Иттің түрлерін білу, соның ішінде қазақ иттерінің түрлерін зерттеу
Ит — жеті қазынаның бірі
Үй жануары ит туралы біз не білеміз? «Итті жеті қазынаның бірі» деуінің мәні мені қызықтырды. Сондықтан ит туралы мәліметтерді жинап, жүйелеу қажеттігін түсіндім.
Жұмыстың мақсаты
Иттердің шығу тарихын, түрлерін, тіршілігін және мекен ортасын зерттей отырып, адамға тигізетін пайдасын анықтау.
Міндеттері
- Иттің шығу тарихын анықтау.
- Иттің түрлерін білу, соның ішінде қазақ иттерінің түрлерін зерттеу.
- Иттің атқаратын қызметі және күтімі туралы мәлімет жинау.
- Иттен келетін зияндар туралы ақпарат жинау.
Иттің шығу тарихы
Тегі мен қолға үйретілуі
Ит — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш жануар. Иттер шамамен б.з.б. 15–10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі.
Биологиялық ерекшеліктері
- Нағыз етқоректі жануар; тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны — азу тіс.
- Алдыңғы аяқтарында 5, артқы аяқтарында 4 башай болады.
- Есту, көру және иіс сезу қабілеттері өте жақсы дамыған; үйретуге бейім.
Көбеюі және дамуы
Жыныстық жетілу
Төбет: 10–12 ай
Қаншық: 7–8 ай
Ұйығуы
Жылына 1–2 рет
Буаздық мерзімі
58–65 күн
Өмір сүру ұзақтығы
Шамамен 10–12 жыл
Күшіктің алғашқы кезеңі
- Күшіктер соқыр, саңырау, тіссіз болып туады.
- Құлағы 5–8 күнде, көзі 10–14 күнде ашылады.
- Сүт тістері 20–30 күнде шыға бастайды.
Қоректенуі
Күшіктері енесін шамамен 1–1,5 ай емеді.
Қазіргі таңда дүние жүзінде иттердің 400-ге жуық тұқымы белгілі.
Иттердің түрлері
Қазіргі кезде иттер тұқымына және қызметтік бағытына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалы:
Негізгі топтар
- Шпицтәрізділер
- Терьерлер мен пинчерлер (соның ішінде доберман-пинчер)
- Тазы иттер мен овчаркалар
- Азия, Америка, Аустралия құрлықтарына тән тұқымдар
- Оңтүстік жарты шарға тән иттер
Танымал тұқымдар
Қазақтың ит түрлері және иттің тұрмыстағы орны
Қазақтардың итті ұстап-баптауы
Басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар да итті «арам жануар» деп қабылдағанымен, оны тұрмыс-тіршілікте көп пайдаланған. Көшпелі қазақ өмірінде иттің мәні ерекше: ол үйді, қора-қопсыны және мал-жанды қорғаған.
Иттің қойшы еңбегіндегі рөлі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағанда ит үріп, қойшыға белгі береді, сөйтіп малдың жыртқышқа жем болуына жол бермейді. Малшылардың айтуынша, қасқыр көргендегі үрген үні жай кездегі үруден өзгеше болады. Түнде ауыл ұйқыға кеткенде де иттер айналаны бақылап, күзет қызметін атқарады.
Иттердің саны (әдетте)
Қазақтардың көпшілігі бір иттен ұстайды. Ірі малшылар 10-ға дейін ит ұстауы мүмкін. Орташа есеппен алғанда, әр үйге 2 иттен келеді.
Құмай тазы
«Құмай тазы» — қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр. Әдетте 6 айынан бастап аңшылыққа үйретіп, 8–9 айында аңға қосады. Тазы аңшылыққа тез бейімделеді, табиғи аңшылық қасиеті жоғары.
Ерекше белгі
Халық түсінігінде құмай тазының өзіне тән «жаман иісі болмайды» деп айтылады.
Даму кезеңдері (жалпы итке тән)
- Ит 1,5–2 жасында толық жетіледі.
- Күшіктер туа салысымен көзі жұмулы, құлағы естімейтін болады.
- Шамамен 1 аптада құлақ тесіктері ашылып, 10 күннен кейін көзі ашылады.
- 1 ай шамасында сүт тістері шығады.
Баптау дәстүрі
Қазақтар күшікті жаңа бауырын көтерген кезінде асырап, үйге әкеліп, мәпелеуді бастайды. Итті баптауда тәртіп, күтім және жауапкершілік маңызды деп саналған.
Иттердің атқаратын қызметі
Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай шартты түрде 3 бағытқа біріктіруге болады: аңшы иттер, күзет иттері және декоративті (сәндік) иттер.
Бақташы иттер
Малды қайырып, топты басқаруға көмектеседі.
Күзет және шекара қызметі
Үйді, қораны, нысандарды күзетеді.
Із кесу
Есірткі және басқа да қауіпті заттарды іздеуде қолданылады.
Сәндік иттер
Үйде серік ретінде ұсталады.
Иттің күтімі
Тамақтандыру
Итті тәулігіне 1–2 рет, ал ауру немесе әлжуаз иттерді күніне 3 рет тамақтандырады. Көбіне сүйек-саяқ сорпасына пісірілген әртүрлі жармалардан жасалған тағамды суытып береді.
Сондай-ақ сәбіз, қырыққабат, қызылша сияқты көкөністерді шикідей не пісіріп, жемге қосуға болады. Сүт тағамдарын да беруге болады. Минералдық қорек ретінде сүйек-саяқ қосымша беріледі, ал қазіргі таңда дүкендерде сатылатын дайын ит тағамдарын да қолданады.
Ветеринарлық күтім
Итті жыл сайын оба және құтыру ауруларына қарсы ектіріп тұру қажет.
Тамақтандыру мен күтім мәселесінде мамандардың ақыл-кеңесін тыңдап, соған сай әрекет еткен дұрыс.
Иттен келетін зиян
Назар аударатын қауіптер
- Қолға үйретілген иттердегі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоз, трихофития және т.б.) адамға жұғуы мүмкін.
- Итті тұрақты түрде ветеринарға көрсетіп, уақтылы екпе салдыру қажет.
- Иесіз иттерден сақ болған жөн: олар дер кезінде егілмеуі мүмкін.
- Иттің қылшығы арқылы да инфекция жұғуы ықтимал; адам құтыру, қышыма, сіреспе сияқты ауруларға шалдығуы мүмкін.
Қорытынды
Осы зерттеу барысында иттің адамға тигізер пайдасының орасан зор екеніне көз жеткіздім. Сондықтан әр адам ит асырағанда оған қамқорлық жасап, жауапкершілікпен қарауы керек. Ит — жеті қазынаның бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақ энциклопедиясы
-
«Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы»
Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990. ISBN 5-89800-008-9
-
«Мақал-мәтелдер»
Алматы, 2002
-
«Тағылым»
Алматы, 1999
-
«Дүниетану»
Атамұра, 2003
-
«Жануарлар әлемі» энциклопедиясы
2008
-
«Төрт түлік мал»
Алматы кітап, 2001
-
«Дала мен қала» газеті
2008
-
Интернет ресурстары
Мәлімет
Білім беру ұйымы
Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернат КММ
Орындаған
3 «А» сынып оқушысы Сембай Ислам
Жетекшісі
Бастауыш сынып мұғалімі Искакова Г. Т.
Copyright MyCorp © 2011