етістіктерді тауып, олардың қай жақта және қай шақта тұрғанын анықтайды.

1) Демалыста әжеме барамын.

2) Сен досыңды шығарып салдың.

3) Марат оқуды бітірді.

III. Жаңа сабақ

Бағдарлау сұрақтары

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Құрамына қарай сын есімдер нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)
  • Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланыста болады?

Терме диктант

Терме диктант мәтінінен сын есімдерді теріп жазады. Кейін «сары ала» тіркесіне ауызша морфологиялық талдау жасайды.

«Сары ала» сөз тіркесіне морфологиялық талдау

  1. 1 Бұл тіркес екі құрамнан тұрады: сары және ала.
  2. 2 Тұлғасына қарай: туынды түбір. Себебі аналитикалық (синтаксистік) тәсілмен екі түбірдің тіркесуінен жасалған.
  3. 3 Құрылысына қарай: күрделі, тіркесті сөз. Ритм-ырғағы жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық тұрғыдан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан.
  4. 4 Сөзде бір лексикалық және екі грамматикалық мағына бар.
  5. 5 Лексикалық мағынасы: заттың, нәрсенің сапалық қасиетін білдіреді.
  6. 6 Грамматикалық мағыналары:
    • Жалпы грамматикалық мағынасы: сын есім.
    • Категориялық грамматикалық мағынасы: екі түбірдің тіркесуі арқылы берілген түсті анықтау мағынасы.
  7. 7 «Сары ала» қандай? деген сұраққа жауап береді. Демек, бұл — сын есім.
  8. 8 Мағынасына қарай: сапалық сын есім. Себебі заттың сапалық қасиеті сын есімдердің тіркесуі арқылы берілген.

Анықтама

Сын есімқандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың (деректі және дерексіз ұғымдардың) сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін және басқа да қасиеттерін білдіретін сөз табы.

IV. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімдерді қойып, мақалдарды толықтырып жазады. Мақалдардың мазмұнын түсіндіреді.

Қосымша тапсырма: мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді атап, антоним ережесін еске түсіру.

Синтаксистік талдау

Сөйлем: Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

  1. 1 Сөйлемде екі тыныс белгі бар: нүкте және үтір.
  2. 2 Нүктенің қойылу себебі: ой аяқталып, сөйлем тиянақталған.
  3. 3 Үтірдің қойылу себебі: сөйлем екі жай сөйлемнен құралғандықтан, бірінші жай сөйлемнен кейін үтір қойылған.