Мұғалім үшін оқу нәтижелері
4-сынып • Математика
Сабақтың атауы: Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Бұл сабақ жоспары оқушыларға фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйретуге, көбейту кестесін дұрыс қолдану дағдысын бекітуге және ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жалпы мақсат
- Фигуралардың көлемдерін салыстыру тәсілдерін меңгерту.
- Көбейту кестесін дұрыс пайдалану дағдысын пысықтау.
- Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Міндеттер
Қызығушылықты ояту
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына жағдай жасау.
Білімге сүйену
Жаңа тақырыпқа оқушылардың бар білімін пайдалану арқылы кіру.
Сыни ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр оқушының дамуына мүмкіндік беру.
Қорытынды жасау
Жаңа сабақ бойынша ой қорытуға бағыттау.
Күтілетін нәтижелер
- 1 Еркін ойлауы дамып, дүниетанымы кеңейеді және рухани өсуіне ықпал жасалады.
- 2 Шығармашылық дамуына мүмкіндік туады.
- 3 Өз ойын айтуға, салыстыруға және талдауға үйренеді.
- 4 Мәтіннің мазмұнын айтып беруге дағдыланады.
- 5 Бір-бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға үйренеді.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
- Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты толық меңгерту.
- Оқуды бағыттап, қолдап отыру.
- Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндігін кеңейту.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (1-слайд).
Мұғалім:
Екі көз не үшін керек?
Оқушы:
Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім:
Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы:
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім:
Екі қол не үшін керек?
Оқушы:
Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:
Екі аяқ не үшін керек?
Оқушы:
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Мұғалімнің қорытындысы: Дұрыс, балалар! Ендеше, барлығыңа зор денсаулық тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қою (2-слайд): «Қазір қай сабақ? Үйге қандай тапсырма берілді?»
№8 тапсырма
- 716 + 184 900
- 632 − 153 479
- 575 + 235 810
- 864 − 375 489
- 770 − 358 412
- 456 + 244 700
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту және тірек білімді өзектендіру
«Ыстық орындық» ойыны арқылы ауызша жұмыс жүргізіледі (3-слайд).
- Көбейту кестесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
Көбейту кестесі (2-ге көбейту)
Дереккөз және автор
Орналасқан жері
Атырау қаласы, №11 орта мектеп
Мамандығы
Бастауыш сынып мұғалімі
Автор
Қалиева Нұргүл
Тақырып: «Фигуралардың көлемдерін салыстыру».