Сөз ойла, тез ойла ойыны

Сабақ тақырыбы

«Мектебіме саяхат» бөлімі. Н дыбысы мен әрпі (1-сынып).

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
  • 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • 1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.
  • 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып айту.
  • 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Н дыбысы мен әрпін таниды.

Оқушылардың басым бөлігі

Н дыбысының сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар

Н дыбысы бар сөздермен сөйлем құрастырады.

Жоспарланған уақыт

35 минут

Жоспарланған жаттығу түрлері

  1. 1 «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
  2. 2 Жұмбақ жасыру.

Сабақ барысы

Басталуы

2 минут

Психологиялық ахуал

Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.
Қош келдіңіз 1-сыныпқа,
Сәлем беріп, бас иеміз баршаңызға.

Үй жұмысын тексеру

5 минут

«Кім шапшаң?» тапсырмасы: оқушылар А дыбысы бар сөздерді айтып, оның сөздің қай жерінде орналасқанын анықтайды, буынға бөледі және дыбыстар санын белгілейді.

Ортасы

20 минут

1) Жұмбақ

Ас біткеннің атасы —
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталғанын қарашы.

Жауабы: Н

«Нан» сөзін оң жағынан да, сол жағынан да оқысақ, «нан» болып оқылады. Бүгін біз Н дыбысы мен әрпімен танысамыз.

  • Н дыбысы қандай дыбыс?
  • Қандай сөздерде Н дыбысы кездеседі? Сөздің қай жерінде келеді?

«Нан» сөзін жазып, тақтада дыбыстық талдау жасалады.

2) Үнтаспадан тыңдау

Оқушылар Н дыбысы бар сөздер мен қысқа сөйлемдерді тыңдап, дыбыстың естілуін ажыратады.

3) Сөздерді оқу

Буындап оқу

Н — А → НА

Буындап оқу

Н — О → НО

Буындап оқу

Н — У → НУ

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды сергіту.

4) Дәптермен жұмыс

  • Н дыбысын (Н әрпін) дәптерге каллиграфиялық талапқа сай жазу.
  • Тақтаға жазу арқылы үлгі көрсету және түзету жұмысы.

5) Топпен жұмыс

1-топ

«Ас атасы — нан» мақалының дұрыс құрылымын құрастырып, мағынасын түсіндіреді. Сөйлемнің сызбасын сызады.

2-топ

Н әрпі бар сөздерді суреттерімен сәйкестендіреді.