Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға үндестік заңы мен буын үндестігі туралы түсінік беру; жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы білімді бекіту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Фонетика туралы ұғымдарын кеңейту; тіл дыбыстары мен олардың түрлерін меңгерту; ойлау қабілеті мен талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың сипаты
- Типі
- Аралас
- Түрі
- Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Жаттығу
- Салыстыру
Көрнекілік
Тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Тасымал туралы түсінікті қайталау.
- 313-жаттығу.
III. Білім тексеру
Терме диктантБатыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызуымен шаба берді. Жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ...
Енесей мен Ұлпан, Несібелі — үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар. Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.
IV. Жаңа тақырыпқа дайындық
- Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ: Үндестік заңы және буын үндестігі
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде, сондай-ақ сөз бен қосымшаның және сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып келеді. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан немесе жіңішке болып айтылады.
Мысалдар
- балалар (балалер емес)
- үйлер (үйлар емес)
- ауылға (ауылге емес)
- көшеде (көшеда емес)
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес).
Анықтама
Сөзді басынан аяғына дейін біркелкі әуезбен айту құбылысын үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңының түрлері
- Буын үндестігі
- Дыбыс үндестігі
Дауысты дыбыс буын құрайтындықтан, сөздегі және сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың біркелкі (бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке) үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Байырғы сөздердегі үндестік
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады.
Ереже: дауыстылар аралас келетін жағдайлар
- 1) Кірме сөздерде: кітап, кино, қазір, зағип, математика.
- 2) Біріккен және қос сөздерде: шекара, баспасөз, аман-есен, алай-түлей, асты-үсті.
Қосымшалардың жалғануы (буын үндестігі)
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғанады: соңғы буын жуан болса — жуан қосымша, жіңішке болса — жіңішке қосымша жалғанады.
Түсінікті тексеру (оқулықпен жұмыс)
314-жаттығу (жазбаша)
Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға жазыңдар.
315-жаттығу (ауызша)
Кірме сөздерге қосымша жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін түсіндіріңдер.
316-жаттығу
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.
Сабақты бекіту: өздік жұмыс
I топ
Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды табыңдар:
Ата-ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.
II топ
Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма? Дәлелдеңдер:
- электр
- станция
- ансамбль
- вольт
III топ
- Қай жағынан оқысаң да бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздерді тауып жазыңдар.
- Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: Жұлдыз, Ұлдай.
Қорытынды
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бойынша қорытынды баға қойылады.
Үй тапсырмасы
- Үндестік заңы және буын үндестігі туралы түсінікті қайталау.
- 317-жаттығу.